Созылған ҚАРЫНДЫ кішірейтудің ЕҢ ТИІМДІ тәсілі

0
5 945

Тамақты көп жейсіз бе? Олай болса сіздің қарныңыз созылған болуы мүмкін...


Созылған ҚАРЫНДЫ кішірейтудің ЕҢ ТИІМДІ тәсілі

Семіздікке бейім, артық салмақпен өмір бойы күресетін жандар бұл мәселеден қалай құтыларын білмейді. Олар диета да ұстайды, физикалық жаттығулармен де айналысады. Алайда, көп өтпей-ақ бәрін тастайды. Тіпті, ұмытып кетеді деуге де болады. Себебі, өзі күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.


Осындай жағдаймен таныс жандардың семіздікке шалдығуының бірден-бір себебі – қарынның созылуы екен. Тамақты шегінен асырып жейтіндердің қарны бірнеше есеге үлкейіп кететін көрінеді. Ал, бұл тығырықтан шығудың жалғыз амалы – қарынды кішірейту.


Созылған қарынды кішірейтуге арналған диета

Қарынды қалыпқа келтіру үшін дұрыс тамақтануды қолға алып, тағамның көлемін азайту керек. Сонымен қатар, тыныс алу жаттығуларын жасауды да қолға аласыз.

Дегенмен, бұл оңай шаруа емес. Диета арықтағысы келетін адамнан әжептеуір сабырлылық пен сенімділікті талап етеді.

Физикалық жаттығулармен айналысқанды ұнататындар үшін мына жаттығулар пайдалы:

Ішпен билеу;

Йога;

Пресс жасау

Вакуум және т.б.

Қарынды кішірейтуге арналған диетаны дұрыс таңдау үшін алдымен диетологтың көмегіне жүгінген дұрыс. Егер өзіңізге сенімді болсаңыз, мына диетаны қолдануыңызға болады. Ас мәзірінде ұсынылған азық-түліктердің орнын басқасымен алмастыруға да болатынын естеріңізге саламыз.


Есте сақтаңыз! Сорпа мен ботқаны кішкентай тәрелкелерге салып, шай қасықпен ішу керек. Егер дайын болсаңыз, диетаны бастайық!

Таңғы ас:

150 гр. ботқа мен 1 шыны шай.

Екінші таңғы ас:

Тәтті жемістерді жеу ұсынылады.

Түскі ас:

200 гр. сорпа мен 1 тілім қара нан.

Бесін ас:

1 стақан кефир немесе 0,5 стақан йогурт.

Кешкі ас:

Бұқтырылған көкөністер, қайнатылған тауық еті немесе 150 гр. балық.

Ұйқыға жатардан 2 сағат бұрын:

Балғын жемістер мен көкөністерді жеуге болады.


Әрбір тағамды асықпай шайнап, аз-аздан жеу керектігін ұмытпаймыз. Жалпы тамақтану уақыты 20 минуттан кем болмауы керек.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Ашқарынға ОСЫ МАЙДЫ ішкенде тез САЛМАҚ ТАСТАЙДЫ


ДТ тағамдар: АРЫҚТАҒЫСЫ келетіндер жеуге болатын пиццаның 2 ТҮРІ


МҰНДАЙ жағдайда ДИЕТА әсер етпейді