Нұр-Сұлтан мен үш облыста дауылды ескерту жарияланды

0
851

23 наурызда астанада боран соғып, түнде және таңертең тұман болады.


Нұр-Сұлтан мен үш облыста дауылды ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан мен Қызылорда, Сотүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ертең 23 наурызда астанада боран соғып, түнде және таңертең тұман болады.

Сондай-ақ, 23 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 метр секунбд болады деп болжанды. Дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде қар, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 метр секунд болуы мүмкін. Петропавл қаласында түнде қар, жаяу бұрқасын болады деп болжанған. Дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз.

23-25 наурыз аралығында Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, таулы және солтүстік аудандарда екпіні 23-28 метр секунд болады деп күтіледі. Шымкент қаласында 23-25 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 метр секунд желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында 23-25 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 метр секунд желдің күшеюі болуы мүмкін. Дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз.