Бір күндік ас 1200 килокалориядан аспаса қанша келі салмақтан арылуға болады?

0
5 434

Арықтау үшін тағам мөлшерін азайтыңыз. Сонда ғана діттеген мақсатыңызға қол жеткізе аласыз.


Бір күндік ас 1200 килокалориядан аспаса қанша келі салмақтан арылуға болады?

Арықтағысы келетіндер тағам мөлшерін азайтуы керек. Онсыз ешкім де арықтауға қол жеткізе алмайды. Яғни, тағамның килокалориясына мән бересіз. Мұндай диеталар арқылы семіздіктен арылып, айына 15-20 келі салмақ жоғалтуға болады. Тіпті, шетелде 150 келіден 70 келіге дейін бір-ақ түскендерді де көріп жүрген боларсыздар. Дегенмен, «алмақтың да салмағы бар» дегендей, күнделікті майлы, қуырылған тағамдарды жеп үйренген адамдарға бұл диета ауырлау болуы мүмкін. Әйткенмен, сұлулық қашан да құрбандықты талап етеді.


Төменде 1200 ккал-дан тұратын диета мәзірін ұсынамыз.


Бір аптаға арналған диета

Дүйсенбі

Таңғы ас: Сүт қосылған сұлы ботқасы, 1 дана қайнатылған жұмыртқа.

2-ші таңғы ас: 1 дана алма.

Түскі ас: Қызанақ пен қияр қосылған салат және қайнатылған балық еті.

Бесін ас: Жеміс салаты.

Кешкі ас: Сүзбеден дайындалған пісірме және шөп шай.


Сейсенбі

3 дана жұмыртқадан дайындалған буға піскен омлет.

2-ші таңғы ас: майсыз сүзбе.

Түскі ас: Тауық етінен дайындалған сорпа, котлет пен көкөніс салаты.

Бесін ас: Грейпфрут.

Кешкі ас: тауық бауыры мен көкөніс салаты, 1 стақан кефир.

Суреттер ашық дереккөздерден алынды.


Сәрсенбі

Таңғы ас: Сүзбе мен кептірілген жемістер араласпасы.

2-ші таңғы ас: апельсин.

Түскі ас: тефтелимен сорпа, көкөніс салаты.

Бесін ас: ½ бөлік зефирмен шай.

Кешкі ас: Пешке пісірілген балық тұздығымен (соус), ряженка ішуге болады.


Бейсенбі

Таңғы ас: сүтке пісірілген қарақұмық ботқасы + жұмыртқа.

2-ші таңғы ас: йогурт.

Түскі ас: Көкөкніс сорпасы мен пешке піскен балық. Қырыққабат пен сәбізден дайындалған салат.

Бесін ас: алмұрт

Кешкі ас: Кептірілген өрік пен бал қосылған майсыз сүзбе.


Жұма

Таңғы ас: Тауық еті мен салат жапырағы, қырыққабаттан дайындалған бутерброд.

2-ші таңғы ас: алмұрт.

Түскі ас: Асбұршақ сорпасы, балықтан жасалған тефтели.

Бесін ас: ряженка.

Кешкі ас: Қарақұмық ботқасы, йогурт.


Сенбі

Таңғы ас:

Таңғы ас: Жүгері ботқасы мен омлет.

2-ші таңғы ас: ряженка.

Түскі ас: Қайнатылған балық сорпасы, буға піскен қырыққабат.

Бесін ас: 1 дана киви.

Кешкі ас: 2 жұмыртқаның ақ уызы мен көкөніс салаты, 1 стақан кефир.


Жексенбі

Таңғы ас: Суға қайнатылған сұлы ботқасы, йогурт немесе 1 стақан кефир.

2-ші таңғы ас: 1 дана киви

Түскі ас: Тауық етінен дайындалған котлет, көкөніс салаты.

Бесін ас: апельсин.

Кешкі ас: йогурт пен сүзбе пісірмесі (сырник).

Аударған: Қ.Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Экстремалды диета: 2 күнде 5 келі салмақ тастаңыз!


Сәуірде ТӘУІР болғыңыз келсе, итмұрын тұнбасымен АРЫҚТАУДЫ қолға алыңыз


Іштегі майды кетіретін №1 диета