Семірмейтін қыздардың 8 құпиясы

0
1 909

Сіздің де сымбаты келіскен, тағамды қанша жесе де семірмейтін құрбыларыңыз бар ма? Әрбір томпақ қыздың мұндай досы болары сөзсіз.


Семірмейтін қыздардың 8 құпиясы

Олар сізбен бірге отырып тоя тамақтанады, қалағанын алып жейді. Алайда ешқашан семірмейді. Мұның себебін білгіңіз келе ме? Неліктен кейбір қыз-келіншектер артық салмақ жинауға бейім келеді, ал, кейбірі мүлде керісінше?!


Ұйқыны қандырады


Ұйқы қанған жағдайда көп мәселелер шешіледі. Дене-бітімі үнемі бір қалыпта жүретін қыздар осыны жақсы біледі. Олар түнде ұйқыға кеш жатса, таңертең ерте тұрмайды. Сондай-ақ түнде ұйқысы бұзылған болса, ертеңіне түс мезгілінде ұйықтап алуға тырысады. Осылайша бұл бикештер созылмалы шаршау мен ұйқының қанбауына жол бермейді. Сондықтан да энергияға бай болады. Ал шаршау адам ұйқыны ашу үшін кофе мен тәтті торт немесе шоколад жейтіні белгілі.


Өз қалауын орындайды

Өз қалауын тек тағамнан іздемейді. Өмірінің қызықты өтуіне мән беріп, саяхатқа шығады, серуендейді, достарымен кездеседі. Тіпті, өз жанына жақын іспен шұғылданып, хоббиімен айналысуы да мүмкін. Өзіңізді қуантуға осындай жағдайлар жасасаңыз, артық тамақтанудың қажеті де болмай қалады.


Диета ұстамайды


Олар өздерін қинамайды. Қатал диеталарға отырып, өзі қалаған тағамнан бас тарту бұл қыздарға арналмаған. Олар қай уақытта не қалайды, қандай тағамды жегісі келсе, соны жейді. Торттан да ауыз тиюі мүмкін. Бірақ, семіздікке бейім қыздар секілді бір тортты бір өзі жей салмайды. Бір кесегін жегеннен кейін тоқтай алады. Себебі, одан әрі тәбеті тартпайда десе де болады.


Ешқашан асықпайды

Олар тамақты асықпай-аптықпай, бір қалыпты отырып ішеді. Тағамның дәмін сезініп, рахаттана отырып тамақтанады. Өйткені фигурасы келісті арулар асқазанға тағамның түскенін мидың тек 20 минуттан кейін ғана қабылдайтынын біліп, өмірде ғалымдардың осындай зерттеулеріне сүйенгенді қалайды. Бұған сенетіндері де сенбейтіндері де бар. Дегенмен, тағамды асықпай жеуге тырысатынын есте ұстауымыз керек.


Қарны ашқан кезде ғана тамақтанады



Олар қарнының ашпағанына қарамастан құрбысымен немесе әріптестерімен, жолдасымен жай ғана бір үстелдің басында серік боп отырғаны үшін тамақтана салмайды. Алдына келгеннің бәрін аузына апара бермейді. Мұндайда олар лимон салынған қарапайым су немесе шай ішіп отыруы ғажап емес.


«Шынайы» азық-түліктерді пайдаланады

Көбіне диета ұстайтын қыз-келіншектер қант алмастырғышты немесе басқа да тағамның орнын алмастырғыштарды пайдаланып жатады. Ал, сымбатына көңілі толатын қыздар кәдімгі қантты, сүт пен майды, сүзбені ойланбай жей алады. Себебі, «шынайы» тағамнан азырақ ауыз тисе, соның өзі жетіп жатыр.


Тыным таппайды

Семірмейтін қыздар жаяу көп жүреді екен. Сонымен қатар би билеп, кешкілік уақытта серуендеуді әдетке айналдырған. Олар фитнес оталықтарына баруға да қиналмайды. Өзіне ұнайтын спортпен шұғылданып, өзіне ұнайтын іспен айналысады.


Стреспен күресуді біледі

Семіздікке бейім қыздар көбіне сырын ішіне жасырып, стреске шалдығып жатады. Мұны олардың өздері сезбеуі де мүмкін. Бірақ үнемі стрестік жағдайда жүретіндіктен олар тамақты асыра жеп, өздерін басқара алмайды. Ал, сымбатты қыздар ойын ашық айтып, стрестен шығудың жолдарын іздейді. Тек қана стрестен құтылудың бірден бір жолы – бір кесек шоколад деп ойламайды.


Өздерін ұстамдылыққа тәрбиелейді


Қанша айтсақ та адамның артық май жинауына тағамның калориясы әсер етеді. Ал, ешқашан семірмейтін қыздар қай уақытта болмасын өз-өздерін қолға ала алады. Өзінің ең сүйікті тағамын алдына қойса да олар артық жемейді. Ал, жеп қойған жағдайда тез арада артық маймен күресіп, оны жоюға тырысады. Босаңсу дегенді білмейтін мұндай қыздар тұрмысқа шығып, балалы болғаннан кейін де мүсінінің дәл солай сақталуын қадағалайды. Міне, сондықтан да олар ешқашан семірмейді.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Тағамға нан қосып жеу - СЕМІЗДІККЕ апарар жол


Шашы тез МАЙЛАНАТЫНДАРҒА арналған СУПЕР диета

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет