Арықтаудың жайын диетологтар жақсы біледі. Бірақ та олар көп нәрсені айта бермейтін көрінеді. Бүгін біз осындай сырлардың біразын ашатын боламыз.
Таңғы асқа жұмыртқа жеңіз
Неліктен жұмыртқа жеуге кеңес береді? Себебі жұмыртқа ұзақ уақытқа дейін қарынның ашуына жол бермей, түске дейін тоқ жүруге септігін тигізеді. Жұмыртқаның сары уызы қарынның тоқтығын білдіретін лептин гормонын көбейтетінін де еске сала кетейік. Яғни, жұмыртқа жеу арқылы сіздің қарныңыз бұрынғыдай 1-2 сағатта ашпайтын болады. Сонымен бірге қабылдаған калорияларды кешке дейін энергиямен шығарып тастайсыз. Сондықтан да диетологтар таңғы асқа жұмыртқа жеуге кеңес береді.
Ащы шоколад
Шоколадты сүйіп жемейтін жан жоқ шығар. Дегенммен арықтағысы келетіндер шоколадтың ащы түрін таңдауы керек екен. Яғни, құрамында какаосы басым шоколад зат алмасуды жақсартып, қартаюды бәсеңдететін қасиетке ие. Сондай-ақ, какао ұнтағы арықтауға да септігін тигізетінін жасырмайды. Дүкендерде какаосы басым шоколадтар сатылады. Бұл әрі пайдалы, әрі дәмді тіскебасар болмақ.
Экспресс-диеталардан қорықпаңыз
Тез арықтаудың да пайдасы бар екен. Соңғы 20 жылда адамзаттың санасына жылдам арықтау зиян деген қағида жазылып қалды. Алайда, бұл қате түсінік болып шыққандай. Флорида штатының ғалымдары 262 екі әйелдің қатысуымен зерттеу жасаған болатын. Зерттеу нәтижесінде салмақты тез тастау арқылы, ары қарай бірқалыпты ұстап қалу да жеңіл болады деген тоқтамға келген.
Сонымен қатар, арықтауды қолға алсаңыз, бірінші диетадан бастаңыз. Сосын диетамен бірге түрлі жаттығулар жасап, нагрузканы күшейте бересіз. Ең алдымен диета ұстау арқылы 5 келідей салмақ тастап, содан соң спортзалға барсаңыз, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізеріңіз анық.
Аздаған қимылдың өзі майлардың жиырылуына көмектеседі
Кейбір адамдар бар мүлде семірмейтін. Олардың өздерінің көп қимылдайтынына мән бере бермейді. Тіпті, сөйлеген кездің өзінде мұндай жандар қолдарын қимылдатып, аяғымен жер шұқып дегендей аздаған қимыл болса да жасап тұрады. Сөйтіп өздерін қанша тамақ жесек те семірмейміз деп ойлайды. Айналасындағылар да оларға солай баға береді. Шындығында олар көп қимылдайтын адамдар. Себебі, әңгімелескен кезде қолды сілтеп сөйлесу немесе шашын сипалап тұруы және т.б. қимыл-қозғалыстар 350 калорияға дейін жояды екен. Сондықтан да бір орында тыныш тұра алмаудың осындай пайдасы бар көрінеді.
Көп күлген де пайдалы
Адам күлген уақытта оның барлық дерлік бұлшықетіне күш түсіп, осы уақытта калория жойылады екен. Мәселен, 2 сағат комедиялық жанрда түсірілген фильм көріп, күлкіге қарық болатын болсаңыз, жарты сағатта фитнес орталығында қанша калория жоғалтсаңыз, күлгенде де сол каолрия кетеді дейді зерттеушілер.
Жаяу жүруді қолға алыңыз
Денеге қатты күш түсіретін күрделі жаттығуларды жасаудың қажеті жоқ. Себебі мұндай жағдайда жоғалтқан калорияның орнын толтыру үшін көп жеп қоюыңыз мүмкін. Нәтижесінде салмағыңыз одан сайын артып кетеді. Оның орнына жай ғана жүруді әдетке айналдырған жеткілікті. Күнделікті таза ауада серуендеп, жаяу 2-3 шақырып жүретін болсаңыз денсаулығыңыз да нығайып, салмағыңыз да бірқалыпты болады.
Жаңғақ жеңіз
Жаңғақта калория көп болғанымен пайдасы да ұшан-теңіз. Сондықтан да тәтті нәрсе жегіңіз келсе, оның орнына бір уыс жаңғақ жеуді қолға алыңыз. Жаңғақтарда ішекті тазалайтын жасұнық мол. Тәттіні шектеп жеп, жаңғақпен алмастыратын болсаңыз, фигураңыз өзгерері сөзсіз.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
7 келіге арықтауға көмектесетін ЖЕТІ күндік мәзір