​Кез-келген жаста арықтауға арналған тиімді ДИЕТА

0
4 297

«Диета» сөзін естігеннен қарныңыз ашып, өз-өзіңізден жиырылып қаласыз ба? Мұндайда диетологтар дұрыс тамақтануды қолға алуға кеңес береді. Бірақ дұрыс тамақтану аз уақытқа ғана жалғаспағаны дұрыс. Егер ұзақ уақыт бойы пайдалы тағамдарды тұтынатын болсаңыз, сізге диета ұстаудың да қажеті болмайды.


​Кез-келген жаста арықтауға арналған тиімді ДИЕТА

Аталмыш диета жоғарыда айтып өткеніміздей ұзақ мерзімге арналған. Тіпті, бірнеше ай бойы жалғастыруға болады. Нәтижесінде 20-30 келі салмақ тастап, бойыңыздағы шаршау мен әлсіздіктен арылып, керісінше сергек, өмірге құштар жанға айналасыз.

Диета барысында спортпен шұғылдану міндетті емес. Тек таңертең 10 минуттық жаттығу жасауға, жүзуге баруға, велосипед тебуге болады.


Диетаның шарттары мынадай:

  • Күніне аз-аздан, 5-6 рет тамақтанасыз. Ал, тағамның мөлшері 1200 ккал-дан аспауы керек.
  • Ас мәзірінде ботқалар мен дәнді-дақылдар, сұлы, қарақұмық, ет, көкөністер мен жеміс-жидектер, асқабақ дәні, жаңғақтар, балғын аскөк, балық пен жұмыртқаның болғаны дұрыс.
  • Ал, ас мәзіріне қосуға болмайтын тағамдарға: кез келген алкоголь, фаст-фуд, тәттілер мен қант, қақталғандар, өсімдік майына қуырылған тағамдар, тұздықтар мен маринадталған тағамдар.
  • Сонымен қатар, қалқанша безінің жұмысын жақсартатын йодқа бай теңіз қырыққабаты, тауық жұмыртқасы, нәлім балық, хек, камбала балықтарын жиі ас мәзіріне қосыңыз.


2 күнге арналған ас мәзірі



1-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа мен көкөністерден дайындалған омлет, балғын сәбіз бен грек жаңғағы, табиғи йогурт қосылған салат, 1 шыны шай.

Екінші таңғы ас: 1 тілім ірімшік пен алма.

Түскі ас: Грильде піскен тауықтың төс етінің төрттен бір бөлігі, қарақұмық ботқасы, қызанақ.

Бесін ас: 1 дана қайнатылған жұмыртқа, теңіз қырыққабатынан дайындалған майонез қосылмаған салат.

Кешкі ас: Пеште піскен алабұға балығы, балғын аскөк қосылған салат.

2-күн

Таңғы ас: Сүт пен суға піскен 1 порция сұлы ботқасы, 1 кесек ірімшік, 1 шыны кофе.

Екінші таңғы ас: 2 дана киви, 1 шыны көк шай.

Түскі ас: Көкөніс сорпасы, 1 тілім ірі тартылған ұннан жасалған нан, балғын аскөк.

Бесін ас: 200 мл айран.

Кешкі ас: 120 гр. қайнатылған сиыр еті, қаймақ қосылған қияр мен қызанақ салаты.


Екі күнге берілген ас мәзіріне қарап, ары қарай өзіңіз дәл осылай дұрыс тамақтануды жалғастырыңыз. 3-4 күннен кейін-ақ қандай тағамдарды дайындау керектігін, нені жеуді, ал, нені жеуге болмайтынын біліп аласыз. Егер осылайша диетаны бірнеше ай бойы жалғастыратын болсаңыз денсаулығыңыз да, дене-бітіміңіз де айтарлықтай өзгереді. Нәтижесін көргенде өз-өзіңізді танымай қалуыңыз ғажап емес. Алайда, диета сізге салмақ тастауға көмектеспеген болса, диетолог немесе эндокринолог дәрігерлерімен кеңескеніңіз дұрыс.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ми мен қан тамырларына пайдалы диета арықтауға да көмектеседі


Калориясы ӨТЕ ТӨМЕН 7 азық-түлік