ДҰРЫС АРЫҚТАУ: 6 АЙДА салмағыңыздың 10 пайызын ТАСТАСАҢЫЗ ЖЕТЕДІ

0
1 111

​АРЫҚТАУ ҮШІН сізге МЫНА 7 СЕНІМ қажет.


ДҰРЫС АРЫҚТАУ: 6 АЙДА салмағыңыздың 10 пайызын ТАСТАСАҢЫЗ ЖЕТЕДІ

Арықтау мәселесінде адамға керегі ең алдымен мотивация екені даусыз.

Мотивация деген не?

Ол қандай жағдай болмасын артық салмақпен күресуді жалғастыруға көмектесетін күш-жігер беруші іс-әрекет. Осындай іс-әрекеттерді жасау арқылы Сіз арықтауға қол жеткізіп, сымбатыңызды бір қалыпты ұстап тұра аласыз. Ендеше мотивацияны қайдан алуға болатынына тоқталып өтейік.


Өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз

Ең алдымен не үшін немесе кім үшін арықтағыңыз келеді осы жайында ойланыңыз. Сонымен бірге қандай фигураны армандайсыз және ол сіздің көңіл-күйіңізге, айналаңыздағыларға қалай әсер етеді деп те ойланып көріңіз. Сондай-ақ, дұрыс тамақтануды бұзып алсам не болады, оның зияны кімге тиеді секілді сұрақтар да үнемі ойыңызда жүруі керек.

Ал тәтті торт немесе тәтті күлше жеуден бұрын «осы тәттіні жесем мен тезірек мақсатыма жетем бе?» деп өз-өзіңізден сұраңыз.

Бұл тәттіні жеудің орнына орныңыздан тұрып, тыныс алу жаттығуларын жасап, бір сергіп алған жөн. Тіпті, көңіліңізді басқа жаққа бұру үшін есік алдына шығып таза ауа жұтып қайтсаңыз да болады.


Өзіңізден көп нәрсені талап етпеңіз

Ең дұрысы 6 ай ішінде өз салмағыңыздың 10 пайызынан арылсаңыз жеткілікті. Бұдан көбірек салмақ тастау денсаулығыңызға зиянды болуы мүмкін. Сондықтан да аз-аздан әрі нәтижелі жұмыс істеген дұрыс.


Дұрыс қадам жасай біліңіз

Көп қыз-келіншектер арықтаудың жөні осы екен деп дүйсенбі күннен бастап қатал диетаға отырып, бірден қиын жаттығуларды жасай бастайды. Диетологтар мұндай бастаманы қолдамайды. Оның орнына дұрыс жоспар құрып, өзіңізге ұнайтын жаттығуларды жасау арқылы арықтауға тырысыңыз. Денеге қатты ауырлық түсірудің қажеті жоқ.


Қарыздан құтылыңыз

Егер сіз бар жан-тәніңізбен арықтауды қалайтын болсаңыз, өмірдің кез келген жағдайында тура жүруді үйреніңіз. Мәселен, қарызды уақытылы төлеп, берген уәдені дер кезінде орындап, отбасы мүшелерімен, достармен, әріптестермен қарым-қатынасты жақсартудан бастаңыз. Сонымен қатар, үй тазалығы мен киімдердің жинақы тұруы да арықтау кезіндегі жоспардың тезірек орындалу жолында атқарылатын тірліктер екенін ұмытпаңыз.


Фигурасы келіскен, сымбатты жандармен қарым-қатынаста болыңыз

Алайда осындай құрбыларыңызға қызғанышпен қарамаңыз. Себебі мұндай ой өз-өзіңізге деген сенімділікті жоғалтады. Дегенмен, осындай ойдан арылу қиындық тудырып жатса, өзіңіздің жас күніңіздегі, әсіресе сымбатыңыз сымдай тартылған шақтағы суреттеріңізді бір қарап шықсаңыз болады. Сонда сіз арықтау мүмкін екенін мойындап, жоспар бойынша артық салмақтан арылуды жалғастыра аласыз.


Жеткен жетістігіңіз үшін сыйлық алыңыз

Кішкентай ғана нәтиже көрсетсеңіз де өз-өзіңізді мақтаудан, мадақтаудан, марапаттаудан шаршамаңыз. Салмақ тастағаныңыз үшін емес, жоспарды дұрыс, қатесіз орындағаныңыз үшін марапат алыңыз. Мысалы, бір ай бойы жаттығуды уақытылы жасаған болсаңыз, ай соңында спорттық үлгідегі крассовки сатып алсааңыз болады немесе өте әдемі соңғы үлгідегі кофта алғанның да артықтығы жоқ. Бұдан бөлек, ерекше тағам жеуді қаласаңыз, дұрыс тамақтануды бұзбайтын тек пайдалы қоспалардан дайындалған бір тәтті немесе тағамнан дәм ауыз тиіңіз.


Осы шақпен өмір сүріңіз

Өзіңізді өте сымбатты, арманына жеткен адам деп елестетіп, дәл солай өмір сүріңіз. Ешқандай кедергілерге, орындалмаған уәделерге қарамастан өзіңізді жақсы көріңіз. Жоспардың бұзылған жерін алдағы уақытта қалыпқа келтіремін деп іштей сөз беріп, өзіңізді жазаламай керісінше марапаттаңыз. Мұндай тоифацияға толы өмір сізді арманыңызға жетелейтіні сөзсіз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтау мәселесінде ДИЕТОЛОГТАР АЙТПАЙТЫН 7 ҚҰПИЯ