Ұзақ уақыт бойы қарынның ашуына жол бермейтін 6 сусын

0
2 361

Қарынның ашқанын басатын әрі ұзақ уақыт бойы тоқшылық сыйлайтын сусындар жайлы естуіңіз бар ма?


 Ұзақ уақыт бойы қарынның ашуына жол бермейтін 6 сусын

Өз салмағыңызға көңіліңіз толмаса осы сусындарды ішіп, арықтауға қол жеткізіңіз. Ендеше тамақтану арасында немесе түскі, кешкі ас уақытында көп жеп қоймауға көмектесетін сусындарды ұсынамыз.


Қантсыз нәрсу


Аталмыш нәрсуды дайындауға кез келген жеміс-жидекті пайдалануға болады. Қара қарақат, шие, алма, қаражидек, мүкжидек т.б. Тіпті, осы аталған жеміс-жидектердің бәрін бірге қайнатып, ерекше нәрсу жасауға да мүмкіндігіңіз бар. Нәрсу тәбетті басып, ағзаны дәрумендермен, минералды заттармен нәрлендіреді. Сонымен қатар, зат алмасу жүйесін жақсартып, ағзадан шлактар мен токсиндерді шығарады. Сондықтан да балғын нәрсуды ішкен пайдалы. Ал, консервіленген нәрсуға қант қосылатыны белгілі. Арықтағыңыз келсе, қант қоспай ішуге тура келеді.


Алма мен мейіз қайнатпасы


Қышқылтым-тәтті дәмі бар қайнатпаны балғын алма мен мейізден дайындаймыз. Мұндай сусын тәбетті басып қана қоймай, асқазанның қышқылдылығын реттейтін қасиетке ие. Бір уыс мейіз бен 1 дана алманы кішірек ыдысқа салып, қайнатасыз. Сонда семіздіктен арылып, сымбатын арттырғысы келетін ханшайымдар мен емізулі әйелдерге, балаларға өте пайдалы нәрсу дайын болады. Мұндай нәрсуды қалағаныңызша іше аласыз.


Кептірілген жемістер нәрсуы

Ағзадан улы заттарды шығаратын кептірілген жемістер қайнатпасы қанды калий мен магний элементтеріне қанықтырады екен. Айтарлықтай құнарлы болмаса да біраз уақытқа дейін тоқ жүруге септігін тигізеді. Ал, қарныңыз қатты ашқан жағдайда осындай сусыннан 1 стақан ішсеңіз тамаққа деген тәбетіңіз бірден басылады.


Лимон шырыны мен бал қосылған сусын


Арықтауды қалайтын жандарда тәттіге деген құмарлық өте күшті болады. Міне, осындай сәттерде лимон шырыны мен бал салынған сусынды ішсеңіз, артық тамақтанудан сақтанасыз. Аталмыш сусынға зат алмасуды жақсартатын даршын мен кардамон дәмдеуіштерін және де бір шым-шым хош иісті жаңғақ ұнтағын қосуға болады. Иісі мұрынды жаратын керемет сусын диетаңызды бұзып алуға жол бермей, арықтауыңызға көмектеседі. Сол себепті де арықтауды қатты қаласаңыз, дер кезінде осы сусынды ішуге әдеттеніңіз.


Итмұрын қайнатпасы

Итмұрын С дәруменіне бай. Бұжан бөлек итмұрынның пайдасы өте көп. Егер сіз диета ұстап жүрген болсаңыз, итмұрыннан қайнатпа дайындап, тәбетіңіздің қатты ашылуына кедергі келтіріңіз. Сонда сымбатыңыз сымдай тартылып, аштық пен шөлді сезінбейтін боласыз.


Айран



Көбіне салмағына салмақ қосып алатындар екі тамақтану арасында тіскебасар жеп алады еке. Осыдан соң олар семірмегенде кім семірсін?! Егер осындай тіскебасар тәттілерді 1 стақан майсыз айранмен алмастыратын болсаңыз, қиялыңыздағы фигураға қол жеткізесіз. Бірден емес, әрине. Бірақ соңында сіздің жеңіске жететініңіз анық. Өйткені айранның құрамы құнарлылығы төммен майлардан тұрады.

Қалауыңызға қарай айранға даршын немесе насыбайгүл дәмдеуіштерін қосып ішкеннің де артықтығы жоқ.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Байқатпай АРЫҚТАТАТЫН 7 ӘДІС


АРЫҚТАУҒА көмектесетін ЕҢ күшті ҚҰРАЛ


Жылдың ЕҢ ҮЗДІК ДИЕТОЛОГЫнан дұрыс арықтауға арналған 3 КЕҢЕС