Егер барлық ұсынылған шарттарды дұрыс орындайтын болсаңыз, денсаулығыңызды да жақсартуға мүмкіндік бар.
Шетелдік диетолог ойлап тапқан бұл сусын арықтауға айтарлықтай септігін тигізеді. Егер барлық ұсынылған шарттарды дұрыс орындайтын болсаңыз, денсаулығыңызды да жақсартуға мүмкіндік бар.
Бұл қандай сусын?
Сусын өте қарапайым қоспалардан жасалады. Мысалы, құрамында лимон, қияр сынды өте қолжетімді көкөніс пен жеміс те бар. Осындай жемістер мен көкөністер қарапайым суды пайдалы суға айналдырады.
Аталмыш сусынға эксперимент те жасалған екен. Тәжірибе барысында артық салмағы бар әйелдерге мұндай сусынды тамақтан жарты сағат бұрын ішу ұсынылыпты. Осылайша олар көп салмақ жоғалтып, керемет нәтиже көрсеткен.
Арықтаудан бөлек, бұл сусын денсаулықты нығайтады деп айтып өттік. Анығырақ айтқанда:
Қандағы қант мөлшерін азайтады
Сусынға қосылатын зімбір өсімдігі қан құрамынлағы қант мөлшерін азайтумен қатар, қабыну мен ісікті басып, қант диабетінің алдын алады. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы қарынды тоқ ылып, тіскебасар іздеуді ұмытатын боласыз.
Жүрек жұмысы жақсарады. Жүрекке де зімбір жақсы жағынан әсер тетеді. Қан қысымын төмендетіп, жүректі ишемиялық аурулардан сақтайды.
Ас қорытуға оң әсер береді
Бұл сусында іштің желдеуін болдырмайтын, асқорытуды реттейтін жалбыз бен зімбір бар. Осындай пайдалы өсімдіктердің көмегімен денсаулығыңыз сыр бермей, оп-оңай арықтайтын боласыз. Оның үстіне қарныңыз тоқ жүреді.
Иммунитет нығая түседі
С дәруменіне бай лимон жемісі кез келген ауруға ағзаның қарсы тұруына өз септігін тигізеді. Иммунитетті нығайтып, ағзаны С дәруменімен қанықтыра түседі. Сондай-ақ, сусынның құрамындағы зімбір де иммунитетті нығайтатын қасиетке ие.
Шаш пен терінің саулығын арттырады
Бұл жерде де с дәрумені көмекке келеді. Сусынның коллаген затының жасалуына ықпалы тиіп, тырнақ пен теріні, шашты әдемі етеді.
Бұл сусынды кімдерге ішуге болмайды?
- Ішек пен бүйрегі ауыратындарға;
- Сусынға қосылатын қандай да жеміске немесе көкөніске аллергиясы барларға;
- Асқазан-ішек жолдары ауыратындарға
- Қан тамырлары мен жүрегінде ақауы барларға;
- Тіс эмалі тым сезімталадамдарға және стоматит ауруына шалдыққандарға арықтататын сусынды ішуге кеңес бермейміз.
Сусынды ішу тәртібі:
Сусынды кешке дайындап, таңертеңнен бастап ішу керек. 2 литрлік банкаға немесе басқа да ыдысқа дайындауға болады. Таңертең ашқарынға 1 стақанын ішіп, қалған уақыттарда да дәл солай тамақтан 30 минут бұрын қабылдаған дұрыс.
Соңғы стақанды ұйықтардан 1-1,5 сағат бұрын ішу керек. Себебі кешкілік ішілген судың әсерінен ісік пайда болуы мүмкін. Сондықтан да лажы барынша сусынды ертерек тауысуға тырысасыз.
Сусынды қалай дайындайды?
2 литрлік сусынға 1 шай қасық үккіштен өткізілген зімбір, 1 дана лимон, 1 дана қияр, 7 гр. жалбыз қосасыз. Осындай 100 гр. сусында бар-жоғы 2 ккал бар екен.
Үлкенірек қиярды алып, қабығын аршып, жұқалап турайды. Лимонды да тілімдеп тураған дұрыс. Зімбірдің де қабығын аршып, сосын үккіштен өткізеді. Жалбыз жапырақтарын майдалап турап, барлығын бір ыдысқа салып, таза әрі бөлме температурасында тұрған су құясыз. Барлық қоспаны қосқаннан кейін, суды тоңазытқышқа саласыз.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Кофенің орнына көк шай ішу керек. НЕГЕ?