​Кешкі сағат АЛТЫДАН кейін АЛМА жеуге болмайды

0
7 342

Кешкі сағат 18:00-ден кейін мына тағамдарды жемеген дұрыс.


​Кешкі сағат АЛТЫДАН кейін АЛМА жеуге болмайды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Пайдалы болғанына қарамастан әрбіріміздің тамақтану рационымыздан табылатын бұл тағамдардың ағзаға зиянды әсерлері де бар екен. Сол себепті де семіздіктен арылып, арықтауға қол жеткізгісі келіп жүрген әрбір қыз-келіншек мұны білгені абзал.


Сүзбе

Тағы да оқыңыз: Жеті келіге ЖЕҢІЛДЕГІҢІЗ келсе, ЖҰМЫРТҚА жеңіз!

Сүт өнімдеріне жататын сүзбе асқорыту жүйесіне жағымды әсер етеді. Бірақ оны тек күндізгі уақытта жеу ұсынылады. Түнге қарай желінген сүзбе тез қорытылмай, ішіңізді ауыртып, желдетуі де ғажап емес. Осындай жайсыздықты сезінбес үшін әрі суық тиіп жиі ауырып қалатын болсаңыз, сүзбені ұйқыға жатардан алдын мүлде жемеңіз. Сонымен қатар, сүзбе ағзада шырыштың пайда болуына үлес қосатынын да ұмытпауымыз керек. Тек майсыз түрін ұйқыға жатардан 2-3 сағат бұрын жеуге болады.


Күріш

Күріштің құрамында көмірсулар өте көп. Сондықтан да таңертең не түскі асқа желінген құнарлылығы басым күріш тағамы кешке дейін сіңуі мүмкін. Ал, ұйқыға жатардан бұрын жейтін болсаңыз, семіретініңіз сөзсіз. Өте аз күннің ішінде бірнеше килограмм салмақ қосып алатыныңызға күмәніңіз болмасын.


Алма

Тағы да оқыңыз: БҰЛ тағамдарды жесеңіз, мүлде салмақ қоспайсыз!

Алманың денсаулыққа пайдалы екенін көпшілік жақсы біледі. Алайда, оның құрамында қандай дәрумендер бар екенін, түнгі уақытта жеуге болмайтынын білеміз бе?

Оның құрамында пектин бар. Пектин ағзадан зиянды заттарды шығаруға жағымды әсер етіп, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады. Дегенмен, кешкі сағат алтыдан кейін алманы жемеген дұрыс. Себебі, асқазанға ауырлық түсіп, оның құрамындағы органикалық қышқылдар жайсыздық сыйлайды.


Тәттілер

Тәтті тағамдарды таңертеңгілік асқа қолданған дұрыс. Дәл осы уақытта ағза инсулин бөліп шығаратындықтан ол қантпен жақсы әрекеттеседі. Оның үстіне таңертеңгі құнарлы тағамды кешке дейін сіңіру де қиындық тудырмайды. Ал, кешкілік мезгілде тәттілерді жейтін болсаңыз, артық салмақ қосып, асқорыту жүйесі бұзылады. Соның әсерінен де ұйқыңыз тыныш болмай, таңертең төсектен шаршаңқы күйде тұрасыз.


Банан

Бананды таңғы уақытта жесеңіз, асқазанның қышқылдылығын төмендетіп, асқорыту жүйесінің жұмысын қалыпты ұстауға көмектесесіз. Ал, кешкілік мезгілде бұл жемісті жеген жағдайда тұмауратып ауырып қалуыңыз ғажап емес. Тәттілер секілді бананның да құнарлылығы басым болғандықтан семіздікке сеп болады деп айта аламыз. Сонымен қатар, бананды лажы барынша ашқарынға жемеуге тырысыңыз. Әйтпесе асқазандағы магнийдің көлемі артып, жұмысы бұзылуы әбден мүмкін.


Ет

Етті таңертеңгілік ас кезінде қолданған дұрыс. Себебі бір тілім ет жесеңіз де күні бойы энергияңыз сарқылмай, физикалық жағынан әлсіремейсіз. Бірақ кешкі тамаққа ақуызға бай етті тағамды жейтін болсаңыз, асқазаныңыз ауырлықты сезініп, түні бойы дөңбекшіп шығасыз. Асқазанның дұрыс жұмыс істемеуі артық салмақпен күресетіндер үшін ең маңызды дүние болуы керек.


Грек жаңғағы

Майлы әрі сіңуі жай грек жаңғағын жоғарыда аталған тағамдардың қатарына қосқаныңыз жөн. Грек жаңғағы миға өте пайдалы. Дегенмен, оны күндіз жеуді ғана ұсынамыз. Себебі, жаңғақтың қорытылуы баяу жүретіндіктен әрі құнарлы болғандықтан арықтағысы келетіндер үшін пайдалы дей алмаймыз.


Інжір

Күніңізді пайдалы әрі асқорыту жүйесіне жағымды әсер беретін інжірмен бастасаңыз еш қателеспейсіз. Керісінше кешкілік уақытта інжірді тамақтану мәзіріне қоспаған абзал. Себебі бұл өсімдік іштің желденуіне, асқазан жұмысының бұзылуына ықпал етеді.


Ірімшік


Ірімшік те құнарлы тағамдардың бірі. Қажетті мөлшерде ғана жеген жағдайда ірімшік артық салмақтан арылуға, асқазан жұмысын жақсартуға септігін тигізеді. Алайда, түнге қарай ірімшікті мүлде жемегеніңіз дұрыс. Өйткені ірімшік асқазанда жай қорытылып, салмағыңызға салмақ қосып алатыныңызға күмәніңіз болмасын. Сол себепті де әр тағамды жемес бұрын оның сіңімділігі мен құнарлылығына мән беріңіз. Семіздікке шалдықпаудың бірден-бір жолы да осы!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


БҰЛ тағамдарды жесеңіз, мүлде салмақ қоспайсыз!


Жеті келіге ЖЕҢІЛДЕГІҢІЗ келсе, ЖҰМЫРТҚА жеңіз!


БҮЙРЕГІ ауыратындарға НЕ ЖЕУГЕ болмайды?