Мұны жасасаңыз, 40 күнде "ТАП-ТАЗА" адам боп шыға келесіз

0
2 167

Тезірек жасарып, саулығыңызды арттырғыңыз келе ме? Сондай-ақ, бүкіл ағзаны тазартып, 40 күн ішінде «тап-таза», «жап-жаңа» адамға айналуды қалайсыз ба? Олай болса, өте ескіден келе жатқан біз ұсынатын мынадай халықтық тәсілді пайдаланып көріңіз.


Мұны жасасаңыз, 40 күнде


Інжір деген жеміс ағашын естуіңіз бар ма? Егер естіген болсаңыз, халықтық емдеу тәсілін дәл осы емдік жемістен дайындайтын боламыз. Алдымен оның пайдалы жақтарына тоқталып өтейік.


Інжір өте пайдалы, емдік қасиетке бай жемістердің бірі. Аталмыш жеміс адамның ағзасын толықтай тазартып, жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізе алады. Оның ең пайдалы сорты – ашық-сары түстісі. Оның құрамындағы табиғи қант ағзаға жеңіл сіңіп, энергия береді, көңіл-күйді көтереді, жұмыс істеуге деген құлшынысты арттырып, ақыл-ойды дамытады екен.


Кептірілген інжір қарынның ашуына ұзақ уақытқа дейін жол бермейтін жасұныққа бай жеміс. Сонымен қатар, бұл жемістен калий, кальций, магний, темір және В тобындағы дәрумендерді ала аласыз. Інжірдің пайдасы ұшан-теңіз. Әсіресе інжір мен зәйтүн майынан дайындалған тұнба асқорыту жүйесінің жұмысын жақсартып, артық салмақтан арылуға, ағзадан токксиндерді шығаруға көмектеседі. Бұдан бөлек, бұл тұнба бет-жүзіңізді нәрлендіріп, жасартатынын ұмытпаңыз.


Тұнбаны дайындау үшін:

  • 20 дана інжір
  • Зәйтүн майы қажет.

20 дана інжірдіҢ әрбірін ортасынан қақ бөліп, банкаға саласыз. Содан соң банканы толтыра зәйтүн майын құю керек. Майға інжір барынша батып тұрғаны дұрыс. Осы қалпында банканы тоңазытқышқа салып, 40 күн сақтайсыз.

40 күннен кейін інжірдің жарты бөлігі мен 1 шай қасық зәйтүн майын таңертеңгілік астан 5-10 минут бұрын ішесіз. Тұнбаның емдік қасиетін ішкен бойда сезінуге болады. Осылайша інжір мен зәйтүн тұнбасын 40 күн бойы ішіп, жоғарыда айтқандай нәтижеге жете аласыз. Емдік тәсілді жылына 2-3 рет жасауға болады.


Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтай алмаудың себебі гормондар ма?


ДҰРЫС АРЫҚТАУ: 6 АЙДА салмағыңыздың 10 пайызын ТАСТАСАҢЫЗ ЖЕТЕДІ