БҮЙРЕГІ ауыратындарға НЕ ЖЕУГЕ болмайды?

0
12 483

Ал қандай тағамды қорықпай жей беруге болады?


БҮЙРЕГІ ауыратындарға НЕ ЖЕУГЕ болмайды?

Бүйрек ауруы мазалағанда ең алдымен тамақтану рационыңызға мән беріңіз. Әсіресе тағам құрамында ақуыздың аз болғанын қадағалау керек. Себебі ауру бүйрек ақуызы мол асты ағзадан шығаруға қиналады. Бүйрекке ауырлық түспеу үшін қайнатылған жұмыртқа, бұқтырылған балық пен ет тағамдарын жеуді азайту керек. Ал, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде күніне 20-50 грамм ғана ақуыз қолдануға болады.

Бүйрек ауруы қатты мазаламаған жағдайда ақуызға бай тағамдарды әдеттегідей тамақтану рационыңызға қоса аласыз. Сонымен қатар, бүйрек жұмысын жақсартқыңыз келсе, аптасына 1-2 жеңілдетілген емдәм (разгрузочная диета) ұстаумен шектелген абзал.


Бүйрек ауруы кезінде жеңілдетілген диетаның қай түрін пайдаланған дұрыс?



Тағы да оқыңыз: Тартылған ет дәмді болу үшін етті дұрыс таңдау керек

Жеңілдетілген емдәм – 24 сағат бойы тек бір түрлі азық-түлікті жеу. Ал, бүйрек ауруы мазалағанда көбіне мынадай диеталар ұсынылады: көмірсулы жеңілдетілген диета (сұлы жармасынан, жемістерден), жидектерден тұратын диета, тек шырындарды ішуге болатын диета (әсіресе қияр шырыны). Бұл диеталардың көмегімен қан қысымы төмендеп, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі де төмендейді.

Көкөністер, жеміс-жидектерден құралған жеңілдетілген емдәмді ұстанғанда күні бойы 1,5 келісін ғана жеу керек. Сондай-ақ, бұл жеміс-жидектерді 5 уақытқа бөліп, сол уақыттарда ғана қабылдау керектігін ескертеміз. Көкөністерді қайнатып, бұқтырып, тіпті, шикілей де жеуге болады.

Тұзды тағамдарды мүлде жемеңіз


Ауру асқынған жағдайда тұзды тағамды жеуге тыйым салынады. Сонымен бірге құрамында тұзы бар тағамдар да тамақтану рационыңызда болмағаны жөн. Мысалы, қақталған, консервіленген, маринадталған тағамдар мен минералды сулар, какаоны айтуға болады. Нанның да тұзсыз пісірілген түрін сатып алуға тырысыңыз. Ал, бүйрек ауруларының жеңіл түрінде тағамға тұз қосуға рұқсат етіледі.

Тыйым салынбаған тағамдар:


  • тәттілер – бал, қант, тосап, джем.
  • Жармалар мен макарондарды шектеп жеу керек.
  • Майсыз балықтан да азырақ қосуға болады.
  • Көкөністер мен аскөкті тек балғын түрінде пайдалануға рұқсат (қызылша, картоп, қияр, қызанақ, гүлді қырыққабат, сәбіз, салат жапырағы, ақжелкен, аскөк).
  • Ірі тартылған ұннан жасалған тұзсыз ақ нан.
  • Сусындар – шай, сүт қатылған шай, итмұрын қайнатпасы, қара қарақат шырыны, басқа да көкөністер мен жеміс-жидектердің шырындары.
  • Алғашқы екі аптада тауық етін жеу ұсынылмайды. Тек осы уақыт өткеннен кейін аз-аздан қайнатылған түрін тағамға қосуға болады.
  • Күніне 1-2 дана жұмыртқа жеу керек.
  • Сүт және сүт өнімдері де осы санаттағы тағамдарға кіреді.


Тыйым салынған тағамдар:


  • Бұршақ тұқымдастар, пияз, сарымсақ, саңырауқұлақ, қымыздық;
  • Натрий қосылған минералды су;
  • Тұзды және тұз қосылған тағамдар;
  • Шоколад, қою кофе, какао;
  • Консервіленген тіскебасарлар;
  • Ет, балық, саңырауқұлақ сорпалары;
  • Шұжықтар, балық пен ет консервілері, ірімшіктер;
  • Алкогольді ішімдіктер;
  • Қара нан;
  • Майлы ет, балық, құс еттері.


7 күндік диета

Бүйрек аурулары мазалағанда тағамға аса мән беріп, диета ұстаған дұрыс. Ендеше әл осылай қиналып жүрген болсаңыз, мына мәзірлерге тоқталғаныңыз жөн.

1-күн

Таңғы ас: майсыз сүтке піскен күріш ботқасы, мейіз қосылған майсыз сүзбе, бал қосылған бір шыны шай.

Екінші таңғы ас: итмұрын қайнатпасы, сүзбе.

Түскі ас: көкөніс сорпасы, 200 гр. қайнатылған майсыз ет, 200 мл. нәрсу (компот).

Кешкі ас: балық етінен дайындалған буға піскен котлет, макарон қосылған сүзбелі пісірме, 200 мл. майсыз сүт.

Екінші кешкі ас: 200 мл майсыз айран.


2-күн

Таңғы ас: сүтке піскен қарақұмық ботқасы, сәбізден жасалған котлет, бал салынған шай.

Екінші таңғы ас: қайнатылған балық және картоп езбесі.

Түскі ас: 1 кесе борщ, қайнатылған майсыз ет, алма нәрсуы.

Кешкі ас: ет қосылған пісірме, бір өлшем тәтті сүзбе, сүт қатылған бір шыны шай.

Екінші кешкі ас: 200 мл. үй айраны.

3-күн

Таңғы ас: винегрет салаты, қайнатылған балық, қаймақ қосылған сүзбе, 200 мл. көкөніс немесе жеміс шырыны.

Екінші таңғы ас: сүзбе қосылған пісірме.

Түскі ас: сүтке піскен кеспе көже, қайнатылған күріш пен бұзау еті, 200 мл. шие нәрсуы (компот).

Кешкі ас: картоп пісірмесі, жеміс-жидектер қосылған сұлы ботқасы.

Екінші кешкі ас: 200 мл үй айраны.


4-күн

Таңғы ас: майсыз сүтке піскен күріш ботқасы, мейіз қосылған сүзбеше, бір шыны шай.

Екінші таңғы ас: сүзбе қосылған пісірме.

Түскі ас: көкөніс сорпасы, 200 гр. қайнатылған майсыз ет қарақұмық ботқасымен, 200 мл. алмадан жасалған нәрсу.

Кешкі ас: балық етінен дайындалған буға піскен котлет, 200 мл. майсыз сүт.

Екінші кешкі ас: 200 мл айран.


5-күн

Таңғы ас: қайнатылған күріш пен көкөністер, қаймақ қосылған сүзбе, жеміс шырыны немесе нәрсуы.

Екінші таңғы ас: сүзбе, қант қосылған айран.

Түскі ас: 1 кесек тауық еті қосылған көкөніс сорпасы, 200 мл. алмадан дайындалған нәрсу.

Кешкі ас: күріш пен сүзбе қосылған пісірме, итмұрын қайнатпасы.

Екінші кешкі ас: 100 гр. кептірілген жемістер.


6-күн

Таңғы ас: майсыз сүтке піскен қарақұмық ботқасы, қайнатылған қызылша, итмұрын қайнатпасы.

Екінші таңғы ас: картоп езбесі мен қайнатылған балық.

Түскі ас: көкөніс сорпасы, 200 гр. қайнатылған майсыз ет, жеміс шырыны.

Кешкі ас: ет қосылған пісірме, бал салынған бір шыны шай.

Екінші кешкі ас: 1 стақан айран.


7-күн

Таңғы ас: ұнтақ жармасынан дайындалған ботқа, бір шыны шай.

Екінші таңғы ас: винегрет салаты, жемістер қосылған сұлы ботқасы, бір шыны сүт.

Түскі ас: картоп сорпасы, 1 кесек қайнатылған бұзау еті, жемістерден дайындалған кисель.

Кешкі ас: сүзбе қосылған пісірме, алма құймағы, нәрсу.

Екінші кешкі ас: 200 мл майсыз айран.

Бұл диетаны дәрігерлер мен диетологтар әр адамның бүйрек жұмысына қарай өзгерте алады. Себебі аурудың түрі де, себептері де көп екені баршаға белгілі. Сондықтан да ауруды асқындырмай дер кезінде дәрігер қабылдауында болып, емдәмді қолға алыңыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Тартылған еттің өте дәмді болғанын қаласаңыз, мына 5 әдісті жасап көріңіз


"Люля-Кебаб" пісіре аласыз ба? Оп-оңай 3 тәсілі бар


«АЛҒАШҚЫ ҚАР» торты - қыста дастарханыңыздың көркін ашады