ВАКУУМ - қарындағы МАЙДЫ кетіреді

0
2 963

Бұл ең оңай әрі тиімді әдіс


ВАКУУМ - қарындағы МАЙДЫ кетіреді

фото: Twitter

Артық салмақ – көптің көкейіндегі басты проблема. Бұрындары тек қыздар ғана бас ауыртатын еді. Бүгінде ер-азаматтарымыздан бөлек, жасөспірім қыз-жігіттер де артық салмақтан арылу үшін түрлі амал жасайды. Диета ұстайды, бассейнге барады, жүреді, жүгіреді. Бірі үдесінен шығып, тыңғылықты орындап, зор нәтижеге қол жеткізіп жүрсе, екіншісінікі нәтижесіз болуда. Ендеше, бәріңізге ыңғайлы әрі оңай жолын жасап көріңіз.

Кез келген бір аймақтағы артық салмақтан ғана арылу мүмкін емес, өйткені май денеге біркелкі тарайды. Десе де, іш пен бүйірдегі майдан арылып, салмақ жоғалту үшін мына жаттығуларды жасасаңыз болады.


Ішке арналған вакуум

Негізі, жіңішке бел мен сымдай тартылған іш сіз ойлағандай көп күш-жігерді қажет етпейді. Күрделі жаттығулармен өзіңізді шаршатудың қажеті жоқ! Ең қарапайым, бірақ іштің бұлшық еттерін қатайтып қана қоймай, ас қорытуды және дене қалпын жақсартатын өте тиімді жаттығу – вакуум. Бұл әдісті күніне небәрі 10 минут жасасаңыз, ішіңіз тартылып, сыптай болып шығасыз.


Іш қуысына арналған вакуумның артықшылықтары

  1. Вакуумның басты артықшылығы – ешқандай спорттық құрал-жабдықтарды және басқа да құрылғыларды қажет етпейді. Кез келген жерде жасай алатын қарапайым жаттығу.
  2. Тұрақты орындасаңыз аз күнде-ақ керемет нәтижеге қол жеткізесіз.
  3. Вакуум ішкі ағзаларға әсер етіп, оларды уқалайды, зат алмасуды тездетеді.
  4. Вакуум әдеттегі бұрылыстар кезінде өңделмеген терең көлденең бұлшықеттерді жаттықтырады.
  5. Бұл іш жаттығулары кезінде диафрагма белсендіріледі, ол сөзбе-сөз дұрыс тыныс алуды үйретеді.
  6. Жаттығу мүсініңізді мінсіз етеді.

фото: roliki-magazin.ru

Кімге вакуум жасауға болмайды?

Вакуумның барлық артықшылықтарымен бірге оның қарсы көрсеткіштері де бар. Бұл жаттығуды:

  • жүкті әйелдерге;
  • етеккір келген кезде;
  • жатырішілік спираль болғанда;
  • ас қорыту жолдарының аурулары;
  • жүрек патологиялары;
  • грыжа;
  • бассүйек ішілік қысымның жоғарылауы;
  • тамыр тромбозы;
  • іш қуысына оота жасағандарға болмайды.

Вакуум кезінде іште ауырсынуды немесе қатты ыңғайсыздықты сезінсеңіз, дәрігерге хабарласыңыз! Мүмкін бұл жаттығу сізге сәйкес келмейтін шығар.


Вакуумды қалай жасайды?

1. Тіке тұрыңыз. Аяғыңызды иығыңыздың тұсына қоясыз. Тізені аздап бүгіңіз. Арқаны түзу ұстап, асқазанды босаңсытасыз.

2. Тізені бүгіп, денені алға еңкейтіп, қолды белге қойңыз.

3. Мұрын арқылы бірнеше тыныш және терең тыныс алыңыз.

4. Енді мұрныңызбен терең тыныс алыңыз және құрсақ қуысының қабырғаларын омыртқаға қарай тарта отырып, «га» дыбысымен ауыз арқылы барлық ауаны сыртқа шығарыңыз.

5. Иекті кеудеге басыңыз, кеуде көтеріледі.

6. Ішіңізді қабырғалардың астында ұстап, тыныс алуды 15 секунд жалғастырасыз.

7. Ішіңізді босаңсытып, біркелкі дем алыңыз. Бірнеше секунд демалып алып, жаттығуды тағы да 3-5 рет қайталайсыз.

Есіңізде болсын: вакуумды тек аш қарынға немесе тамақтанғаннан кейін 3-4 сағаттан кейін орындау керек.

Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БЕТІҢІЗГЕ гимнастика жасасаңыз НЕ болатынын білесіз бе?


ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ арналған ФИТНЕС