«МІНСІЗ» салмағыңыз қанша? Кестеге қарап біле аласыз

0
4 937

Әдемі сымбат иесі болудың жалғыз жолы - "МІНСІЗ БЕЙНЕ" диетасы.


«МІНСІЗ» салмағыңыз қанша? Кестеге қарап біле аласыз

Әрбір қыз-келіншек тартымды, арық болуды қалайды. Алайда өзінің «мінсіз» салмағы қанша болу керектігін біле бермейді. Қасындағы арықтау бір құрбысы «Маған әлі де 2-3 келі салмақ тастау керек» дейтін болса, олар өз-өзінен жиіркеніп, бірден диетаға отыратындар да бар. Себебі олар дәл қазіргі салмағы қалыпты ма, жоқ па оны нақты білмейді. Сол себепті де іштей өзін толықтардың қатарына қосып, қынжылып жүреді.


Өзіңіздің «мінсіз» салмағыңыздың қанша болу керектігін білгіңіз келсе, мына кестеге назар аударыңыз. Ол үшін тура салмағыңыз бен бойыңыздың ұзындығын білуіңіз керек. Сөйтіп, осы кесте бойынша денеңіздегі майдың қаншасы артық екенін әрі қанша салмақ тастау керектігін біліп аласыз.


Қыз-келіншектерге арналған «МІНСІЗ» салмақ КЕСТЕСІ

ҚАЛЫПТЫ АРТЫҚ САЛМАҚ

Бойы

Арық

Орташа

Қалыпты

Май басу

Май басудың І-ІІ деңгейі

Май басудың ІІІ-ІV деңгейі

м

кг

кг

кг

кг

кг

кг

1,47

41-44

43-48

47-53

54-62

65-84

86-117

1,49

42-45

44-49

48-55

56-65

67-87

90-121

1,52

43-47

45-51

49-56

58-67

69-90

92-126

1,54

44-48

47-52

50-58

60-69

71-93

96-129

1,57

46-49

48-53

52-59

61-71

74-96

99-134

1,60

47-51

49-55

53-60

64-74

76-99

102-137

1,62

48-52

51-57

54-62

65-76

79-103

105-140

1,65

50-53

52-58

56-64

68-79

81-106

108-145

1,67

51-55

54-61

58-66

70-81

84-109

112-151

1,70

53-57

56-63

60-68

72-84

86-113

115-156

1,72

55-59

58-64

62-69

74-86

89-115

119-160

1,75

57-61

59-66

63-71

76-89

92-119

123-162

1,77

58-65

61-68

65-73

79-91

95-123

126-170

1,80

60-65

63-70

67-76

81-94

97-126

130-175

1,82

62-67

65-72

69-78

83-96

100-130

133-180

Кесте арқылы өзіңіздің қай деңгейде тұрғаныңызды білдіңіз! Егер май басудың бастапқы деңгейінде немесе І-ІІ деңгейлерінде тұрған болсаңыз, еш қамықпаңыз. Қыз күніңізді есіңізге түсіріп, сол кезеңдердегі бейнеңізді көз алдыңызға әкелуге тырысыңыз. Сіз сондай арық әрі сымбатты болдыңыз. Әлі де салмақ тастауға, семіздіктен арылуға мүмкіндігіңіз бар. Төменде мінсіз бейнеге жетуге көмектесетін өте пайдалы 5 күнге арналған диета мәзірі ұсынылған. Арықтағыңыз келсе, диетаға көз жүгіртіңіз.


«Мінсіз бейне» диетасы


1-күн

Таңғы ас: кептірілген жемістер мен грек жаңғағы қосылған сұлы ботқасы, 200 гр. майсыз кефир;

Түскі ас: 200 гр. көкөніс сорпасы, 100 гр. бұқтырылған балық, 200 гр. қияр мен қызанақ салаты, 100 гр. қайнатылған күріш, 1 тілім нан.

Тіскебасар: апельсин немесе алма.

Кешкі ас:

Бал қосылған майсыз сүзбеден дайындалған 200 гр. сүзбелі құймақ (сырник), 1 дана апельсин, немесе 2 дана мандарин.


2-күн

Таңғы ас: сүтке пісірілген қарақұмық немесе сұлы ботқасы, тәтті қосылмаған, бірақ сүт қатылған какао немесе кофе.

Түскі ас: 200 грамдай қайнатылған балық сорпасы, қайнатылған тауық еті, балғын көкөністерден дайындалған әрі зәйтүн майы қосылған 200 гр. салат. Бал қослыған шөп шай.

Тіскебасар: 2-3 дана мандарин.

Кешкі ас: бұқтырылған немесе қайнатылған 200 гр. балық, 100 гр. күріш, 100 мл. алма шырыны.


3-күн

Таңғы ас: 200 гр. майсыз сүзбе, алма, апельсин, тәті қосылмаған көк шай.

Түскі ас: 200 гр. көкөніс сорпасы, 100 гр. көкөністермен бұқтырылған күріш, 100 гр. майсыз сиыр еті, аскөк пен қызанақ, зәйтүн майынан дайындалған салат.

Тіскебасар: апельсин немесе грейпфрут.

Кешкі ас: 200 гр. бұқтырылған көкөністер, 200 гр. қарақұмық ботқасы, 100 гр. ряженка, алма немесе апельсин.


4-күн

Таңғы ас: 200 гр. кептірілген өрік пен мейіз қосылған сүзбе, апельсин шырыны.

Түскі ас: 200 гр. балық сорпасы, 200 гр. бұқтырылған қоян еті, қияр, болгар бұрышы, аскөк пен ірімшік және зәйтүн майынан дайындалған салат, бал қосылған көк немесе шөп шайлар.

Тіскебасар: 200 гр. жеміс салаты.

Кешкі ас: 200 гр. бұқтырылған көкөністер мен қырыққабат, 100 гр. майсыз йогурт, алма немесе алмұрт.


5-күн

Таңғы ас: 200 гр. жемістер қосылған йогурт пен 2 дана печенье.

Түскі ас: 200 гр. борщ, 1 тілім қара нан, 200 гр. ірімшік, қызанақ және болгар бұрышы мен пияз, аскөк және зәйтүн майынан дайындалған салат.

Тіскебасар: ананас немесе грейпфрут.

Кешкі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 100 гр. балғын көкөністерден дайындалған салат, 100 гр. кефир.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Кімдерге ҚОЙ ЕТІН жеуге БОЛМАЙДЫ?


Нәзіктікті жоятын 10 АЗЫҚ-ТҮЛІК


БЕДЕУЛІКтен арылуға КӨМЕКТЕСЕтін диета