​Диеталық ПИЦЦАЛАР мәзірі

0
3 466

Пицца, пицца, пицца...


​Диеталық ПИЦЦАЛАР мәзірі

Көптеген қыз-келіншектер диета кезінде түрлі тағамдар жеуге болмайды деп ойлайды. Алайда өте дәмді әрі құнары төмен тағамдар баршылық. Солардың бірі – диеталық пицца. Ең бастысы пиццаға қосылатын қоспаларды дұрыс таңдай білсеңіз болғаны.


Ананас қосылған өте ерекше ПИЦЦА

Қажетті өнімдер:

  • 1 дана жұмыртқа
  • 45 гр. кефир
  • 40 гр. сұлы ұны немесе ұнтақталған сұлы
  • Дәміне қарай тұз және 1 шай қасық қамырқопсытқыш
  • 50 гр. консервіленген ананас
  • 50 гр. тауық еті
  • 1 ас қасық табиғи йогурт
  • 1 шай қасық соя соусы
  • 30 гр. қатты ірімшік.

Дайындалу тәсілі:

  1. Табаққа айранды құйып, жұмыртқаны, тұз бен қамырқопсытқышты салып, араластырамыз.
  2. Осы араласпаға сұлы ұнын салып, барлығын жақсылап араластыру керек. 10-15 минут араластырған дұрыс. Сосын осы қамырдан майсыз табаға құйып, пісіріп аламыз.
  3. Құймақ піскенше тауық етін майдалап турап, табаға салып, майсыз қуырамыз.
  4. Құймақтың бетіне табиғи йогуртты жағып, тауық етін жайып саламыз.
  5. Туралған ананастарды да еттің бетіне салу керек. Ірімшікті ең бетіне себелеп, қыздырылған пешке салып, 5-10 минуттай пісіреміз.


Сұлы жармасынан дайындалған пицца


Қажетті өнімдер:

  • Жарты стақан сұлы жармасы
  • 2 дана жұмыртқа
  • Қызанақ
  • 6 дана саңырауқұлақ
  • Дәмдеуіштер.

Дайындалу тәсілі:

  1. Сұлы жармасын жұмыртқамен араласттырып, тұз, бұрыш қосамыз. Сосын осы араласпаны қызып тұрған табаға құйып, бетін тегістейміз.
  2. Осы құймақтың бетіне туралған саңырауқұлақ пен қызанақты жайғастырып, дәмдеуіштерді себелейміз.
  3. Табаның қақпағын жауып, пицца дайын болғанша жай отта ұстаймыз.
  4. Сонда пиццамыз да дайын болады.


«Маргарита» пиццасы


Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. ұн
  • 1 шай қасық ашытқы
  • 1 шай қасық зәйтүн майы
  • 100 мл кетчуп
  • 125 гр. моцарелла
  • 5 дана черри қызанағы
  • Қалауыңызша сарымсақ қоссаңыз болады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ұн мен ашытқыны араластырып, дәмдеуіштер мен 200 мл су, зәйтүн майын құямыз. Бірнеше минут бойы араластырып тұру керек.
  2. Енді бір ыдысқа кетчупты, сарымсақ пен тұзды салып араластырамыз.
  3. Қамырды жайып, бетіне кетчуп араласпасын жағамыз. Оның бетіне моцарелланы жайып саламыз.
  4. Осылайша дайындалған пиццаны 10 минут бойы 240 градусқа қыздырылған пеште пісіреміз.


Гүлді қырыққабаттан дайындалған пицца


Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. гүлді қырыққабат
  • 30 гр. пармезан ірімшігі
  • 2 қасық томат
  • 90 гр. моцарелла ірімшігі
  • 100 гр. тауық еті.

Дайындалу тәсілі:

  1. Гүлді қырыққабатты блендерге салып, майдалаймыз. Содан соң қырыққабаттың сөлін сығып алып, ірімшікпен араластыру керек.
  2. Тұз қосуды ұмытпаймыз. Осы араласпаны табаға құйып, 190 градусқа қыздырылған пеште 20 минут пісіреміз.
  3. Осы уақыт өткеннен кейін піскен гүлді қырыққабаттың бетіне көкөністер мен ірімшікті, тауық етін қойып шығып, 10 минуттай пеште ұстаймыз. Осы уақыт аралығында пицца да дайын болады.


Қатпарлы қамырдан дайындалған ПИЦЦА


Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. дайын қамыр
  • Томат
  • 300 гр. тауық еті
  • 4 дана қызанақ
  • 10 дана зәйтүн
  • 150 гр. қатты ірімшік.

Дайындалу тәсілі:

  1. Көкөністерді, зәйтү мен тауық етін тураймыз. Ірімшікті үккіштен өткіземіз.
  2. Дайын қамырды жайып, төртбұрышты етіп кесеміз. Сосын осы қамырларды противень табаға салып, бетіне соус жағамыз. Кейіннен туралған көкөністерді, зәйтүн мен тауық етін жайып салып, бетіне ірімшікті себелеп, пешке салып пісіріп ала береміз. Пиццамыз 25 минутта дайын болады.


Күріш ұны қосылған пицца


Қажетті өнімдер:

  • 140 гр. күріш ұны
  • 70 гр. қайнаған су
  • 2 ас қасық өсімдік майы
  • 80 гр. қаймақ
  • Томат тұздығы
  • 200 гр. тауықтың төс еті
  • Пияз бен қатты ірімшік.

Дайындалу тәсілі:

  1. Қайнатылған тауық еті мен көкөністерді турап аламыз. Ірімшікті үккіштен өткізу керек.
  2. Пиццаның қамырын илеп, 20 минут июін қандырамыз. Осы уақыт өткеннен кейін қамырды жайып, табаға саламыз. 180 градусқа қыздырылған пеште 5 минуттай пісіреміз.
  3. Сосын осы қамырдың бетіне қаймақты, томатты жағып, туралғандарды жайып саламыз. Дайын пиццаны 15 минут бойы 180 градусқа қыздырылған пеште ұстаймыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Иммунитетті әлсіретіп, арықтауға кері әсерін тигізетін 6 ДИЕТА


Ұйықтап жатып та арықтауға болатынын білесіз бе?


Арықтау үшін кептірілген нанның қай түрін жеу керек?