БҰЛ тағамдарды жесеңіз, мүлде салмақ қоспайсыз!

0
3 638

​Бұл диета түрінде әрбір тағамға белгілі бір балл беріледі. Оның ішінде 0 балға тең азық-түліктер де бар. Міне, осындай тағамдарды жесеңіз, расында да салмағыңыз артпайды. Керісінше арықтайтын боласыз.


БҰЛ тағамдарды жесеңіз, мүлде салмақ қоспайсыз!

Заманауи диеталарға жататын 20, 40 балдық емдәм түрлерін естуіңіз бар ма? 40 балмен 7 күнде 4 келі салмақ тастай алатыныңызды білесіз бе? Егер, мұндай жаңалықтан хабарыңыз болмаса, егжей-тегжейлі түсіндіріп өтейік.


Балдық диета дегеніміз - ұзақ уақытқа созылатын, құнарлылығы төмен 40 күндік емдәмнің бірі. Осы уақыт ішінде 15-17 келі салмақ тастауға қол жеткізесіз. Диетаның аты айтып тұрғандай мұндағы әрбір 100 грамм тағам белгілі бір балдық көрсеткішпен өлшенеді. Бір күндік ас мәзірі 20-40 балдан аспауы қажет. Егер тағамның құнарлылығы 60 балға көтерілетін болса, салмақ қосып алуыңыз ғажап емес. Сол себепті де ережеден ауытқымауға тырысу керек.

Тамақтануға қойылатын талаптар:

  • Күніне жеңіл әрі жиі-жиі 4-5 рет тамақтану керек;
  • Майсыз әрі тым құнарлы тағамдарды ас мәзіріне қосуға болмайды. Егер өзіңізді бір еркелетіп алғыңыз келсе, шоколад жесеңіз болады. Алайда, оның балы жоғары екенін ұмытпауыңыз керек.
  • Таза су ішіңіз. Қант салынбаған шай мен кофе де жарайды;
  • Кешкі асты ұйқыға жатардан 4-5 сағат бұрын ішкен дұрыс. Сонда таңертең сергек оянып, асқазан-ішек жолдарындағы ауырлықты сезінбейтін боласыз.


Ұсынылатын тағамдар және балдық көрсеткіштері:

0 балл

Сусындар: шай, кофе, 20 мл газсыз минералды су

100 гр. қайнатылған балық, майсыз сиыр еті

1 балл

Қайнатылған шұжықша, 1 дана қайнатылған жұмыртқа,

1 ас қасық кетчуп

2 балл

1 дана орташа көлемдегі цитрусты жеміс, мәселен, апельсин.

3 балл

1 тілім нан, 1 дана авокадо, 1 ас қасық майсыз қаймақ, кілегей, майонез, құйрық май

4 балл

1 ас қасық бал немесе тосап, джем

5 балл

Тұздық қосылмаған 100 гр. көкөніс немесе жеміс салаты, сүзбеше, табиғи йогурт, ірімшік, қуырылған балық және ет

6 балл

Шұжық пен қақталған тағамдар

7 балл

1 котлет

8 балл

2 дана жұмыртқадан дайындалған омлет, 100 гр. қуырылған немесе пеште піскен гриль, 1 л қызанақ шырыны, 1 үлес (порция) көкөніс сорпасы

9 балл

100 гр. печенье, конфет немесе шоколад

10 балл

250 мл кез-келген балғын шырын, коктейль;

1 ас қасық өсімдік майы қосылған көкөніс салаты;

0,5 л майсыз сүт, айран немесе басқа сүт өнімдері

11 балл

Жеміс салаты

12 балл

1 шай қасық қант

13 балл

50 гр. өткір спиртті ішімдік

16 балл

Борш немесе ет қосылған көкөніс сорпасы

19 балл

Салма салынған пирожки

20 балл

Картоптан, асбұршақтан дайындалған гарнирлер

25 балл

100 гр. қуырылған картоп, макарон және торт

28 балл

Май қосылған бөлішке немесе тәтті нан, рогалик

35 балл

1 үлес (порция) асбұршақ сорпасы




20 балға арналған ас мәзірі

Таңғы ас: азырақ зәйтүн майы мен қызанақ қосылған омлет.

