Кофенің орнына көк шай ішу керек. НЕГЕ?

0
5 089

Көк шайдың да кофейн секілді сергітетін әсері бар.


Кофенің орнына көк шай ішу керек. НЕГЕ?

Ұзақ жылдар бойы қажетсіз нәрселерді әдетке айналдырғаннан салмағыңызға салмақ қосып жатқаныңызды білесіз бе? Мұндай пайдасыз, тіпті, зиянды әдеттерден арылып, оның орнын мыналармен алмастырсаңыз, 1-2 айда сымбатыңыз сымдай тартылып, өз көркіңізге қызыға қарайтын боласыз!


Күн сайын бір уақытта оянып, бір уақытта ұйқыға жатыңыз

Күн тәртібі – бүкіл ағзаның жұмысын реттеуге көмектестін ең маңызды шарттарының бірі. Бұған немқұрайла қарауға болмайды. Осындай тәртіптің бірі – күн сайын бір уақытта ұйқыдан тұру. Сонда сіз тәбетіңіз бен салмағыңызға есеп беріп, сырттай бақылай аласыз. Мысалы, таңертең оянғаннан кейін дәрет сындырып келіп, таразыға тұрасыз. Ашқарынға ішетін сусыныңызды ішіп, біраз уақыт өткенне кейін, әдеттегідей атңғы ас ішесіз. Осылай күніңіз жалғаса береді. Бірақ, бұрынғыдай бей-берекет емес, әр сағатыңыз тәртіпке қойылған қалыпта жалғасатын болады.

Күн сайын бір уақытта ұйықтау да оянумен бірдей күн тәртібіне әсер етеді. Егер сіз таңертең ерте тұрып, кешке кешегіден кешірек ұйықтайтын болсаңыз, энергияңыз сарқылып, қалжырап қаласыз. Мұндай жағдайда ағза сақтануды қолға алады. Яғни, энергияны үнемдеп, артық калорияларды майға айналдыра бастайды. Осылайша сіз арықтаудың орнына семіре бастайсыз.


Таразыға аш күйде тартылыңыз


Күн сайын таразыға тартылыңыз деуден аулақпыз. Бірақ та салмағыңызды үнемі бақылап отыратын болсаңыз, арықтауға да тез қол жеткізесіз. Сол себепті де таңғы асқа дейін таразыға тартылуға тырысыңыз.


Су ішуді ұмытпаңыз

Қарапайым суды күні бойы ішу маңызды. Әсіресе таңертең газсыз су ішкен өте пайдалы. Су ішкеннен кейін ағза толықтай оянып, жұмысын атқаруға кіріседі. Суға бір тілім лимон мен жалбыз, 1 шай қасық бал қоссаңыз да артықтық етпейді. Бұл дәмдеуіштер арқылы зат алмасу мен ас қорыту жүйелерінің жұмысын жақсартасыз. Бұл жүйелер жақсы жұмыс істесе, салмақ тастау да қиынға соқпайды.


Таңғы астан бас тартпаңыз

Үнемі таңғы ас ішпейтіндер түстен кейінгі уақытта көп тамақ жеп қоятынын ғалымдар дәлелдеген екен. Әсіресе таңғы ас ішпегендердің қарны кешкі уақытта қатты аша бастайды. Артық калория бел мен бөксеге май болып жабысатыны айтпаса да түсінікті. Қарапайым таңғы ас күні бойы тамақтануды бақылауға әрі артық тамақтанбауға көп септігін тигізеді.


Тәтті тоқаш пісірмеңіз


Егер сіз күнде тәтті круассанмен немесе басқа да тәтті бәлішпен кофені таңға асқа ішуді әдетке айналдырған болсаңыз, енді бұл әдетіңізден бас тартуға тура келеді. Мұндай әдеттің соңы жақсылыққа апармайды. Зардабын тек өзіңіз тартатын боласыз. Себебі тәтті мен кофеден кейін тез қарныңыз ашып, 2 сағаттан кейін-ақ қарынға талғажау іздей бастайсыз.


Таңғы асты алдын-ала дайындап қойыңыз

Таңғы ас ішуге ерінетіндер, негізі таңғы ас дайындауға ерінетіндер. Сондықтан да бұл әдеттен арылу үшін ұйқыға жатардан бұрын ертеңгілік таңғы асыңызды дайындап қойыңыз. Таңертең дайын асты ішесіз де, жұмысқа жол тарта бересіз.


Ақуызға бай тағам жеңіз

Сымбаттылықты сақтаудың тағы бір сыры – ақуызға бай таңғы ас ішу. Мысалы, көкөністерден дайындалған омлет, жаңғақ қосылған сүзбе және т.б.


Дәмдеуіштердің зат алмасуды жақсартатынын ескеріңіз

Арықтай алмай жүрген көптеген қыз-келіншектер дәмдеуіштерді пайдаланбауға тырысады. Бірақ, мамандар дәмдеуіштердің ішінде зат алмасуды жақсартатындары да бар дейді. Тағамға паприка, қара бұрыш, даршын, хош иісті жаңғақты қоссаңыз пайдалы болары сөзсіз.


Таңғы кофенің орнына көк шай ішіңіз

Көк шайдың да кофейн секілді сергітетін әсері бар. Оның құрамындағы катехиндер майларды ыдыратып, зат алмасуды жақсартады. Осындай қарапайым әдеттену арқылы калорияны тезірек жоюға болады. Егер көк шайдың әсері күшейе түскенін қаласаңыз лимон немесе зімбір қосыңыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Жаз мезгіліне АРНАЛҒАН арықтататын КЕРЕМЕТ сусын


Көп тамақ жеп қойғанда толысып кетпеу үшін не істеу керек?