ЖАҢА ДИЕТА: АЙРАНМЕН әр күні 1 келі САЛМАҚ тастайсыз!

0
7 921

Айран- қазақтың ұлттық сусындарының бірі. Осы күнге дейінгі ұстаған диеталарыңыздан түк шықпаған болса, айранның көмегіне сүйеніп көріңіз!


ЖАҢА ДИЕТА: АЙРАНМЕН әр күні 1 келі САЛМАҚ тастайсыз!

Айран құнарлылығы төмен, зат алмасу жүйесін реттейтін ең пайдалы азық. Оның үстіне бұл сүт өнімі қарынның ашқанын тез басып, ағзаны нәрлендіреді. Ендеше артық салмақтан арылғыңыз келсе, жаңадан шыққан АЙРАН диетасын ұсынамыз.

1 апта ішінде 7 келі артық салмақпен қоштасуды қаласаңыз, екі күннің бірінде тек 1,5-2 л айран мен көк шай ішумен шектелесіз. Ал, қалған күндері тек ұсынылған тағамдарды ғана тұтынасыз.Бір күндік тағам құнарлылығы 1300-1500 ккал-дан аспағаны дұрыс.

Рұқсат етілген тағамдар:

  • Қайнатып дайындалатын сұлы жармалары мен басқа да түрлері жарайды. Ұнтақ жармасын пайдалануға болмайды.
  • Буға піскен майсыз ет, балық және теңіз өнімдері;
  • Йогурт, кефир және сүзбе;
  • Крахмалы аз көкөністер мен тәтті емес жемістер;
  • Азырақ бал мен зефир;
  • Тұзды да көп қоспаған дұрыс;
  • Күніне 2 дана қайнатылған жұмыртқа;
  • Тұтас дәнді нандар (цельнозерновые хлебцы);
  • Газсыз таза су;
  • Қара кофе, шөп шайлар, қантсыз нәрсулар.

Денедегі артық майлардың шығуына тек айран ішкен күндер ғана көмектеседі. Басқа күндері ағзаны әлсіреуден сақтау үшін тамақтануға тура келеді. Сол себепті де тек айран ішетін күні жаттығулармен айналысудың қажеті жоқ. Дегенмен, серуендеуге, суда жүзуге, қарапайым жаттығуларды жасауға болады екен. Егер жаттығу жасағыңыз келсе қалыпты тамақтанған күндері спортты қолға ала аласыз.

Тек айран ішіп, ағзаны демалдырғанда қосымша 1 дана алма немесе грейпфрут, 100 гр. қайнатылған тауық еті, 2-3 ас қасық сұлы ботқасы мен көк шай ішуге болады.

Аталмыш диета аз болса да дайындықты талап етеді. Диетаны бастамас бұрын 2-3 күн бойы тәтті жемейсіз, майлы тағамдарды, ұннан жасалған нандарды, тұзды, қақталған тағамдарды жеуге болмайды.


Ендеше дайын болсаңыз, АЙРАН диетасын бастаймыз!

1-күн. Тек айран ішесіз.

2-күн.

Таңғы ас: 1 шай қасық бал қосылған суға піскен сұлы ботқасы, йогурт.

Тіскебасар: алма, бірнеше дана бадам дәнегі.

Түскі ас: асқабақтан дайындалған езбе-сорпа, қайнатылған тауық еті.

Тіскебасар: майсыз сүзбе.

Кешкі ас: қайталған ақ балық, көкөніс салаты.

3-күн. Тек айран ішу керек.

4-күн.

Таңғы ас: буға піскен омлет, бір тілім ірімшік.

Тіскебасар: 1 дана зефир.

ТҮскі ас: қайнатылған қарақұмық пен үндік етінен жасалған жентектелген ет (фрикадельки).

Тіскебасар: 1 дана банан.

Кешкі ас: Майсыз сүзбе.

5-күн. Айран

6-күн.

Таңғы ас: айран мен бананнан дайындалған смузи.

Тіскебасар: алма.

Түскі ас: аскөк қосылған тауық сорпасы, 1 дана жұмыртқа, тұтас дәннен дайындалған нан.

Тіскебасар: 1 дана зефир.

Кешкі ас: қайнатылған сиыр еті, балғын көкөністер мен аскөк қосылған салат.

7-күн. Тек айран ішу шарт.


Айран диетасынан қалай шығу керек?

7 күнде арылған 7 келі салмақты қайта қосып алғыңыз келмесе, диетадан кейінгі алғашқы 3-4 күн бойы майлы, қуырылған тағамдардан бас тартып, ұннан жасалған тәттілерді жемегеніңіз дұрыс.

Қарсы көрсетілімдер: асқазан және ішек ауруларымен ауыратындарға ұстауға болмайды. Сонымен қатар, асқазанның қышқылдылығы артқан кезде, айран диетасын тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана ұстай аласыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Ұзақ уақыт бойы қарынның ашуына жол бермейтін 6 сусын


Байқатпай АРЫҚТАТАТЫН 7 ӘДІС


АРЫҚТАУҒА көмектесетін ЕҢ күшті ҚҰРАЛ