ТҮСІП КЕТКЕН көңіл-күйді жаттығу жасап КӨТЕРІП алуға болады

0
3 221

Оларды жасау арқылы жабырқау, күйзеліс, стресс дегендер Сізден жырақ болады.


ТҮСІП КЕТКЕН көңіл-күйді жаттығу жасап КӨТЕРІП алуға болады

фото: 4.bp.blogspot.com

Күйзелу, бойкүйездік – ХХІ ғасырдың кең таралған дерттерінің бірі. Әсіресе, қалалы жерлерде, алып мегаполистерде. Күйзеліске түсуге себеп көп, ал, арылу жолы санаулы ғана. Солардың бірі – күнделікті жаттығу жасау.

Арнайы фитнес-бағдарлама жаттығуларының көмегімен жүйкеге түскен салмақтан оңай арылуға болады. Бұл үшін оларды тұрақты түрде, уақытылы жасап тұрсаңыз болғаны. Негативті ойлар мен жағымсыз эмоциядан арылтатын күшіне аз өтпей-ақ куә боласыз.


Бірінші жаттығу екі аяқты иық деңгейіне қойып тік тұрыңыз. Ішке терең демалу барысында екі қолыңызды жоғары көтеріңіз. Содан соң екі жаққа қарай құшақ жайыңыз. Бұл уақытта қолмен қоса, дене де барынша созылуға тиіс. Тыныс шығару кезінде қолдарды түсіріп, қайта бастапқы қалыпқа келіңіз.


Екінші жаттығу тік тұрыңыз. Тыныс шығарғанда бір аяқпен алға қадам жасап, тізені бүгу арқылы артта қалған аяқ тізесін жерге тигізіңіз. Яғни, жартылай отырасыз. Бұл уақытта екі қолды бір қадам алға басқан аяқ тізесіне тіреуге болады. Тыныс алу кезінде бастапқы қалыпқа келіп, екінші аяқпен дәл осылай қайталайсыз.


Үшінші жаттығу – қолыңызды белге, екі аяқты иық деңгейіне қойып тік тұрыңыз. Тыныс алу кезінде кеудені оңға қарай бұрыңыз. Осы сәтте оң қолды артқа қарай созып, басты да солай қарай бұрасыз. Яғни, қолыңызбен арт жақты сермеп, басыңызды да артқа бұрған секілді қалып. Тынысты шығарғанда қайта бастапқы қалыпқа келіңіз. Жаттығуды солға қарай, сол қолды соза отырып қайталаңыз.


Төртінші жаттығу – бұл нағыз кардиожаттығу. Бір орында тұрып жүгіру не секіру жаттығуын жасайсыз. Бұл үшін секіргіш резеңкені қолдануға да болады.

Оқи отырыңыз:

Денені шынықтыру арқылы МИДЫ да жаттықтыруға болады

Қыз-келіншектерге қандай гүл сыйлаған дұрыс?


Бесінші жаттығу тік тұрып, қолдарыңызды екі жанға қарай созыңыз. Дәл екінші жаттығудағыдай бір аяқпен алға жартылай қадам жасап, екінші аяқпен тізерлеп жартылай отырасыз. Онымен қатар екі қолды алға созыңыз. Тыныс шығару кезінде бастапқы қалыпқа қайта келіңіз. Бастапқы қалыпқа оралу кезінде екі қолды сермеуді ұмытпаңыз.


Алтыншы жаттығу екі аяқты алшақтатып, иық деңгейіне қойып, тік тұрыңыз. Кеудені кішкене алға қарай еңкейтіп, қолдарыңызды барынша сілкілеңіз.


Жетінші жаттығу тік тұрған қалыпта сол аяқпен алға бір адым аттаңыз. Осы мезетте сол қолды жанға қарай, оң қолды алға қарай созыңыз. Бастапқы қалыпқа қайта келіңіз. Енді қадамды оң аяқпен жасайсыз. Сәйкесінше, оң қолды жанға, сол қолды алға созасыз.

Дәл осы қарапайым да оңай, көп уақыт пен күш жұмсауды қажет етпейтін жаттығу кешенін жасау арқылы жүйкеге түскен қысымнан тез-ақ арылуға болады. Әсіресе, тынымсыз жұмыс күнінің соңында жасаған аса пайдалы.

Дегенмен, күйзеліспен, көңіл-күйдің түсіңкі болуымен күресті кешенді түрде жүргізген дұрыс. Жоғарыда айтылған жаттығулармен қоса, дұрыс тамақтануды қолға алсаңыз, әсері еселене түседі. Бұл үшін күнделікті ас мәзіріне құрамында В дәрумені мол азық-түліктерді, әсіресе, жемістер мен көкөністерді көбірек қосуға тырысыңыз.


Ағзаңызды «тыңдаңыз», оның өтініш-тілегіне «құлақ асыңыз». Көбірек тынығып, жан қалауын да жиі орындап тұруға өзіңізге мүмкіндік беріңіз. Сонда ішкі әлеміңізді ешқандай күйзеліс те, көңілсіздік те баса алмайды.


Көктемнің келуіне немесе алдағы мерекеге орай өзіңіздің ғана емес, өзгелердің де көңілін көтергіңіз келе ме? Жаныңызда жүрген нәзік жандыға қандай сый ұсынарыңызды білмей жүрсіз бе? Ендеше, Сізге өте қажетті кеңесімізді мына жерден оқи аласыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