​Арықтауды бастаған соң ТАСТАП КЕТПЕУГЕ көмектесетін керемет 4 ТЕХНИКА

0
3 589

Бірден қатаң диетадан бастауға болмайды.


​Арықтауды бастаған соң ТАСТАП КЕТПЕУГЕ көмектесетін керемет 4 ТЕХНИКА

Әр дүйсенбі «осы аптада арықтауды бастаймын» деп өз-өзіңізге сөз бересіз бе? Бірақ ол ойыңызды жүзеге асыра алмай қаласыз. Кейбіреулер дәл осылай диетаны бастамай жатып тастап үлгерсе, енді біреулер жаңа аптада диета ұстауды қолға алып, жаттығуды жасай бастайды. Алайда 2-3 күннен кейін семіздіктен арыламын деген құлшынысы басылып, алдына келген астан бас тарта алмай қалады. Міне, мұны диетаның үзілуі дейді. Дегенмен, бұл адамдар өз-өзін қолға алып, диета ұстады. Сәл ғана мотивация мен мына 4 техниканы ескерсе оларға емдәмді соңына дейін жеткізу қиын емес.


1. Диетаның кестесін жасаңыз

Диетологтар да ең алдымен тамақтану кестесін жасау керектігін ескертеді. Егер мұндай тізім жасамасаңыз, қай сағатта қандай тағам жеп, қандай сусын ішетініңізді жоспарламасаңыз, сізде үзілу міндетті түрде болады. Мысалы, кешкілік жұмыстан келгеннен кейін диеталық тағамыңыз дайын болмаса, сіздің үйдегі бар калориялы асқа бас қоятыныңыз анық. Мұндайда тағамның калориясын, зиянды-зиянды еместігін де ойланып жатпайсыз. Осылайша диета бұзылады.

Қазіргі таңда көптеген адамдар денсаулығына көңіл бөліп, дұрыс тамақтануды біршама түсініп те қалды. Кеңсеге үйде дайындалған тағамымен баратындар да көбейген. Бұл әрекетіңізге ешкім күле қарамайды.

Диета бұзылмас үшін күні бұрын ертеңгі тағамды дайындап қоюға кеңес береміз. Болмаса таңертең ұйқыдан 1 сағат ерте тұрсаңыз, тәулік бойы жейтініңізді дайындай аласыз. Ешқандай сылтау іздеудің қажеті жоқ. Денсаулығыңыз бен әдемі, сымбатты болуды ойласаңыз, дұрыс тамақтанудың қиындығы жоқ.


2. Дүкенге азық-түлік тізімі жазылмаған қағазсыз бармаңыз

Мұндай тізіммен дүкенге барсаңыз, біріншіден, сіз артық ақша жұмсамайсыз, екіншіден, артық салмақ қосудан аулақ боласыз.

Сол себепті де дүкенге тоқ қарынмен бару керек. Аш құрсақпен дүкенге кіретін болсаңыз, міндетті түрде жейтін бірдеңе сатып аларыңыз сөзсіз. Сондықтан да дүкенге азық-түлік тізімі жазылған қағазбен барған дұрыс. Тіпті, керек затыңызды көріп қалсаңыз да, бұрылып өте шығыңыз. Оны келесі жолы тізімге қоса жатарсыз. Өз-өзіңізді тәрбиелеп, артық зат сатып алмауға дағдыланыңыз. Сонда ғана семіріп кетудің алдын алуға мүмкіндігіңіз болады.


3. Бірден қатаң диета ұстауға болмайды

Артық салмақпен күресіп жүргендер осы бір қателікті үнемі жіберіп отырады. Күнделікті үйренген тамақтану тәртібінен шығып, бірден қатаң диета ұстауға кіріседі. Алайда ағза мұндай қаталдықты қабылдай алмайды. Дұрыс тамақтанудың жөні осы екен деп тек, қайнатылған тауық еті мен қарақұмық қана жеп отырмаңыз. Оны да түрлендіріп, өзіңізге ұнайтын тағамдармен толықтыруға болады.

Тәттіден бас тарта алмайтын жан болсаңыз, жеміс-жидектің сапалысын таңдап, пайдалы десерттер жасауды үйреніңіз.


4. Үйіңізді жаттығу жасауға ыңғайлаңыз!

Егер сіз әлі күнге дейін фитнес орталықтарына баруды әдетке айналдырмаған болсаңыз, онда үй жағдайында жаттығу жасауға болатынын ескеріңіз. Соған сәйкес жабдықтауға немесе кешкі серуенге шығуға болады. Мысалы, теледидардың алдына велотренажер қойып қойыңыз. Сонымен бірге теледидар орналастырған бөлменің ішін ұсақ-түйек спорттық тренажерлармен толтыруға болады. Теледидар көргенде қарап отырмай, әрбір тренажермен 1-2 минуттан жаттығу жасасаңыз да, әйтеуір бір пайдасы тиеді. Бұл да қолыңыздан келмесе тым болмаса көршілеріңізбен, құрбыларыңызбен келісіп кешкі серуенге шығуды әдетке айналдырыңыз.

Арманыңыздағы фигураға жеткенше шыдай тұрыңыз. Содан кейін аптасына 1 рет қалаған тәтті-десерттерді жеуге мүмкіндігіңіз болады. Себебі бұл уақытта зат алмасу жүйесінің жұмысы жақсарып, ішкі майлардан арылып үлгересіз. Ал, мұндай жағдайда қайта салмақ қосып аламын деп қорықпауға болады.

Ендеше іске сәт, семіздікпен күресті бүгіннен бастаңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қытай қыздарының АРЫҚ әрі СЫМБАТТЫ болуының сыры неде?


10 келіден арылтады: ШҰЖЫҚТЫ жақсы көретіндерге арналған 10 күндік диета