Төрт тәулік ТЕК ТАУЫҚ ЕТІМЕН тамақтансаңыз, таразыға түсуге тартынбайсыз

0
5 879

​Төрт-ақ күн жеткілікті. Тек төрт күн бойы тауық етін жейсіз. Осы ережеге бағынатын болсаңыз ғана ары қарай оқуды жалғастырыңыз!


Төрт тәулік ТЕК ТАУЫҚ ЕТІМЕН тамақтансаңыз, таразыға түсуге тартынбайсыз

Мұндай диета әсіресе белгілі бір мерекелерден соң не болмаса қонаққа барғаннан кейінгі күндерге арналады. Сол уақытта тоқтаусыз ішіп-жеген зиянды тағамдарды ағзадан шығаруымыз керек. Әсіресе бұл асқазанның, бауыр мен ұйқы безінің демалуына жақсы көмектеседі. Сондай-ақ, арықтаудың да оңай жолы болмақ.

«Күні бойы тауық етін жеп арықтап алдым. Енді басқа күндері қалағанымды жей берсем болады» деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Себебі мұндай бір ғана тағам жеп, қатаң диета ұстаған соң ары қарай да дұрыс тамақтануды жалғастырған дұрыс. Тіпті, тамақтың құнарлылығын есептеп, шамадан асырмауға тырысыңыз.

Ең дұрысы дұрыс тамақтанумен қатар спортты да бірге алып жүру керек. Ал, тек тауық етін жеуді айына екі рет жасап тұруға болады.

Арықтауға ең жақсы көмектесетін тағамдардың бірі – тауықтың төс еті. Тауық етімен диета ұстау соншалықты қиындық тудырмайды. Алмамен, айранмен диетаға отырсаңыз ашығуыңыз мүмкін. Алайда тауық еті қарынды аштырмауға, әлсіремеуге көмектеседі. Тауықтың ақ еті протеиндерге бай болғанымен, оның құрамындай май аз. Сондықтан да тауық еті пайдалырақ.

Бүгін біз сіздерге тауық етімен дайындалған 4 түрлі ас мәзірін ұсынатын боламыз. Бірақ та ас мәзіріне тоқталмас бұрын диетаның өзіндік талаптарын айта кетейік.

Диета барысында таза тауықтың етін пайдаланасыз. Сонымен қатар, түрлі көкөністер мен қышқыл сүт өнімдерін де қосуға болады. Күніне міндетті түрде 1,5 л су ішу керектігін ұмытпаңыз. Тұз бен қантты шектеуді де естен шығармау керек.

Таза су іштегі ауыр заттарды шығаруға септігін тигізеді. Сол себепті де су ішкен өте пайдалы. Бірақ та шөп шайлар, морстар, минералды су ішсеңіз де артықтық етпейді. Сондай-ақ, диета кезінде жаттығулар жасап, моншаға баруға болады. Аталмыш мәзірдің бірін таңдап, 4 күн бойы осы мәзірге сүйеніңіз.


1-мәзір – тауықтың төс еті мен сорпа

Күні бойына тамақтану үшін 500 гр. тауықтың төс еті қажет. Тауықты суға салып қайнатып, бір қайнаған соң суын төгіп тастап, жаңа су құясыз. Сосын тауықты піскенше қайнатасыз. Сорпаның дәмін кіргізу үшін кез келген көкөністі (пияз, сәбіз, балдыркөк, жасыл бұршақ) қосуға болады. Сорпа дайын болғанда көкөністерді сүзіп алып тастайсыз.

Осылайша дайындалған сорпаны күні бойы ішіп, тауық етін жеу керек. Ал, тамақтану арасында су және көк шай ішіңіз.


2-мәзір – тауық еті мен көкөністер

Күні бойы 300 гр. ет пен 500 гр. кез келген көкөніс жеуге болады. Тауық етін қайнатып, көкөністерді балғындай да, қайнатып та жей аласыз. Сонымен бірге ашытылған қырыққабатты жеу де ұсынылады. Тұз бен соя соусын пайдалануға болады.


3-мәзір – тауықтың төс еті мен грейпфрут

Үшінші мәзірге 300 грамм тауық етін жеу ұсынылады. Сонымен қатар, 500 мл грейпфрут шырыны қосылған су ішесіз. Сондайақ, 2 дана грейпфрут жеуге болады.


4-мәзір – тауықтың төс еті мен кефир

180 грамм тауықтың төс етін үшке бөліп, осыны ғана жейге тура келеді. Ал, сұйық тағамдардан 1 л майсыз айран ішуге рұқсат.

Егер осы айтылған мәзір бойынша тамақтанып, күнделікті жаттығу жасайтын болсаңыз, 1 күнде 1,2 кг салмақ тастайсыз. Ал, екі күнде 3 келіге арықтауға болады. Осындай тамаша мүмкіндікті жіберіп алып жүрмеңіз. 2 күнде 3 келіге арықтау өте керемет нәтижелердің бірі екені даусыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тез арықтағыңыз келсе, ТАҢҒЫ асқа 2 дана ЖҰМЫРТҚА жеңіз


ТҮНГЕ қарай қарныңыз ашса, мыналарды ЖЕСЕҢІЗ, СЕМІРМЕЙСІЗ!


Мына 7 ЛАЙФХАК артық тамақ жемеуге көмектеседі