Алматыдағы атыс: Үйден шығару туралы шешім 7 сәуірге шегерілді

0
1 347

Судья Дана Махметова талапкерлердің уәждерін тыңдады.


Алматыдағы атыс: Үйден шығару туралы шешім 7 сәуірге шегерілді

ERNUR.KZ. Алматы қалалық соты Алатау аудандық сотының күдікті Игорь Дужнов пен оның әйелі Анаида Демирчанды үйден шығару туралы шешімінің орындалуын кейінге қалдыру бойынша арызды қарады, деп жазады Stan.kz.

Судья Дана Махметова талапкерлердің уәждерін тыңдады.

"Қазіргі күні барлығы әрине, өзгеріп кеті. Біз кейінге қалдыруды сұраған талаптар кәмелетке толмаған балаларды үйден шығару болып қаралмады. Мен бірнеше рет сотқа жүгіндім. Сот қорғаншылық және қамқоршылық органдарын қатыстырмады, олар кәмелетке толмаған балалар мен мүгедек қарт ананың мүдделерін қорғай алмады. Тек менің, жұбайымның және үлкен қызымның ғана көзқарастары қорғалды", - деп мәлімдеді Анаид Демирчан.

Оның өкілі Артём Иванов сотта қазіргі уақытта қамқоршылық органдарының қатысы бар екенін айтты. Өтініш берушілер Алатау сотының үйден көшіруді кейінге қалдырудан бас тарту туралы шешімінің күшін жоюды сұрады.

"Демирчанның өтініші қанағаттандырылсын. Алатау аудандық сотының көшіру туралы шешімі кейінге қалдырылсын. Кейінге қалдыру уақыты 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін созылсын", - деп шешім шығарды судья.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Үйде әйелдер мен балалар болғандықтан күдіктіні арнайы жасақ қару қолданбай қолға түсірді.

"Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 1967 жылы туған ер азамат 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар Анаид Демирчан бұған дейін күйеуінің көгерген денесіне қатысты шағым түсірмекші болғаны жазылған.