Қатты толысқаныңызды байқаған сәттен бастап тәттіден бас тартыңыз.
Май басу – бұл жай ғана мүсіннің бұзылуы емес, созылмалы аурулардың бірі болып табылады. Бұл ауруға ер адамдарға қарағанда қыз-келіншектер көбірек шалдығады екен. Бұған ең басты себеп гормондық бұзылыстар болып табылады. Осындай сәттерде денені басқан майдан арылудың ең жақсы жолы – диета және спорт.
Ендеше бірінші дәрежелі май басудан арылу үшін төмендегідей кеңестерге құлақ асқан дұрыс. Арықтаудың құпиясы қатаң түрде дұрыс тамақтану болып табылады. Сондықтан да арықтау кезінде ешқандай қателік жібермеу керек.
Дұрыс әрі қауіпсіз арықтаудың жолдары мынадай:
- Қатты толысқаныңызды байқаған сәттен бастап тәттіден бас тартыңыз. Тәтті және газдалған сусындарды да ішуге кеңес бермейміз.
- Егер тез арықтауды қаласаңыз, суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз. Салмағыңызға қарай күніне 2-3 литр су ішу жеткілікті.
- Сонымен қатар, кішкентай мөлшердегі ыдысты пайдаланыңыз. Тәрелкеге салынған тағамның мөлшерін білмей қаламын десеңіз, стақанмен өлшеп салуыңызға болады. 1 стақан - 200 грамды құрайды.
- Күнделікті бір уақытта тамақтануды әдетке айналдырған дұрыс.
- Жартылай дайын тағамдар, майонез, консерванттар, басқа да зиянды тағамдарды жеуге жол жоқ екенін ұмытпаңыз.
- Қарныңыз ашқан уақытта алма жесеңіз болады. Егер алма жеуге тәбетіңіз тартпаса, қарынның ашпағанын білдіреді.
- Қимыл-қозғалыс жасау да маңызды. Әсіресе күні бойы бір орында отырып жұмыс ісейтіндер үшін денені қозғалтып, қан жүгірту міндетті. Мысалы, орындықта отырып-ақ түрлі жаттығуларды жасай аласыз.
- Таңертең ұйқыдан тұрған бойда жеңіл жаттығу жасауды ұмытпаңыз.
- Тыныш әрі жеткілікті ұйқы – көтеріңкі көңіл-күйдің кепілі.
Денедегі майды жоғалтуды да дұрыс есептей білу керек. Мәселен, 1 аптада артық майдың 1%кетірсеңіз де жетіп жатыр. Сондай-ақ, дененің 35% май басса онда аптасына 6% артық майды жоюға тырысқан абзал. Егер 27% май басу болған жағдайда – 2,8 кг артық салмақтан арылыңыз. Дененің 22%-дан көп бөлігін май басқан жағдайда бір жетіде 2 келі салмақтан арылған жеткілікті.
Бірінші дәрежелі май басу кезінде мына азық-түліктерді ас мәзіріне қосуға болады:
- Бадам жаңғағы;
- Авокадо;
- Даршын;
- Бал, кептірілген жемістер;
- Табиғи мармелад;
- Төмен калориялы зефир мен пастилалар;
- Ащы шоколад;
- Төмен калориялы батончиктер;
- Табиғи шырындардан дайындалған бастұздақтар.
- Жоғарыда аталған азық-түліктерді аптасына үш реттен көп тұтынуға болмайды.
Не жеуге болмайды?
- Ет тағамдарынан майлы ет пен мал майын жеуге болмайды. Ал, сүт өнімдерін аз-аздан ішуге кеңес береміз. Сары май мен майлы қаймақ, қатты ірімшік, жоғары калориялы кілегейді шектеген дұрыс. Ара-арасында ұнтақ жармасын, ақ күріш, тез дайындалатын ботқаларды жеуге рұқсат.
- Ұннан дайындалған барлық нан өнімдерін үзілді-кесілді ас мәзірінен алып тастайсыз. Жеміс-жидектен банан, жүзім, мейіз, інжір мен құрманы жемеген өзіңізге пайдалы.
- Бұдан бөлек, қант, конфет, шоколад, алкогольді ішімдіктер, дайын шырындарды қазірше көршілерге немесе құрбы-достарыңызға ұсыныңыз, бірақ өзіңіз ауыз тимеңіз.
- Осылайша әрбір диета ұстауды қажет ететін жан жоғарыда келтірілген кеңестерге құлақ түріп, дұрыс тамақтануды қолға алғаны жөн.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: