Алматыдағы атыс: Күдікті екі айға қамауға алынды

0
706

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Игорь Дужновқа қатысты шешім шығарды.


Алматыдағы атыс: Күдікті екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматыда бес адамды атып өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Игорь Дужновқа қатысты шешім шығарды.

Күдікті екі айға қамауға алынды.

Еске салайық, 20 қыркүйек күні Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапты. Жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты.

Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды.

Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында 5 және екіншісінің артында 2 баласы қалды.

Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін .