​Құлпынай диетасымен 4 күнде 4 келі салмақ тастайсыз

0
2 297

Құлпынаймен арықтау әрі дәмді, әрі пайдалы болатынын білесіз бе? Құлпынай ағзаны зиянды заттардан тазартып, иммунитетті нығайтады.


​Құлпынай диетасымен 4 күнде 4 келі салмақ тастайсыз

Құлпынайдың пайдасы өте көп. Оның құрамы дәрумендер мен микроэлементтерге, фолий қышқылы менжасұныққа бай.


Құлпынай диетасын ұстағаннан кейін ағзада мынадай өзгерістер болады:

  • Артық салмақтан арылтады;
  • Асқазан-ішек жолдарының жұмысы жақсарады;
  • Қан қысымы қалыпқа келіп, қалқанша безінің жұмысы жақсарады;
  • Иммунитет нығайып, ағзада зиянды заттар қалмайды.


Диетаның жағымды әрі жағымсыз жақтары

Құлпынай әсіресе қант диабетімен ауыратындарға пайдалы екен. Себебі ол қандағы глюкозаны қалыпқа келтіреді. Егер науқас адамның бұл жидекке аллергиясы болмаса қорықпай жей беруіне болады. Сонымен қатар, тағам рационының басты дәміне кіргізсе де артықтық етпейді.

Құлпынаймен диета ұстап, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу үшін:

Күн сайын міндетті түрде 2 литрден аса таза су ішіп, тек балғын құлпынай жеу керектігін ұмытпаңыз. Балғын әрі пайдалы құлпынай жаз мезгілінде піседі. Сондықтан да аталмыш диетаны дәл қазіргі уақыттан бастап ұстаған дұрыс.

Өте қатал диета ұстағанды жөн деп тапсаңыз, екі күн бойы тек құлпынай мен таза су ішесіз. Көк шай ішуге болады. Осылайша 2 күнде 2-3 кг артық салмақтан арыласыз.


4 күнде 4 келі салмақ тастауға көмектесетін диета мәзірі

4 килограмм салмақ жоғалтқысы келетін жандар үшін мамандар арнайы төрт күндік диета мәзірін ұсынады. Мұнда сіз әртүрлі тағамдармен бірге ең пайдалы жидекті жейтін боласыз.


1-күн

Таңғы ас: 200 гр. алма мен құлпынай, 100 гр. сүзбе.

Түскі асқа грек жаңғағы, құлпынай, қияр, тауық еті мен аскөк қосылған салат.

Бесін асқа 200 гр. құлпынай мен кептірілген нан немесе тост.

Кешкі асқа лимон шырыны мен кефир қосылған көкөніс салаты.


2-күн

Таңғы асқа 200 гр. құлпынай және 1 тілім қара нан.

Түскі асқа 3 дана құлпынай салынған 3 дана құймақ.

Кешкі асқа қырыққабат салаты.


3-күн

Таңғы асқа 200 гр. құлпынай.

Түскі ас: банан, құлпынай, 200 гр. қауын немесе қарбыз.

Кешкі асқа құлпынай мен Пекин қырыққабатынан дайындалған салат.


4-күн

Таңғы асқа 200 гр. құлпынай мен ірімшік.

Түскі ас - көкөніс салаты.

Кешкі асқа картоп, сәбіз, қырыққабат қосылған салат.

Төсекке жатардан 2 сағат бұрын 200 гр. құлпынай жеуге болады.


Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


МАЙ БАСУДЫҢ І-ші дәрежесіне ШАЛДЫҚҚАНДА не істеу керек?