2021 жылы "Гауһар лигасының" бағдарламасына енген жарыс түрлері анықталды

0
1 165

Ерлер де, әйелдер де жеңіл атлетиканың 16 түрінен бақ сынайды.


2021 жылы

ERNUR.KZ. Халықаралық жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығы (World Athletics) 2021 жылы әйгілі «Гауһар лигасына» енген жарыс түрлерін жария етті деп жазады Olympic.kz.

Ерлер де, әйелдер де жеңіл атлетиканың 16 түрінен бақ сынайды.

Турнирдің 13 кезеңінде төрттен жетіге дейінгі аралықта бәсекелер өтеді. Үздіктер 8-9 қыркүйек күндері Цюрихте (Швейцария) өтетін финалда бақ сынап, жеңімпаздар жақұтқа ие болады.

2021 жылғы «Гауһар лигасында» ерлер мен әйелдер мынадай бағдарламалар бойынша жарысады: 100 м, 200 м, 400 м, 800 м, 1500 м, 3000/5000 метр, кедергілер арқылы 3000 метр, кедергілер арқылы 100/110 метр, кедергілер арқылы 400 метр, биіктікке секіру, сырықпен секіру, ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, ядро лақтыру, диск лақтыру, балға лақтыру.