​Кеңседе отыратындарға арналған ДИЕТА

0
3 623

Диетологтар кеңседе отырып жұмыс істейтіндерге арнайы диета ұсынады.


​Кеңседе отыратындарға арналған ДИЕТА

Кеңседе жұмыс істейтіндердің салмағына салмақ қосуына біріншіден аз қимылдау себеп болады. Сонымен қатар, жұмыс арасында тәттілермен шай ішу, күні бойы компьютердің алдында отыру да семіздікке бой алдыртуы мүмкін. Осындай жұмыс күнінен кейін кешкі уақытты спортзалда өткізсеңіз де бұл жеткіліксіз болады дейді мамандар. Өйткені дұрыс тамақтанбау мен аз қимылдау салмақтың көбеюіне апарады. Ендеше кеңседе жұмыс істейтіндерге қалай арықтауға болады?


Көп қимылдауға тырысу керек. Ең болмағанда 1 сағат сайын орындықтан тұрып, ары-бері жүру керек. Баспалдақтан түсіп, көбірек қимыл-қозғалыс жасауға әрекет еткен дұрыс. Сондай-ақ, калориясы жоғары тағамдарды да азайтпаса болмайды. Жұмысқа крекер, печенье, конфет, шоколад, тәттілерді әкелмеуге тырысыңыз. Мұндай зиянды тағамдардың орнына кептірілген жемістер, жаңғақтар мен банан жеуге әбден болады.


Мына шарттарды орындау міндетті:


  1. Таңғы, түскі, кешкі асты қалдырмай ішіңіз. Егер түскі асты немесе кешкілік тамақтануды доғаратын болсаңыз, түн ішінде қарныңыз қатты ашатын болады. Сөйтіп бұған шыдай алмай, тоңазытқышқа қалай барып қалғаныңызды білмей қаласыз.
  2. Екі тамақтану арасында аса сақ болыңыз. Артық нәрсе жеп қоймаңыз. Әсіресе кофені сүтпен, қантпен ішпеген дұрыс.
  3. Басқалармен өзіңізді салыстырмаңыз. Әр адамның зат алмасу жүйесі әртүрлі жұмыс істейді. Бірі қанша тәтті жесе де толмайды. Ал, енді біреулер сәл ғана артық жеп қойса денесіне май болып жабысады.
  4. Кешегіден қалған торттар мен кондитерлік өнімдерді кеңсеге алып келмеңіз. Сонда сіз артық тамақ жеп қоюдан аулақ боласыз.
  5. Ас мәзіріне көңіл бөліңіз. Мысалы, ақуызға бай тағамдарға басымдық беріп, майлы, қуырылған тағамдарды азайту керек. Сонымен қатар, жеміс-жидектер мен балықты көбірек жеңіз. Ал, тәттілер, консервіленген өнімдерді барынша азайтуға тырысыңыз.


Ас мәзірінен мыналарды алып тастаңыз:

  • Рафинадталған қант;
  • Майлы пісірмелер;
  • Қақталған және тұздалған тағамдар;
  • Күніне 1 шыныдан артық кофе ішпеу керек;
  • Тәтті газдалған сусындар, энергетиктер.


1 күнге арналған ас мәзірі


Таңғы ас:

Омлет, қантсыз, сүт қатылған кофе, ірі тартылған ұннан жасалған тост (нан) және ірімшік.

Тіскебасар: қара кофе, 20 гр. бадам жаңғағы.

Түскі ас: зәйтүн майы қосылған көкөніс салаты, пеште піскен 1 порция күріш пен балық.

Бесін ас: 1 құты табиғи йогурт.

Кешкі ас: голубцы, аскөк, түймедақ шайы.

Осы айтылған шарттарды орындап, диета мәзіріне сай тамақтанатын болсаңыз, айына еш қиналмай-ақ 2-5 кг салмақтан арылуға болады. Бірақ та диетаны бастамас бұрын дәрігермен кеңескен дұрыс.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Диета ұстауды қолға алсаңыз, КОЛЛАГЕН қабылдауды да бастаңыз!


«5 ас қасық» диетасымен арықтағыңыз келе ме?