​Арықтау үшін таңертең бөлмеңізге күн сәулесін түсіріңіз

0
2 751

Қарапайым әдеттер арықтауға көмектесе ме?


​Арықтау үшін таңертең бөлмеңізге күн сәулесін түсіріңіз

Әрине, кейбір әрекеттер сіздің таңыңызды жағымдылыққа толтырып, артық салмақтан арылуға септігін тигізуі мүмкін.

Әсіресе мына 5 әдет қалыпты салмақты ұстап тұруға жақсы көмектеседі:


Таңертең бөлмеңізге күн сәулесін түсіріңіз

Ғалымдар зерттей келе табиғи жарық таңертеңгі уақытта адамның көңіл күйін көтеріп, дене бітімді қалыпты ұстауға септігін тигізеді екен.

Сіз қанша жерден дұрыс тамақтанып, физикалық белсенділігіңізді арттырғаныңызбен, таңертеңгілік бөлмеге түскен күн сәулесінің әсерін бере алмайды екен. Зерттеуші ғалымдар осы ретте арықтағысы келетіндерге бұл әдетті күнделікті қайталауға кеңес береді.

Күн сәулесі қанша уақыт түсуі керек?

Күн сайын 20 минут күн сәулесінің шұғыласына «шомылуды» әдетке айналдырған дұрыс. Егер аулаға шығып, серуендейтін мүмкіндігіңіз болса, тіптен жақсы. Перделерді түріп, терезені ашыңыз. Таңғы таза ауамен тыныстаңыз!


Таңертең ақуызға бай тағам жеуге тырысыңыз

Сіз таңғы асқа не дайындайсыз? Егер сіз осы уақытқа дейін таңертең кофе мен бутерброд немесе басқа да калориясы көп тағамдарды тұтынған болсаңыз, енді сізге бәрін де өзгертетін кез келді.

Күннің бірінші жартысында ақуызға бай тағамды көбірек жейтін болсаңыз, қарын ашу, мазасыздану секілді жағдайларды ұмытасыз. Өйткені ақуыз қарынның тез ашуына жол бермейді. Сонымен қатар, екі тамақтану арасында ағзаға зиянды тағамдарды жеп қоюдың алдын аласыз. Сол себепті де таңғы асқа міндетті түрде ақуызға бай тағамды дайындағаныңыз абзал.

Не жеуге болады?

Жұмыртқа қосылған қарапайым омлет, көкөністер қосылған омлет, жеміс-жидектерден дайындалған құймақ, қайнатылған жұмыртқа немесе қуырылған жұмыртқа жесеңіз болады. Сондай-ақ, табиғи сүзбе, бұқтырылған балық, сұлы жармасынан дайындалған ботқа жеген де артықтық етпейді.


Жаттығу жасаңыз!

Зерттеулерге сүйенер болсақ, таңғы астан бұрын жасаған жаттығу артық майды жиыруға жақсы көмектеседі екен. Бірақ та ұйқыдан тұрған бойда жоғары белсенділікті қажет ететін жаттығуларды жасамаған дұрыс. Оның орнына жай қимылмен жаттығуды бастаған дұрыс. Сонда ағза энергияны май жасушаларынан алатын болады. Сізге таңертең 10-20 минут серуендеуге немесе йога жаттығуларын жасауға болады.


Күні бойы ішіп-жейтін тағамдарыңызды дайындаңыз!

Ертеңгі жейтін тағамдарыңызды бір күн бұрын жоспарлайтын болсаңыз, әр мезгілде жейтін асыңыз бен тіскебасарыңыз тек пайдалы тағамнан тұратын болады. Мұндай жағдайда көше бойында сатылып тұрған пирожки немесе самса, басқа да пайдасы аз тағамдарды жеп қоюыңыз ғажап емес. Осылайша бір күн бұрын дайындаған тағамдарыңызды өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпаңыз. Себебі жұмыс орнында, басқа да баратын жерлеріңізде түскі немесе кешкі ас дайын тұрмайды.


Күн сайын таразыға тартылыңыз!

Ғалымдар жасаған тағы бір зерттеуге 1000-нан аса адам қатысқан екен. Олардың таңертең міндеті түрде таразыға тартылғандары 12 айда айтарлықтай салмақ тастаған. Ал, аптасына бір рет таразыға түсіп, өз салмақтарын өлшегендер керісінше аз салмақ жоғалтқан екен. Тіпті, кейбірі мүлде салмақ тастамаған көрінеді.

Күн сайын таразыға түсу адамның өз рационына көңіл бөлуіне, майлы тағамдарды азайтуға септігін тигізеді дейді зерттеушілер. Алайда кейбіреулерге бұлайша таразыға тартылу пайдалы болмауы мүмкін. Себебі таразыға түскен сайын өз салмағының азайып жатқанын байқаған олар тіпті аз ғана тіскебасар жеу зиянды деп ойлайды. Осылайша зат алмасу жүйесінің жұмысы бұзылып, басқа да проблемалар туындап кетуі ғажап емес. Сол себепті де әрбір ісіңізге есеп беріп, қашанда дұрыс тамақтануға тырысыңыз.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Дене мүсініңіз үшін өте зиянды 5 сусын


40 келіге арықтаған диетолог ДТ торттар мәзірін ұсынады