​«5 ас қасық» диетасымен арықтағыңыз келе ме?

0
3 118

Ас қасықтың көмегімен қалай арықтауға болады? Тіпті, бұл әдісті пайдалансаңыз, үйде пісірілген барлық тағамды жей аласыз.


​«5 ас қасық» диетасымен арықтағыңыз келе ме?

Бірақ, бас тартатын нәрселер де бар. Мысалы, бұрынғыдай үлкен тәрелкеге толтырып тамақ жей алмайсыз. Сонымен қатар, тәтті тіскебасарлардан да бас тартуға тура келеді.

«5 ас қасық» диетасы кезінде түскі ас пен кешкі ас арасында немесе таңғы ас пен түскі ас арасында жеңіл-желпі тамақтануға жол жоқ. Себебі осылайша аз-аздан тамақтанудың өзі бұл ретте айтарлықтай рөл ойнайды.

Эндокринолог дәрігерлер мен диетологтар жеңіл-желпі тамақтанудың арықтауға кері әсер ететінін, тіпті, денсаулыққа зиянды екенін айтуда.


«5 ас қасық» диетасының "+" жақтары қандай?


  • Біріншіден, диета кезінде асханалық таразының, калькулятордың қажеті жоқ.
  • Екіншіден, жеке өзіңізге арнап тағам дайындамасаңыз да болады.
  • Диетаның шарты бойынша барлық тағам түрін жей беруге болады.
  • Диета кезінде қандай да бір азық-түліктен бас тартудың қажеті жоқ.
  • Алайда бұл барлық тағамды қалағаныңша жей бер керек деген сөз емес. Қатты жегіңіз келген тәтті немесе майлы тағам болса тек 1 ас қасық жеуге рұқсат.

Ал, диетаның шарты бойынша түскі, кешкі ас кезінде 5 ас қасық тамақ жеу жеткілікті. Осылайша сіз ешқандай тағамды тамақтану рационынан шығарып тастамай-ақ арықтай аласыз. Бұдан бөлек, тағы бірнеше шарттары да бар:

  • Әрбір тамақтану арасы 3-4 сағаттан кем болмауы керек. 3-4 сағаттан жиі тамақтануға да болмайды.
  • Тағамның 1/3 бөлігі ақуыздан тұрғаны дұрыс. Мысалы, ет, сүзбе, теңіз өнімдері, жұмыртқаны қосуға болады.
  • Пайдалы майларды да өз рационыңызға қосуды ұмытпаңыз. Өсімдік майы, жаңғақтар, асқабақ дәні, майлы балық. Тек бұл азықтарды шектеп жеген жөн.
  • Сонымен қатар, көмірсуларға бай ботқа, көкөністер мен жеміс-жидектерді де қосыңыз. Тәттілер мен пісірмелерді жегіңіз келсе 1 ас қасықтан асырмайсыз.
  • Тұздың көлемін 5 грамға дейін төмендетіп, ісінудің алдын алу керек.
  • Су ішуді ұмытпаймыз. Су артық салмақтан арылуға көмектеседі. 1 кг салмаққа 30 мл су ішесіз.
  • Осылайша «5 ас қасық» көмегімен 1 айда 5-10 кг салмақ тастауға қол жеткізесіз. Егер барлық шарттарды дұрыс орындап, диета ережесінен шықпасаңыз 15-20 кг салмақ жоғалтуға да болады. Барлығы да өзіңізге байланысты.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қарындағы майды 1 аптада кетіретін ДИЕТА


Арықтау үшін таңертең бөлмеңізге күн сәулесін түсіріңіз