«Сен НЕ ЖЕСЕҢ - СОЛСЫҢ!» - семіз болсаң, өзіңе ғана өкпеле!

0
647

Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе? Өзіңіздің қандай екеніңізді айналаңыздағылар осыдан-ақ біледі.


«Сен НЕ ЖЕСЕҢ - СОЛСЫҢ!» - семіз болсаң, өзіңе ғана өкпеле!

2-маусым – дұрыс тамақтану және тамақтанудан бас тарту күні. Дұрыс тамақтану күні әлемдік деңгейде бейресми түрде аталып өтеді. Аталмыш мерекені артық салмақтан арылуды қалайтын желі қолданушылары 2011 жылдың 2-маусымында ұсынған екен. Бұл күні өтетін барлық іс-шаралардан адамдар тамақтану әдебі мен мәдениеті жайлы көптеген ақпараттар алып, біршама түсініп қайтады.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта өзінің не үшін тамақтанатынын, тіпті, қарны аш-тоқтығын да білмейтін жандар бар. Соған қарамастан алдына келген асты шайнамай жұтып, қарнын сипағанына мәз болады. Тамақтану әдебін білмейтіндер көшеде не болса соны жеп, айналасындағыларға жағымсыз әсер қалдырып жатады. Себебі олар «Сен не жесең – солсың!» деген алтын қағиданы білмесі анық.

Мысалы, белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып жүрсіз делік, алайда дұрыс тамақтануды қолға алмай, тым көп жейсіз. Салдарынан ешқашанда арықтамайсыз! Осыдан-ақ сіздің «кім» екеніңізді аңғара беруге болады.

Тағамға талғаммен қарап, тек денсаулыққа пайдалысын ғана тұтыну – күш-қуатты арттырып, дене-бітімімізді нығайтатынын, ал оның хош иісі мен дәмі - көптеген жағымды эмоцияларды сезінуге мүмкіндік беретінін ұмытқандаймыз. Денсаулықты бір қалыпты ұстауға дәрісіз-ақ, дұрыс тамақтанудың көмегімен қол жеткізуге болады. Ендеше дұрыс тамақтанудың басты қағидаларына тоқталайық.


Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

1. Артық салмақтан арыламын деген мақсат қойыңыз. Ол үшін алдымен дене салмағының индексін шығарып алыңыз. Мұнда Назгүл Бисенбаева ұсынған керемет формула бар. Сол формула бойынша дене салмағының индексін есептейсіз. Сонда өзіңізге қаншалықты дұрыс тамақтану керектігін түсінетін боласыз.


2. Артық салмақ семіздікке, атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, ұйқының бұзылуы және тағы басқа көптеген ауруларға шалдықтырады. Сондай-ақ, семіздік тоқ ішек, сүт безі мен жатырда қатерлі ісіктің пайда болуына себеп болуы да мүмкін. Дамыған елдерде семіздік бүкілхалықтық медициналық, тіпті, әлеуметтік проблемаға айналуда.


3. Жасұныққа бай азық-түліктерді тұтыныңыз. Оларға көкөністер, жеміс-жидектер, ірі тартылған ұннан пісірілген нан, ботқалар кіреді. Мұндай тағамдар іш қатуына жол бермей, зат алмасуды реттеп, онкологиялық аурулардың алдын алады. Керісінше, қатерлі дертті болдырмай, денсаулықты нығайтады.


4. Балықты кем дегенде аптасына 2 рет жеңіз.


5. Құрамы жеңіл қорытылатын көмірсуларға бай кәмпит, бөлішке, тәттілерді тартынып жеңіз. Мұндай тағамдар салмағыңызға салмақ қосып, зат алмасу жұымысын бұзып, тіс ауруларын қоздырады. Өйткені семіздікке шалдыққандар көбіне шайды кәмпитпен ішіп, тамақтану арасында бөлішке, бутербродтарды жеп алады.



6. Майлы етті, майды аз жеңіз. Себебі, тым майлы етті жеудің салдарынан тік ішекте, сүт бездерінде қатерлі ісік пайда болуы мүмкін.


7. Қуырылған тағамды да барынша шектеңіз. Өсімдік майын пайдаланып, тағамдарды буға пісіріп, қайнатып жеуге тырысыңыз.


8. Суды көп ішу керек.


9. Күніне кофені 3 кеседен асырмай ішіңіз.


10. Кешкі тамақты ұйқыға жатардан 2 сағат бұрын ішуге дағдыланыңыз.


11. Ұзақ уақыт бойы сақаталатын консервілерден, шұжықтардан, құрамы зиянды қоспаларға бай тәтті сусындардан бас тартыңыз.


Салауатты өмір салты – созылмалы аурулар мен семіздіктен құтылудың ең керемет жолы. Осыны ұмытпаған абзал! Тым болмаса дұрыс тамақтану күнінде тамақтану әдебі мен мәдениетіне көңіл бөліп, өз денсаулығымызды күтейік!

Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

"Ораза - диетаның бір түрі" дегенге қосыласыз ба?

7 күнде 7 келі САЛМАҚ ТАСТАУҒА 90 пайыз судан тұратын көкөніс КӨМЕКТЕСЕДІ

Бананмен арықтаған да пайдалы

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет