Абай шахтасында жарылыс болды: 6 адам қаза тапты

0
1 258

ТЖМ мәліметінше, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.


Абай шахтасында жарылыс болды: 6 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz

"Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды әкім Facebook-те.

ТЖМ мәліметінше, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Төтенше жағдайды жоюға "КӘАҚҚ республикалық орталық штабы" ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 техника) күштері мен құралдары жұмылды.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия бара жатыр.