7 күнде ЖАСАРЫП әрі СЕМІЗДІКТЕН арылуға болады

0
3 265

"Бір оқпен екі қоянды атқыңыз" келсе, дәл осы диетаны қолға алыңыз!


7 күнде ЖАСАРЫП әрі СЕМІЗДІКТЕН арылуға болады

Барлық әйелдер қауымы өзінің жас қалпын сақтап қалғысы келеді. Сонымен қатар, тартымды болуды да қалайды. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін диетологтар сіңуі қиын ауыр тағамдарды азайтқан дұрыс дейді. Ол үшін майлы, қуырылған тағамдарды, қант пен тұзды да біраз уақытқа ұмыта тұруға тура келеді. Оның орнын жеміс-жидектермен, майсыз ет, балық сияқты пайдалы тағамдармен алмастырған дұрыс.

Ендеше, алдымен пайдалы тағамдар тізімін ұсынамыз.

Тағы да оқыңыз: Кешкі сағат АЛТЫДАН кейін АЛМА жеуге болмайды


Арқан балық

Балықтың бұл түрі майлы қышқылдар мен басқа да пайдалы заттарға бай. Бұл заттар теріге жақсы әсер етіп, жас қалпын ұзақ сақтауға көмектеседі. Балық және басқа да теңіз өнімдерінде сіңімі тез А, В, Д дәрумендері мен ақуыз өте көп.


Жаңғақтар

Жаңғақ тардың құнарлылығы басымдау болғанымен оның құрамындағы ақуыздар да ағзаға тез сіңеді. Сондықтан да оны еттің орнына пайдалануға да болады.


Балғын жеміс-жидектер


Жеміс-жидектер дәрумендердің, микроэлементтердің қайнар көзі. Сонымен қатар, ағзаға өте қажетті әрі пайдалы жасұнықты да жемістерден табуға болады.


Бұршақ тұқымдастар

Эстроген гормонына бай бұршақ тұқымдастарды ас мәзіріне міндетті түрде қосыңыз. Өйткені дәл осы гормонның жеткіліксіздігінен әйелдер климакс кезінде ауырсынуды басынан өткізуі мүмкін.


Сүт өнімдері

Қышқыл сүт өнімдерінде сүйектің нығаюына, шаш пен тырнақтың, тістің мықты болуына айтарлықтай үлес қосатын кальций элементі бар. Сол себепті де сүт өнімдерін өз рационыңыздан шығармауға тырысыңыз.


7 күндік жасартатын диета


Дүйсенбі

Таңғы ас: кептірілген жемістер мен сұлы қосылған ботқа, банан немесе жүзім.

Түскі ас: бұқтырылған көкөністер және сәбіз бен зығыр майы мен сәбіз қосылған салат.

Кешкі ас: 1 стақан айран + 1 дана қызыл алма.

Күні бойы кептірілген жемістер, көк шай.


Сейсенбі

Таңғы ас: кептірілген жемістер мен сұлы қосылған ботқа, жаңғақ, балғын жидек.

Түскі ас: буға піскен балық, тұзсыз піскен азырақ күріш.

Кешкі ас: табиғи йогурт + жидектер.

Күні бойы кептірілген жемістер, асқабақ дәні, көк шай.


Сәрсенбі

Таңғы ас: сүзбе, жемістер қосылған йогурт, астық дақылдарынан (злаки) дайындалған нан.

Түскі ас: бұқтырылған үрмебұршақ.

Кешкі ас: 1 стақан айран + 1 дана алмұрт.

Күні бойы көк шай ішу керек.


Бейсенбі

Таңғы ас: Сұлы ботқасы, кептірілген жемістер.

Түскі ас: Қызанақ қосылған сорпа + дәнді-дақылдардан пісірілген нан.

Кешкі ас: 1 стақан жылы сүт.

Күні бойы жержаңғақ жеп, көк шай ішуге болады.


Жұма

Таңғы ас: зәтүн майы қосылған көкөніс салаты.

Түскі ас: Көкөніс сорпасы, бұқтырылған бір кесек майлы балық.

Кешкі ас: майсыз қаймақ қосылған сүзбе.

Күні бойы 2 дана алма, көк шай.


Сенбі

Таңғы ас: зәйтүн майы қосылған балғын сәбіз шырыны.

Түскі ас: Тауық еті мен 2-3 түрлі қырыққабат бұқтырмасы.

Кешкі ас: 1 стақан айран.

Күні бойы кептірілген жемістер, көк шай ішіңіз.


Жексенбі

Таңғы ас: кептірілген жемістер мен сұлы қосылған ботқа, жаңғақтар, йогурт.

Түскі ас: зәйтүн майымен араластырылған көкөніс салаты.

Кешкі ас: сүзбе + 1 дана қызыл алма.

Күні бойы лимон салынған көк шай ішуге болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Кешкі сағат АЛТЫДАН кейін АЛМА жеуге болмайды


БҰЛ тағамдарды жесеңіз, мүлде салмақ қоспайсыз!