​Мына азық-түліктер ағзаны ТЕЗ ҚАРТАЙТАДЫ

0
3 403

Өз жасыңыздан үлкен көрінгіңіз келмесе, яғни, ерте қартаюды қаламасаңыз, мына азық-түліктерден бас тартуды үйреніңіз!


​Мына азық-түліктер ағзаны ТЕЗ ҚАРТАЙТАДЫ

Мұндай азықтар сырт келбетіңізді ғана қартайтып қоймайды, сонымен бірге ішкі ағзаларға да кері әсер етеді. Генетикалық тұрғыда сіз жас әрі әдемі болуыңыз мүмкін. Дегенмен жас көрінуге көмектесетін немесе жасыңызды ертерек ұлғайтуға қызмет ететін азық-түліктер бар. Осылардың бір парасына тоқталып өтейік.


Ақ нан


Бір орында отырып жұмыс істейтіндер үшін ақ нан өте қауіпті болуы мүмкін. Әсіресе семіруге бейім жандарға диетологтар ақ нанды жиі жеуге кеңес бермейді. Сондай-ақ ақ нанды көп жесеңіз қант диабеті мен семіздікке шалдығуыңыз ғажап емес. Ақ нанның гликемиялық индексі өте жоғары болғандықтан да қанның құрамындағы қант мөлшерін арттырады.

Соңғы уақытта диетологтар қант пен тұзды ғана емес, ұнды да «ақ өлімге» жатқызады. Олардың құрамындағы заттар қартаюды жылдамдатып, созылмалы ауруларды қоздырады. Сол себепті де ақ нанды көп жемеген дұрыс.


Транс-майлар мен маргарин

Ғалымдардың зерттеуінше сары майға қарағанда маргаринді көп қолданатындарда көбірек әжім пайда болады екен.Ал, транс-майлар жүрек-қан тамыр аурулары мен онкологиялық аурулардың пайда болуына және де семіруге себеп болуы мүмкін. Өйткені маргарин де, транс-майлар да қанның жүруін баяулатады. Мұндай майлар фаст-фудта, майлы тағамда, маргаринде бар.

Картошкадан жасалған фри, чипсы сияқты майға қуырылған өнімдер де денеге май болып жабысып, артық салмақтың жиналуына себеп болады. Оның үстіне мұндай тағамдарда тұз өте көп. Тұздар ағзаны ерте қартайтып, басқа да мүшелерге кері әсер етеді.

Ағзаның тез қартаюына ықпал ететін азық-түліктер көп-ақ. Бірақ жоғарыда айтылғандары ең зияндылары деуге болады.


Ағзаны жасартатын әрі артық салмақ қостырмайтын азық-түліктер де бар. Олар мыналар:

Анар: дәрумендер мен антиоксидантқа бай бұл жеміс ағзаны нәрлендіріп, күш-қуатыңызды арттырады. Теріні жағымсыз әсерлерден қорғап, семіздікке бой алдырудан қорғайды.

Зәйтүн майы: омега-3 май қышқылдарын бойына жинаған зәйтүн майы өте пайдалы. Май қышқылдары жасаруға, семірмеуге, сондайы-ақ ағзаны «тірілтуге» айтарлықтай үлес қосады.

Қаражидек: Антиоксидантқа бай бұл жидек қан тамырларын тазартып, қан қысымын түсіреді.

Көк шай: Көк шай тәбетті басып, астың тез қорытылуына көмектеседі. Бұдан бөлек, теріні күннің күлгін сәулелерінен қорғайды.

Көк түсті көкөністер: Саумалдық пен қырыққабат ең пайдалы көкөністердің бірі. Бұлардың құрамындағы К, А, С және Е дәрумендері қартаюға қарсы күресіп, қабыну процестерін болдырмайды. Сонымен бірге ағзаны да, теріні де жасартып, әдемілік сыйлап, сымбатыңыздың сымдай тартылуына қызмет етеді.

Майлы балық: Жалпы балықтың құрамы өте сирек кездесетін дәрумендерге, пайдалы заттарға бай. Балықтағы омега-з майлы қышқылы да қабынудың алдын алады.

Су: Ағзаның қартаймауына, салмақтың азаюына айтарлықтай үлес қосатын сусынның төресі – қарапайым су. Су барлық зат алмасу жүйесін реттеп, теріні ылғалдандырады. Сонымен қатар, салмақтың қалыпқа келуіне өз үлесін қосары сөзсіз. Суды көп ішкен сайын бүкіл ағзаңыз жақсы жұмыс істейтін болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қарындағы майды кетіретін 3 ЛАЙФХАК


Қант пен тұз теріге кері әсер ететінін білесіз бе?