Май салынған кофе ішсеңіз арықтайсыз!

0
3 766

Диетадан шаршадыңыз ба? Ендеше жай ғана кофеге сары май салып ішіп, артық майдан арылыңыз! Ал, дайындау әдісін төменнен оқи аласыз!


Май салынған кофе ішсеңіз арықтайсыз!

Мұндай ерекше кофе қазірдің өзінде алыс-жақын шетелдерде өте кең таралып кеткен. Қолданғандардың көпшілігіне оң әсер етіп, салмағын азайтуға септігін тигізген.

Ерекше КОФЕНІ алғаш кім ойлап тапты?

Кофені американ диетологы Дэйв Эспри ойлап шығарды. Американдық диетолог әрі бірнеше кітаптың авторы Дэйв Эспридің ойына арықтауға көмектесетін кофеТибетке барған сапарында келгенін айтқан. Онда ол алғаш рет сары май қосылған шай ішіп, дәмін ұнатып қалады. Сонымен қатар, осы шайдан кейін біраз уақытқа дейін қарынының тоқ жүргенін сезінеді. Жай ғана кофе емес, таңғы асқа тоя тамақтанып алғандай күйде болған айтқан. Дэйв Эспри өз еліне келген соң осы шайды зерттей бастайды. Сөйтіп ол зерттеу барысында шайдың орнына кофе қолдану керек деген шешімге келген.

Автордың ойынша арықтауға арналған азық:

  • Ағзаны «жылытқыш құрал» қызметін атқаруы;
  • Құрамында токсиндер болмауы;
  • Жасушаларды нәрлі заттармен қанықтыруы;
  • Мидың дамуына әсер етуі де маңызды;
  • Дәмді болғандықтан да адамға жақсы көңіл-күй сыйлауы керек.

Дэйв Эспри көптеген диетологтар сияқты адамдарды қинағанды ұнатпайды. Оның басты ерекшелігі де осында. Диетологтың пікірінше семіздікпен қош айтысқысы келетін жандардың тамақтану рационы дәмсіз әрі тойымыз тамақтардан тұрмағаны дұрыс дейді.

Сары май қосылған кофенің пайдасы мен зияны қандай?

Әркім өзі қалағандай нәтижеге қол жеткізу үшін кофені де, оған қосылатын қоспаларды да дұрыс таңдай білуі керек.

Біріншіден, кофе ерігіш емес, табиғи ірі қара кофе болғаны дұрыс. Екіншіден, өсімдік майының да ешбір жасанды қоспасыз түрін таңдаңыз. Мәселен, АҚШ-та тек шөппен қоректенетін сиыр сүтінен алынған майды пайдаланады. Сіз де барынша майдың тазасын табуға тырысыңыз.

Сары май салынған кофенің пайдасы:


  • Кофені ішкеннен кейін ағзада зат алмасу жүйесі қарқынды жұмыс істеп, майлар ериді;
  • Бірнеше сағатқа дейін қарын ашпайды;
  • Ағзадан зиянды токсиндер шығарылып, ішек тазарады;
  • Холестерин деңгейі төмендеп, бел мен бөкседегі майлар біртіндеп жоғалады;
  • Ішкі ағзалар ауруының алдын алады. Өйткені кофенің құрамында омега-3 және омега-6 майлы қышқылдары бар. Бұл қышқылдар ағзалардың жұмысын жақсартып, белсенді ете түседі.
  • Кофенің құрамындағы заттар сүйек тініне, сондай-ақ тіске жақсы әсер етеді.
  • Сусын адамды депрессияға түсуден сақтап, көңіл күйін көтереді.

Зиянды әсері де болуы мүмкін:

  • Ішті жүргізеді;
  • Лоқсу, құсу (сирек);
  • Созылмалы асқазан-ішек ауруларының асқынуы байқалады.


Арықтауға арналған кофені қалай дайындайды?


Лажы барынша кофе дәндерін пайдаланған дұрыс. Сөйтіп кофені дайындаудың алдында ғана ұнтақтайсыз. Сонда кофенің хош иісі сіздің көңіл күйіңізге жағымды әсер етіп, бойындағы пайдалы заттарын да сақтайды.

Кофе дәнінен бөлек (100 мл суға 15 гр) сары май (25 гр) мен кокос немесе пальма майлары (6 мл) қосылады. Егер дәл осы өсімдік майлары үйіңізде болмаса зәйтүн майын қолдануға болады.

Кофеге қант қосылмайды, бірақ қанталмастырғышты қоссаңыз да артықтық етпейді.

Кофені былай дайындайды:

  1. Кофені қайнатып, оны ыдысқа құясыз;
  2. Ыстық кезінде сары май мен өсімдік майларын қосасыз;
  3. Сосын кофені блендермен араластырасыз. Сонда өте пайдалы әрі арықтауға көмектесетін ерекше кофе дайын болады.

Мұндай кофені кімдерге ішуге болмайды?

Сары май салынған кофе диетасы мына аурулармен ауыратындарға ұсынылмайды:

  • Жүрек және қан тамырлары;
  • Асқазан-ішек жолдары аурулары;
  • Гипертония,
  • Кофеге қосылатын қоспаларға аллергиясы барларға;
  • Жүкті әйелдер мен емізулі аналарға;
  • Сондай-ақ, 16 жасқа дейінгі балаларға бұл сусынды ішуге болмайды.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Арықтауға көмектесетін нанды өзіңіз-ақ пісіре аласыз!


Гүлвира Ибраева, диетолог: «КҮЙЕУІМ 26 келі САЛМАҚ ТАСТАДЫ»

КАРАНТИН кезінде ДИЕТА ЕМЕС, дұрыс ТАМАҚТАНУДЫ қолға алыңыз!