Мына 6 белгі сіздің арықтап жатқаныңызды білдіреді

0
6 208

Арықтау мәселесі сізді де мазалай ма? Диетадасыз, бірақ арықтап жатқаныңызды білмей қалатын кез бола ма?


Мына 6 белгі сіздің арықтап жатқаныңызды білдіреді

Кей кездері арықтау үшін барлық күшіңізді салсаңыз да, нәтижесін байқау қиынға соғады. Таразы да сол бір салмақты көрсетуінен жаңылмайды. Алайда таразы көрсеткен цифрлар арықтаудағы ең басты көрсеткіш пе? Мамандар не дейді?

Мамандар таразы көрсеткен цифрларға сенбеңіздер дейді. 1-2 апта бойы сол бір салмақта тұра беруіңіз мүмкін. Бірақ содан кейін салмақ өздігінен түсе бастайды. Бір қарағанда сырт келбетіңізде өзгеріс жоқ сияқты көрінгенімен дене-бітім жақсы жағына қарай өзгере бастайды. Ендеше арықтағаныңызды білгіңіз келсе, мына белгілерге назар аударыңыз!


Киімдеріңіз кеңейеді

Әркімнің физиологиялық жағдайы әртүрлі. Мысалы, біреулер 1-2 апта ішінде көп салмақ тастап жатса, енді біреулерге ондай нәтижеге қол жеткізу үшін бірнеше ай жаттығуға немесе диета ұстауға тура келеді. Дегенмен, адамның арықтауы тек диетаға, физикалық жаттығуларға ғана емес, зат алмасу процесіне де байланысты. Кімде зат алмасу жүйесі жылдам жұмыс істейтін болса, арықтау да сол құрлым тез болады. Уақыт өте келе сіз арықтап жатқаныңызды киіңмдеріңізден-ақ байқайсыз. Бұрынғы киген, бірақ сыймай қалған джинсы шалбарыңызды киіп жүргеніңізді өзіңіз де байқамай қаласаз. Ал, таңы 1-2 ай өтсе бұл шалбарларды белдік тағып киюге тура келеді. Яғни, диетаның арқасында салмағыңыз азайма са да бастапқы кезде киімдеріңіз кеңейеді екен.


Тамақты аз жейтін боласыз



Уақыт өте келе тәттіге деген құмарлығыңыз басылып, күнделікті жейтін тамағыңыздың да көлемі азаяды. Бұл арықтау кезіндегі жақсы белгілердің бірі. Тамақтың мөлшері азайғанын сезгенде, өз-өзіңізге есеп беріп, көп тамақ жемей жүргеніңізді байқайсыз. Сонымен қатар, жеңілдей бастағаныңызды сезінесіз. Тамақтанып болғаннан кейін де қарныңыздың қатты тоймағанын сезсеңіз – бұл арықтау кезіндегі ең жақсы әдет.


Сурет жиі түсе бастайсыз

Суреттер арқылы салмағыңызды сырттай бақылай аласыз. Кейде салмағыңыздың азайғанына сенбей жататын кездер болады. Осындайда алдыңғы түскен суреттер мен соңғысын салыстырсаңыз бәрін де анық көруге болады. Суретке түсуді бастау қиындау болуы мүмкін. Бірақ та өз-өзіңізге мотивация беру үшін суретке түсу маңызды рөл ойнайды.

Алдымен денеңізді толықтай суретке түсіресіз. Сосын әр дене мүшені бөлек-бөлек суретке түсіру керек. Аталмыш суреттерді дейін/кейін деп жазып сақтап қоясыз. Біршама уақыттан кейін суреттерді салыстырасыз. Сөйтіп арықтау бастаған кездегі суреттеріңізді әлеуметтік желіге салып, статусқа қоя бастайсыз. Бұл әрекеттер сіздің арықтай бастағаныңызды айғақтайды.


Энергияңыз артады

Таңертең ұйқыңыздан оятқыштың көмегінсіз-ақ тұратын боласыз. Шаршаңқылық пен ұйқышылдық жойылып, арықтауға бір қадам жақындайсыз. Үнемі қозғалыста болсаңыз, діттеген мақсатыңызға жету де қиын болмайды.


Көңіл күйіңіз жақсарады

Артық майлар жойылғаннан кейін адам өзін жеңіл сезініп, барлық нәрсеге икемді бола бастайды. Өмір жайлы әрі қызықты болып, көңіл күйіңіз көтеріледі. Арықтап жатсаңыз жаттығу жасауға қиналмайсыз. Сонда одан әрі арықтауға деген құлшынысыңыз артып, семіздіктен құтыласыз.


Дұрыс тамақтануды әдетке айналдырасыз

Өз бойыңыздағы өзгерістерді байқағаннан кейін, өз-өзіңізге сүйсініп, жейтін тамағыңыздың да өзгергенін әрі оны қалай сүйіп жегеніңізді байқамай да қаласыз. Тамақтану рационында көкөністер мен жемістер көбейіп, таңғы асқа пайдалы сұлы ботқасын жейсіз. Себебі дұрыс тамақтану кезінде тек артық салмақтан арылып қана қоймай, шаш пен тырнақтың, терінің сапасы жақсарады.

Осы белгілерге қарап-ақ сіз өзіңіздің арықтап жатқаныңызды аңғара аласыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Өте танымал ЖАПОН диетасы: жұмыртқа мен кофе


Тез АРЫҚТАУ үшін КӨК түсті ЫДЫСпен тамақтану керек


Крахмалға бай КАРТОППЕН арықтауға болады - дәрігер