Екінші таңғы ас: 100 гр. қайнатылған тауықтың төс еті немесе жарты бөлік грейпфрут.

Түскі ас: Диеталық етпен дайындалған сорпа, қарын қосылған бұқтырылған көкөністер.

Кешкі ас: Бұқтырылған майсыз жарты бөлік балық. Аскөк, дәмдеуіштер, лимон шырынын қосуға болады.


40 балдық диета мәзірі

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 үлес қарақұмық ботқасы.

Екінші таңғы ас: 150-200 гр. майсыз сүзбе, 0,5 бөлік алма.

Түскі ас: Бұқтырылған бұзау еті мен көкөністер, ірі тартылған ұннан жасалған нан.

Бесін ас: 100 мл. үй йогуртын немесе басқа сүт өнімдеріне жарма салып, жидектер қосып жеуге болады.

Кешкі ас: пісірілген балық, аскөкпен, саумалдықпен немесе ақжелкенмен ұсынуға болады.


60 балға арналған мәзір

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 үлес қарақұмық ботқасы (150-200 гр.).

Екінші таңғы ас: 200 гр. майсыз сүзбе, 1 дана алма.

Түскі ас: Бұқтырылған көкөністер мен тауық еті, ірі тартылған ұннан жасалған екі тілім нан.

Кешкі ас: пісірілген балық, түрлі көкөністер, аскөктермен бірге жеуге болады.


Диетаның оң және теріс әсерлері қандай?

Ең алдымен жағымды әсерлерін санамалайық:

  • Арықтау оңай. Себебі бұл диетаны семіздіктен арылғысы келетін жанның бәрі ұстай алады.
  • Ешқандай шектеу жоқ. Тек дұрыс тамақтанып, тамақтану рационыңызға көкөністер мен жемістерді көптеп қоссаңыз болғаны.
  • Аталмыш емдәм иммунитетті көтеріп, өзіңізді жақсы сезінуге септігін тигізеді.
  • Диетаны ешқандай стрессіз, жайсыз сезімсіз ұстауға мүмкіндік бар.


Енді жағымсыз әсерлерімен бөлісейік:

  • Міндетті түрде әрбір тағамның балдық көрсеткішін есептеп отыру керек.
  • Әрбір адам тағамды шамадан тыс жеп қоюй мүмкін. Алайда, бұл диета олай етуге жол бермейді. Сонысымен де қиын.
  • Диета ұзақ уақытқа созылатындығымен де қиындық тудыруы ғажап емес.
  • Ақуызға бай тағамдарға аз бал қойылған. Сол себепті де мұндай тағамдардың балы аздау екен деп көп жеп қоюдан сақтану керек. Әйтпесе бүйрекке ауырлық түсетінін ескертеміз.


Диета ұстағандардың пікірі қандай?

Құпия жан: Балдық диета шынымен де өте нәтижелі. Бірақ та кейде әрбір тағамның балын есептеуді ұмытып кетуің мүмкін. Оның орнын толтыруға болады. Күнделік арнап, не ішіп жегеніңді жазып жүрсең ешқашан жаңылыспайсың. Сонымен қатар, барлық нәрсені жеу беруге болады. Тек балын есептеп отыруды ұмытпау керек. Сонда ойдағыдай нәтиже болады. Мен өзім дәл осы диетаны ұстанып 10 келі салмақ тастадым.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Жеті келіге ЖЕҢІЛДЕГІҢІЗ келсе, ЖҰМЫРТҚА жеңіз!

БҮЙРЕГІ ауыратындарға НЕ ЖЕУГЕ болмайды?

ҚЫСТА ұстауға болатын ЕҢ ТИІМДІ 5 диета