​Газды су ФИГУРАНЫ бұзатынын білесіз бе?

0
3 988

Мамандар фигураны бұзатын төрт сусынды анықтапты. Олардың пайымынша алкогольді ішімдіктер, диеталық сусындар, кофе мен газды су сымбатыңыздың сымдай тартылуына кері әсер етсе, өте әдемі фигураңызды бұзатын көрінеді.


​Газды су ФИГУРАНЫ бұзатынын білесіз бе?

Мұндай сусындарды ішуді әдетке айналдыру өте оңай. Сол себепті де лажы барынша бас қосуларға, отырыстар мен тойларға барғанда қарапайым су ішуге тырысыңыз. Өйткені жоғарыда келтірген сұйықтықтардың қай-қайсысында болсын қант, калория және зиянды қоспалар көп. Ендеше осыларға жеке-жеке тоқталып өтейік.


Алкогольді сусын

Алкоголь ішкенде ең қиыны қанша калория қабылдағаныңызды біле алмайсыз. Себебі нақты калориясын айту қиын. Ал, медициналық зерттеу институтының мамандары алкоголь әдемі сымбатты бұзатынына сенімді. Егер сіз ішімдік ішуді әдетке айналдырсаңыз, келісті фигураңыздан айырыласыз.

Біріншіден, алкогольді ішімдіктің 30 грамында 12 калория бар. Ал, қарапайым сыраның бір құтысында 150калория болса, 1 бокал қызыл шарап 125 ккалориядан тұрады екен. Сонымен қатар, қант қосып жасалған коктейльдер 600 калорияны құрауы мүмкін.

Алкогольді көп ішкен ағза энергия сарқылмас үшін оның біразын майға айналдырады.


Диеталық сусындар


Аталмыш сусындарды дайындауға жасанды тәттілендіргіштер қосылады. Қанша жерден табиғи жеміс-жидектерден жасалса да, бұл өнім біздің белімізге зиянды болуы ғажап емес. Өйткені жасанды тәттілендіргіштер ішек жұмысын бұзып, артық салмақтан арылуға кері әсер етеді. Бұл ретте ағзадағы зат алмасу процесі де баяулайды.

Әсіресе құрамына сукралоза заты қосып жасалған сусындарды ішпеген жөн. Мұндай сусындар тәбетті ашып, басқа да калориясы көп тамақтарды жеуге себепші болады. Сондықтан да сусынды сатып алғаннан гөрі, табиғи жолмен өз қолыңызбен дайындағаныңыз абзал. Сонда өзіңіздің қандай сусын ішіп отырғаныңызды білетін боласыз.


Кофе

Кәдуілгі қара кофе салмақты арттырмайды. Кейбір жағдайларда керісінше артық салмақты жоюға айтарлықтай үлес қосуы мүмкін.Алайда өте жоғары калориялы тәттілендіргіштер мен кілегей қосылған кофе тәбетіңізді ашып, кейбір ағза жұмыстарын нашарлатады дейді мамандар. Сондай-ақ, мұндай кофені ішкен адам оны жиі-жиі ішкісіп келіп тұратын жағдайға жетеді. Сымбатыңызды сақтағыңыз келсе, «үшеуі біреуінде» сияқты кофелерді емес, жай ғана қант, кілегей қосылмаған қара кофе ішуге тырысыңыз.


Газды су

Көптеген диетологтар тәтті қосылған сусындарды ең зиянды сусындар деп атайды. Мұндай сусындардың құрамы тек су мен қанттан ғана тұратынын алға тартады. Мысалы, 0,33 литрлік ыдыстағы газды сусынның 40 грамында 8 шай қасық қант бар.

Тәтті сусындардан бас тарту өте қиын. Сол себепті де бала болсын, ересек адам болсын осы сусынды алуға құмартып тұрады. Дегенмен, денсаулығын күтетін жандар мұндай сусындардан оп-оңай бас тарта алады.


Немен алмастыруға болады?

Жоғарыда аталған зиянды сусындардың орнын немен алмастыруға болатынын әркім өзі біледі. Өзіңіз нені қалайсыз, соны ішкен дұрыс. Ал, мамандар су мен шай ішуге кеңес береді. Фигураңыздың өзіңіз армандағандай қалыпта болғанын қаласаңыз, біз ұсынған кеңестерге құлақ асқаныңыз дұрыс.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Диетологтар ЛИМОН мен ҚИЯРдан арықтататын сусын ойлап тапты


Кофенің орнына көк шай ішу керек. НЕГЕ?