"Рейдерлік схемамен тартып алады": Банк ЦентрКредит басшысының бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

0
744

​Алматыда атыс шығарған Игорь Дужнов бірнеше жыл бұрын "Банк ЦентрКредиттен" несие алып, үйін кепілге қойған.


фото: Stan.kz.

ERNUR.KZ. "Банк ЦентрКредиттің" төрағасы Ғалым Құсайыновтың бұрынғы әйелі Альмира Кальменова 5 адам көз жұмған қанды оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.

Алматыда атыс шығарған Игорь Дужнов бірнеше жыл бұрын "Банк ЦентрКредиттен" несие алып, үйін кепілге қойған. Несиені төлей алмаған соң, банк оның үйін сатып жіберген.

"Банк ЦентрКредит” басшысының бұрынғы жұбайы Альмира Кальменова Құсайыновтың біреудің мүлкін рейдерлік схемамен тартып ала алатынын мәлімдеді.

“Екі күн бұрын болған атыстан жазықсыз адамдар қаза болып, балалар әкесіз қалды. Оларға қайғыра көңіл айтамын. Осы трагедияға қатысы бар адамды, яғни, БЦК басшысы Ғалым Құсайыновты өте жақсы білгендіктен, ол тек бизнесте ғана емес, өз отбасында да біреудің мүлкін рейдерлік схемамен тартып алатынын нық сеніммен айта аламын. Бүгін ол менің анама жалған арыз көрсетіп, зейнеттегі ата-анамның бүкіл мүлкін тартып алды. Осылайша, заңды некеде тұрған кезде бірге сатып алған пәтерді тартып аламын деп, қорқытып жүр. Ал, ол үйде қазір оның екі кішкентай баласы тұрып жатыр", — дейді Кальменова.

Оған дейін әйел 14 маусым күні бұрынғы күйеуімен алимент үшін соттасып жатқанын да айтқан.

"Өткен аптада Медеу аудандық соты одан алимент өндіру туралы шешім шығарды. Бұрынғы күйеуім ақпан айынан бастап, балаларды толық менің асырауыма қалдырған болатын. Олардың тәрбиесіне де араласпайды. Ал, қаңтар айында Мальдив аралындағы демалыстың ақшасын алименттің орнына санатып жібермек болған, бұны жазудың өзі ұят", — деген әйел.

Алайда бұл ақпаратқа жауап берген Ғалым Хусаинов бұрынғы әйелінің жалған ақпарат жариялағанын мәлімдеді.

"Біздің өміріміздің егжей-тегжейін баяндамай-ақ қояйын. Ол жеке "аумағымыз". Бірақ мен Кальменованың мәлімдемесіне жауап беруге мәжбүрмін. Өйткені қоғамға таралып кетті. Балаларымызға зиян тигізуі мүмкін. Мен заңды түрде рәсімделген келісім бойынша балаларымның лайықты өмір сүруі үшін жеткілікті үлкен сомада алимент төлеймін. Өзіміздің тиісті келісімдеріміз бар. Мен балаларымды жақсы көремін және оларға қажеттінің бәрін істеймін", - деп жазды банк басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған.

Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.