​Сәуірде ТӘУІР болғыңыз келсе, итмұрын тұнбасымен АРЫҚТАУДЫ қолға алыңыз

0
7 373

Итмұрын арықтауға арналған құралдардың ішіндегі ең пайдалысы. Оның несеп айдайтын, артық сұйықтықты ағазадан шығаратын, бактерияға қарсы және семіздіктен арылтатын ерекше қасиеттері бар.


​Сәуірде ТӘУІР болғыңыз келсе, итмұрын тұнбасымен АРЫҚТАУДЫ қолға алыңыз

фото: heaclub.ru

Итмұрын адамның иммуниетін көтеріп, көктем мезгілінде әлсіздіктен сақтайды. Оның құрамында семіздіктен арылуға көмектесетін әрі зат алмасуды реттейтін пектин мен калий бар. Сонымен қатар, бұл жидек С, В тобындағы дәрумендерге бай. Сондай-ақ, ағзадан зиянды токсиндер мен шлактарды шығарады. Асқазан-ішек жұмыстарының нашарлауынан да адам бойында жиналған артық салмақты асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартып, несеп айдайтын қасиеті бар итмұрын арқылы арылуға болады.

Итмұрын - арықтауға арналған құралдардың ішіндегі ең пайдалысы. Оның несеп айдайтын, артық сұйықтықты ағазадан шығаратын, бактерияға қарсы және семіздіктен арылтатын ерекше қасиеттері бар. Арықтау үшін итмұрын шайын қалай әзірлеу керектігін білгіңіз келе ме? Ендеше, тұнба мәзіріне назар салыңыз!

фото: fitnessdietu.ru

1-әдіс: тұнба

Қажетті заттар:

2 литрлік термос

3 уыс итмұрын жидегі

Қайнаған су

Дайындалуы: Тазалап жуылған итмұрындарды термосқа салып, қайнаған суды құясыз. 7-8 сағат тұндырып қою қажет. Сосын дайын сусынды 100-150 мл-ден күні бойы ішесіз. Мұндай тұнба ағзаны сергітіп, арықтауға көмектеседі. Таңертеңгі уақытта итмұрын тұнбасына 1 шай қасық бал қосып ішкеннің пайдасы зор.

фото: itd3.mycdn.me

2-әдіс: қайнатпа

Арықтауға арналған қайнатпаны дайындау үшін 3 ас қасық итмұрын жидегін жарты литр суға салып қайнатасыз. 20 миунттай қайнаған соң итмұрынды езіп, 2 сағат тұндырасыз. Сосын қайнатпаны сүзіп, жарты стақаннан тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдайсыз.

Шайдың нәтижелі болғанын қаласаңыз, оны дер кезінде дайындаған дұрыс. Сонда итмұрынның барлық пайдалы заттары сақталып, құрамы өзгермейді.


Итмұрын диетасы

Итмұрын қайнатпасынан тұратын өте пайдалы емдәм арқылы бір айда 10 келіге дейін салмақ тастауға болады. Нәтижесі таңқаларлықтай!

Диетаны 10 күн бойы жалғастыру қажет. Ендеше бастайық!


1-күн

Рұқсат етілген тағамдар: жұмыртқа, сүзбе, майсыз тауық еті. 200 мл балғын итмұрын қайнатпасын ұйқыдан тұрғанда және ұйықтар алдында ішіңіз. Ал, тамақтанудан бұрын 150 мл ішкен дұрыс.


2-күн

Рұқсат етілген тағамдар: теңіз өнімдері, жасыл көкөністер – қияр, қырыққабат, салат жапырағы, аскөк. Арықтау үшін қайнатпаның 1,5 литрін күні бойы ішіп тауысыңыз.


3-күн

Рұқсат етілген тағамдар: майсыз тауық еті мен кефир. Сонымен қатар, 5 мезгіл 150 мл-ден итмұрын қайнатпасын ішесіз.


4-күн

Түрлі салаттар жеңіз. Бірақ ас мәзіріне картоп пен авокадо жемісін қосуға болмайды.


5-күн

Балықты буға, пешке пісіріп жеңіз. Қайнатуға да болады. Бұдан бөлек, итмұрын қайнатпасын ішуді ұмытпаңыз.


6-күн

Алма, ананас, өрік, қара өрік, қышқыл жемістер және басқа өзіңізге ұнайтын жемістердің бәрін жеуге болады. Бірақ итмұрын қайнатпасын 500 мл ішсеңіз жеткілікті.


7-күн

Бұл күні дәнді-дақылдардан дайындалған ботқаға арнайсыз. Күріш, сұлы ботқалары өте пайдалы. 1 литр итмұрын қайнатпасын ішу керек.


8-күн

Қышқыл сүт өнімдерінен тұратын ас мәзірін жасайсыз. Рұқсат етілген тағамдарға: сүзбе, кефир, майсыз қаймақ, сүт және итмұрын қайнатпасы кіреді.


9-күн

Бұл күнді магний сульфатымен тюбаж жасаумен өткізесіз. Сонымен қатар, күні бойы 2-2,5 литр емдік қайнатпаны ішу керек.


10-күн

Бірінші күнгі ас мәзірін қайталайсыз.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Дереккөз: sport-at-home.ru