Тобығыңыз ІСІП КЕТСЕ, бір мезгіл ЖАЛАҢАЯҚ жүріңіз

0
19 295

Тобығы ІСІП КЕТЕ беретіндер мынадай ЖАТТЫҒУларды жасауы керек.


Тобығыңыз ІСІП КЕТСЕ, бір мезгіл ЖАЛАҢАЯҚ жүріңіз

Биік өкшелі аяқкиіммен жүргенде аяғыңызды жиі қайырып аласыз ба?

Жаяу жүргеннен соң башпайларыңыздың ауырсынғаны сезіле ме?

Секірген кезде сіңіріңіз тартылып қала ма?


Бұл белгілер тобығыңыздың әлсіздігін көрсетеді. Ал әлсіздіктің соңы ауруға ұласуы мүмкін.


Көпшілік адамдар тобық ауырсынуына бей-жай қарап, аурудың бетін жақпа маймен қайтарғысы келеді. Рас, сол сәтте сүйек сырқырағанын тоқтатуы мүмкін. Бірақ, ол аурумен түбегейлі күреспейді. Аз уақыттан соң тобық өз «әуеніне» қайта басады. Мұндайда ең дұрысы жаттығу жасау. Аяққа жасалынатын арнайы жаттығулар арқылы тобықты қатайтып, аурудың алдын алуға болады.


Егер тобығыңызды жарақаттап алған болсаңыз, онда серуенге шыққан кезде ортопедиялық ұлтарағы бар қатты аяқ киім киіңіз. Ал жүгірген уақытта биік крассовка (баскетболдікі секілді) қолайлы. Тобыққа зақым тигізіп алудан абай болыңыз. Сондықтан алдымен жаттығудың оңай түрінен бастауға кеңес береміз. Бұл жаттығулар созылған буындарды қалыпқа келтіруге бағытталады.


1. Аяқтың ұшымен жүру – бала кезден жақсы таныс жаттығу. Өте оңай жаттығу, солай ғой? Ендеше, үй ішінде аяқтың ұшымен жүруді әдетке айналдырыңыз. Кейін оған өкшелеп, аяқтың бір ұшымен ішке және сырқа қарай жүруді қосыңыз. Үйге киюге арналған аяқ киімнен түбегейлі бас тартқан дұрыс. Егер аяғыңыз жаурайтын болса, спорттық қалың шұлық киюге болады.


2. Осы жаттығудың жалғасы іспетті тағы бір жаттығу бар. Резеңке таспамен (немесе дәріханада сатылатын резеңекелі бинт) табаныңызды орап байлауыңыз қажет. Ауырлықты табанға түсіріп, аяқтарыңызды екі жаққа қарай созыңыз. Аяқтарыңызбен резеңкені барынша тарта түсіңіз. Міне, аяқты осы қалыпта ұстауды күнделікті әдетіңізге айналдырыңыз, ауру сізден қашық жүреді.


3. Ал табанның ішкі жағын жаттықтыру үшін аяқты айқастыра ұстаңыз. Алдыңғы жаттығу секілді табанға күш сала отырып аяқты екі жаққа қарай тартсаңыз болғаны.


4. Резеңке таспаның бір ұшын тірекке, ал екінші ұшын аяғаңызға іліңіз. Резеңкені керіп, аяқты өзіңізге қарай тартыңыз. Осылай бірнеше рет қайталасаңыз жеткілікті.


5. Орындыққа немесе диванға жайланып отырыңыз. Аяқтарды еденнен көтеріп, өзіңізге қарай тартыңыз. Аздап көтерілген қалыпта ұстап тұрып, табанды алдымен ішке қарай, кейін сыртқа қарай айналдырыңыз. Жаттығуды 20 рет қайталасаңыз жеткілікті.


6. Кеңседе, бір орында тапжылмай отырып жұмыс жасайсыз ба? Онда уақытты босқа өткізбей, отырған жеріңізде жаттығу жасауға кірісіңіз. Су толтырылған бөтелкені аяқтың астына қойып, оны ары-бері жаймен тербетіңіз.


7. Егер аяғыңызда жарақат болмаса жіппен секіруге ден қойыңыз. Жіппен секіру – тобықты қатайтатын ең нәтижелі жаттығу. Тек тізені бүкпей секірген жөн.


8. Жаз маусымында жалаң аяқ жүруді жиілетіңіз. Әсіресе, құммен немесе майда тастардың үстімен жүріңіз. Оны орындау үшін міндетті түрде арнайы орын керек емес. Үйге кішігірім астау қойып, ішін өзен жағасында шашылып жататын ұсақ тастармен толтырсаңыз жетіп жатыр. Астаудың үстімен күделікті бір мезгіл жүрсеңіз болғаны. Осының өзі тобығыңызға айтарлықтай пайдасын тигізеді.


9. Тобықты қатайтып қана қоймай, майтабанды емдейтін жаттығуды да жасай жүріңіз. Еден үстіне ұсақ заттарды шашып тастаңыз. Мәселен, үйде кездесетін ұсақ түймелер, майда тастар, т.б. Кейін сол затарды башпайларыңызбен бір-бірлеп алып, стаканға немесе қорапқа салыңыз. Дәл осылай тік тұрып жасасаңыз, дене тепе-теңдігін сақтауды да үйренесіз.


10. Массажды кілемді де керемет көмекші деуге болады. Мұндай кілемдерде арнайы алтай қайыңының бөлшектері болады дейді мамандар. Кілемде жаттығу жасау арқылы мынадай нәтижеге жетуге болады:

  • тобықты қатайтады әрің майтабандылықтың алдын алады;
  • ішкі ағзалардың қызметін жақсартады;
  • лимфа мен қан айналымын жақсартады;
  • варикоздың алдын алуға көмектеседі;
  • аяқтың ісінуіне жол бермейді;
  • күйзелістен арылтып әрі көңіл-күйді көтереді.

суреттер: ашық дереккөздерден

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ.

Тағы да оқыңыз:

Балаларға арналған фитнес АСТМАНЫ емдеп, ОМЫРТҚА ауруын жазады

Фитнестің АЛТЫН ҚАҒИДАСЫН білесіз бе?