МҰНДАЙ жағдайда ДИЕТА әсер етпейді

0
3 855

Дәретке шығу ішкі ағзалардың жұмысынан хабар береді әрі салмақ жоғалтпаудың себебі болуы да мүмкін.


МҰНДАЙ жағдайда ДИЕТА әсер етпейді

Дұрыс тамақтана жүріп арықтай алмайтындардың басқаларға қарағанда нендей кемшілігі бар? Диетологтың кеңесіне жүгініп, оның барлық айтқандарын орындасаңыз да өзіңіз діттеген мақсатқа жете алмай-ақ қойдыңыз ба? Мұның себебі неде?


Диета қандай жағдайларда әсер етпейді?

Егер 1 ай бойы диетолог айтқан ас мәзірі бойынша тамақтанып, дәрігердің ұсынған кеңестеріне құлақ түрсеңіз де салмағыңыз төмендемей қойса, онда сізге толықтай медициналық тексеруден өтуге кеңес береміз.

Салмақтың күрт өсуі ағзадағы зат алмасуының баяулауынан, тіпті, дәрігерлердің пікірінше кейбір ішкі ағзалардың жұмысының бұзылуынан болуы да мүмкін.


Қалқанша безі жеткілікті түрде гормон бөлмесе...

Гипотиреоз – қалқанша без гормондарының аз шоғырлануынан пайда болатын эндокринді жүйе ауруларының бірі. Мұндайда ағзаға токсиндер көптеп жиналып, тағамның қорытылуы баяулайды. Аталмыш ауруды анықтау да қиын. Өйткені ауру ағзада бірден пайда болмайды. Бірте-бірте ағзаға енген ауруды тек жасы ұлғайған шағында ғана адамдардан анықтауы мүмкін. Ал, жастардың 1 пайызынан ғана гипотиреозды анықтау мүмкін екен.

Гормондар жеткіліксіздігінен адам әлсіз әрі шаршағыш болып алады.


Ішек жолдары аурулары байқалса...

ішек жолдарының жұмысы бұзылғанда іштің қатуы, қандағы токсиндердің саны артуы мүмкін. Мұның бәрі де жалпы ағза жұмысына әсер етпей қоймайды.

Ішектер -тамақтың қалдықтарын шығаруға көмектесетін адам ағзасындағы ең маңызды мүшелердің бірі. Дені сау адам күніне бірнеше рет дәрет сындыру үшін дәретханаға барады. Бірақ, кейбір адамдарда іш қату пайда болып, кем дегенде бір рет те үлкен дәретке шықпауы ғажап емес. Дер кезінде емделмесе, мұндай аурудың басқа ағзаларға да зияны тиюі мүмкін. Сол себепті де ішек жолдары жұмысына аса мән берген дұрыс. Мұның салдары сіздің салмақ тастауыңызға айтарлықтай кедергі болары сөзсіз.


Стрестік жағдай

Қазіргі дамыған заманда адамның жүйкесіне тиетін жағдайлар өте көп. Жай ғана 5 минут автобусқа кешігіп, таңертең жұмысқа үлгермей қалғанда адамдар жүйке жүйесіне салмақ түсіріп, өз-өзін жегідей жейді. Сонымен қатар, өмірдегі түрлі қиыншылықтар мен қымбатшылық та сізді стреске түсіреді.

Стрестік жағдайдан арылу үшін адамның көп тамақ жеуіне тура келеді. Себебі олар, тыныштықты тағамнан іздейді. Міне, осындай жағдайлардың әсерінен ағзаға артық май жиналып, семіздікке бой алдырасыз.


Семіруге себеп болатын қосымша жағдайлар


Денсаулықтың нашарлауымен қатар, семіздікке бой алдыруға мынадай жағдайлар да әсер етеді екен.

Тамақтану тәртібінің бұзылуы. Күніне 2-3 рет тамақтануға немесе мүлде тамақтанбай қоюға болмайды. Диетологтардың айтуынша күніне 5-6 рет тамақтану керек. Тағамды аз-аздан әрі жиі-жиі қабылдап, қарынның тым қатты ашуына жол бермеген дұрыс.


Тағамның көлемінің көбейіп кетуі

Тамақтанудың негізгі үш уақыты бар: таңғы, түскі және кешкі ас. Сонымен бірге екінші таңғы ас және бесін астарды қосуға болады. Алайда белгіленген уақыттарда тағамның көлеміне мән беру керек. Мысалы, таңғы ас айтарлықтай тойымды болсын. Оның құрамында ақуыздар мен көмірсулардың болуы тиіс. Ол үшін ботқалар мен көкөністерді дайындауға болады.

Түскі ас та тойымды әрі құнарлы болғаны маңызды. Ал, кешкі астың тез сіңетін жеңіл тағамнан тұрғаны абзал.


Ұйқының қанбауы, демалыстың аздығы және созылмалы шаршау да салмақты арттырады

Ұйқы гормоны саналатын мелотониннің жеткіліксіздігінен ұйқы қанбай, оның жұмысы бұзылады. Сондай-ақ, тағам көлемі артып, көп тамақтанудан кейін де жүйке жүйесі стреске шалдығады. Мұның соңы – артық салмаққа әкелуі ғажап емес.

Егер осы айтылғандардың бірі сіздің бойыңыздан табылса, күніне 7 сағат ұйықтап, көбірек демалуға тырысыңыз. Сонда ғана сіз ойлаған мақсатыңызға жететін боласыз.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Мына 5 ТӘТТІ тағам САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙДЫ


Май салынған кофе ішсеңіз арықтайсыз!


Арықтауға көмектесетін нанды өзіңіз-ақ пісіре аласыз!