​Қант пен тұз теріге кері әсер ететінін білесіз бе?

0
4 562

Ішкен-жегеніңіз бетіңізге шығып тұрады!


​Қант пен тұз теріге кері әсер ететінін білесіз бе?

Көп адамдар күнделікті ішіп жүрген асына көңіл бөле бермейді. Зиянды тағамдардың тек қана денсаулыққа емес, терінің саулығына да кері әсер етеді. Мәселен, тұз бен қантқа бай тағамдарды жегеннен кейін терінің түсі өзгеріп, әжім түсе бастайды. Сондай-ақ, дұрыс тамақтанбаудың әсерінен бет пен көз айналасы ісініп, тіпті, көздің астыңғы жағы қарайып кетеді. Терінің осылайша тез бұзылуына қандай азық-түліктер әсер ететінін білгіңіз келсе, төмендегі кеңестерге көз жүгіртіңіз!


Кофеин

Шай, кофе және газды сусындар сергектік сыйлап қана қоймай, теріні құрғататын жағымсыз қасиетке де ие екен. Тері құрғаған сайын тегістігін, серпімділігін жоғалтып, түсі де өзгереді. Әжімдер пайда болып, адам ерте қартая бастайды. Сондықтан да тері саулығын сақтағыңыз келсе, шай мен кофе ішуді азайтып, терінің ылғалдылығын арттырыңыз.


Сүт өнімдері

Кальций элементіне бай сүт өнімдерінің теріге зиянды болуы мүмкін бе? Иә, мүмкін дейді мамандар. Себебі сүт өнімдері соңғы зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, теріге кері әсер етеді екен. Осындай әсерді болдырмас үшін сүт өнімдерінің тексеруден өткен, ең сапалы түрін алып ішуге тырысыңыз. Егер сүт өнімі теріге жағымсыз әсер сыйлайтын болса, мұндай тағамнан дер кезінде бас тартып, басқасына ауыстырған дұрыс. Болмаса біраз уақытқа дейін сүт өнімін ішпегеніңіз абзал.


Қант


Қант та тұз бен сүт өнімдері секілді терінің саулығына кері әсер етіп, түрлі бөртпелердің шығуына себеп болуы мүмкін. Кәмпит пен шоколадты көп жейтіндердің тері тіні бітеліп, ылғалданбай қалады. Соның кесірінен көздің астында көкпеңбек дақтар пайда болып, ісініп кететін болады. Сонымен қатар, теріні қабындырып, инфекциялық жағдайларға да апаруы ғажап емес.


Алкогольді ішімдік

Алкогольді ішімдіктің қай түрі болсын теріге зиянды. Оны аз көлемде ішесіз бе, көп мөлшерде ішесіз бе зияны бәрібір тиеді. Терінің саулығын арттырамын десеңіз, мұндай ішімдіктен бас тартқан дұрыс. Себебі, алкоголь ішкеннен кейін бет терісі құрғап, қабыршақтана бастайды. Көздің астыңғы жағы ісініп, ішкеніңіз бірден байқалып тұрады. Ал, теріңіздегі мұндай жағымсыздықты тезірек жойғыңыз келсе, көбірек су ішу керек.


Тұз

Тұзсыз тағамның дәмі кірмейтіні сөзсіз. Бірақ та тұзды көп пайдалансаңыз, терінің саулығына зиянын тигізеді екен. Тұз қан тамырларының тарылуына, ағзадағы коллагеннің азаюына әкеп соқтыратын зиянды дәмдеуіштердің бірі. Онсыз тамақ жеу де мүмкін емес. Сондықтан да тұзды тамаққа аз-аздан қосуды әдетке айналдырыңыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тез арықтауға болмайды: АПТАСЫНА -2 кг жеткілікті


ОҢАЙ АРЫҚТАУ: таңертең салқын душ қабылдаңыз