​АРЫҚТАУҒА көмектесетін ЕҢ күшті ҚҰРАЛ

0
4 710

Зат алмасу жақсарса – арықтау да оңай. Себебі зат алмасу жүйесінің жұмысы жылдамдаған сайын, денеге май емес, бұлшықет жинала бастайды.


​АРЫҚТАУҒА көмектесетін ЕҢ күшті ҚҰРАЛ

Қазіргі күнге дейін зат алмасуды жақсартудың жолдарын қарастырып көрген де боларсыз. Тіпті, мынадай «Кофе ішсеңіз зат алмасу жүйесі жақсы жұмыс істейді», «40 жастан кейін зат алмасу жүйесін жақсарту мүмкін емес» және «Денеге ауыр күш түсіретін жаттығулар ғана оны жақсарта алады» деген сияқты қисынсыз әңгімелерді естіген де шығарсыз. Бұл әңгімелердің астарында шындық жатуы да мүмкін. Ендеше, зат алмасуды қалай жақсартуға болатынын әрі сол арқылы салмақ тастаудың жолдарын қарастырып көрейік.

Зат алмасу – біздің ішкен-жеген тамағымызды энергияға айналдыратын процесс. Денеміз сол тағамдар мен сусындардан, оттегі арқылы энергия бөліп, оның қалыпты өмір сүруіне жағдай жасайды.

Зат алмасуды көтеру арқылы көптеген калорияны жоюға болады. Семіздіктен арыла алмай, арықтаудың амалын таппай жүрген болсаңыз, зат алмасу жүйесін жылдамдатыңыз. Сонда ғана діттеген мақсатыңызға қол жеткізесіз. Бұдан бөлек, зат алмасу жақсарса, күш-қуатыңыз артып, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Сергектік сыйлап, ажарланып, әдемілене түсесіз. Мұның бәрі зат алмасу жүйесіне байланысты.


Ендеше, зат алмасуды қалай жақсартуға болады? Оның мынадай 3 жолы бар:

  • дұрыс тамақтану;
  • спорттық жаттығулар;
  • қалыпты ұйқы.


Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтанудың ең бірінші қағидасы – жиі-жиі тамақтану. Таңғы асты ұйқыдан тұрған соң жарты сағаттан кейін ішу керек. Егер осы 30 минут ішінде сіздің ағзаңыз құнар алмаса, қан құрамындағы кортизол заты көбейіп, зат алмасу жүйесін баяулатып тастайды.

Сондай-ақ, күні бойы әр үш сағат сайын аз-аздан тамақтануға дағдылану керек. Тағамның құрамы лажы болса, ақуызға бай болғаны дұрыс. Ал, түскі асқа көмірсуы көп көкөністерден дайындалған тағамдарды жеңіз. Үшінші қағида – көп су ішу. Ағзаға түскен судың көмегімен зат алмасу жүйесінің жылдамдайтынын мүлде естен шығармау керек. Осы қағидаларды қалт жібермей орындайтын болсаңыз, міндетті түрде салмақ тастайсыз!


Спорттық жаттығулар

Спортпен шұғылданудағы ең басты шарт – түрлі жаттығуларды жасау. Бір түрлі жаттығулар сізге көмектеспеуі мүмкін. Ал, зат алмасуды жақсартатын ең жақсы жаттығулар – денеге күш түсіретін кардиожаттығулар болып табылады. Осылайша денеңізге май емес, бұлшықет жинай бастайсыз. Бұлшықеттер артқан сайын, зат алмасу да қалыпқа келе бастайды.

Жаттығуларды орындау тәртібі былай:

20-30 минут кардиожаттығу жасайсыз. Жаттығу жасау барысында жүрек соғысы минутына 120-140 ретке дейін көтерілуі керек. Жаттығуды алдымен 8 рет жасасаңыз, артынша 6 рет, кейіннен сәл демалып алып, 4 рет тағы қайталайсыз. Осылайша аптасына 2 рет жасаған жеткілікті.


Қалыпты ұйқы


Ұйқысы үнемі қанбай жүретін жандар семіздікке шалдығып, зат алмасу жүйесі жұмысының бұзылуына ұшырайды. Ұйқы гормоны мелатонин адамның дұрыс демалып, күш жинауына ғана емес, сонымен бірге зат алмасу жүйесінің жақсаруына да көмектеседі. Сол себепті де зат алмасудың қалыпқа келгенін қаласаңыз, ұйқыны дұрыстаңыз.


Қалыпты ұйқыға қалай қол жеткіземіз?

  • Күн сайын бір уақытта ұйықтауға тырысыңыз;
  • Қараңғы бөлмеде ұйықтаңыз;
  • Смартфонды мүлде пайдаланбаңыз.

Соңғы зерттеулерге сүйенсек, ұялы телефон экранынан берілетін көк түсті жарық ағзадағы мелатонин гормонының азаюына әсер етеді екен. Ал, жоғарыда айтып өткеніміздей бұл гормон зат алмасуды жақсартуға ықпал етеді.

Бар-жоғы осы 3 қағиданы орындап, «АРЫҚТАУ» дейтін арманыңызға жетіңіз. Сымбатыңыздың көз тартарлық болуына қазірден бастап жағдай жасаңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Жылдың ЕҢ ҮЗДІК ДИЕТОЛОГЫнан дұрыс арықтауға арналған 3 КЕҢЕС


Қыста көп тамақ жеудің 5 СЫРЫ



7 күнде ЖАСАРЫП әрі СЕМІЗДІКТЕН арылуға болады