Ақтаулықтар аспандағы ерекше құбылысты видеоға түсірді

0
633

​Жергілікті тұрғындар шеңбер тәрізді табиғи құбылысты – жарық көзі айналасындағы екінші жарқылды байқады.


Ақтаулықтар аспандағы ерекше құбылысты видеоға түсірді

ERNUR.KZ. Ақтаулықтар әлеуметтік желіде аспандағы ерекше құбылыс – галоның (шеңбер) фото және видеосын жариялап жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан.




Ақтаулықтар әсерлі табиғат ғажайыбына куә болды.

Гало – бұл жарық көзінің айналасында екінші жарқылдың (шеңбер, сақина, доға түрінде) көрінуі. Ол әдетте Күн немесе Айдың айналасында, кейде көше шамдары сияқты басқа да күшті жарық көздерінің айналасында пайда болады. Галоның түрі көп.