Жылдың ЕҢ ҮЗДІК ДИЕТОЛОГЫнан дұрыс арықтауға арналған 3 КЕҢЕС

0
9 400

Қазақстан Республикасының Ең үздік диетологы кім деп ойлайсыз? Қарапайым қазақ әйелі Гүлвира Ибраева инстаграм парақшасында кеше ғана осындай марапатқа қол жеткізгенін қуана жазған болатын.


Жылдың ЕҢ ҮЗДІК ДИЕТОЛОГЫнан дұрыс арықтауға арналған 3 КЕҢЕС

Марафоншы-диетологтар көптеген қыз-келіншектердің арықтауына көмектесіп, ақыл-кеңес беріп жүргені баршаға белгілі. Оның ішінде инстаграм желісі арқылы көпшілікке танылып жүргендері де жоқ емес.

4 баланың аяулы анасы Гүлвира Ибраева да бүгінде арықтау марафондарын жүргізіп, өзінің gulvira_vakuum жобасының авторы атанып үлгерген. Сондай-ақ жақын күндері ол ЕҢ ҮЗДІК ДИЕТОЛОГ деген атаққа ие болғанын да өзінің ресми парақшасында бөлісті.

Ал, семіздікпен "алысып" жүрген аруларымызға ЕҢ ҮЗДІК диетолог ұстанатын 3 қағиданы ұсынамыз:

1. Күрішпен тазалану.

2. Үйде таразы ұстамау.

3. "Жатқаннан гөрі отырған жақсы" ұстанымы.


Күрішпен тазаланып, 4 келі салмақтан арылыңыз!

"Арықтауды ағзаны тазалаудан бастағанмын. Бұл әдісті жылына екі рет пайдалануға болады. Өзім үш рет жасап, керемет нәтижесін көргенмін.


Күрішті дайындау тәсілі:

Кешкісін 1 ас қасық күрішті аламыз, оны жуып, кесеге салып күріш батып тұратындай етіп салқын су құямыз.

Осылай түнімен тұрады. Бөгеді. Бойында бос радикалдар пайда болады.
Таңертең суын төгіп тастап күрішті жейміз. Мен шикідей жеп те көргенмін, бірақ осы жолы таңертең 3-4 минут қайнатып жеп жүрмін, нəтиже береді. Сондықтан шикідей жеген қиын болса, қайнатып жұмсартып жеңіздер.⠀
Күріш шикі немесе жартылай шикі болғандықтан ол асқазанда қорытылмай бірден ішекке барады. Ішектегі барлық шлак токсиндерді жəне басқа артық заттарды бойына сіңіреді. Тек артық шлактарды ғана емес, сонымен қатар пайдалы кейбір минералдарды да бойына сіңіріп, ағзадан шайып әкетеді, сондықтан бұл әдіс жүкті, емізулі әйелдерге ұсынылмайды. Ал егер де балаңыз 8-9 айлық болып, өздігінен тамақтана алатын болса, бұл әдісті қолдануға мүмкіндігіңіз бар.
2-3 сағат өткен соң 1-2 стақан су ішеміз де 15 минуттан соң таңғы асымызды ішеміз. Ары қарай əдеттегідей тамақтанып жүре бересіздер. Кешкісін күріш жемейміз. Кəдімгі кешкі ас ішеміз.
Күрішпен тазалану ідісін қолданып жүргенде майлы, дүкендегі жартылайфабрикаттарды, нанды көп жемеген дұрыс. Бұл тəсілді кем дегенде 30 күн жасау керек", деп кеңес береді Гүлвира.

Кімдерге жасауға болады?⠀


  • 20-65 жас аралығындағы барлық адам баласына жасауға болады.

Нәтижесі:

  1. 3-4 кг салмақ тастайсыз!
  2. Бетіңіз тазарады!
  3. Теріңіз әдеміленеді!
  4. Буын аурулары азаяды!
  5. Асқазан-ішек жұмысы жақсарады (іш қатудан құтыласыз)!
  6. Денсаулық нығаяды!

Ескеріңіз! Жаз немесе күз мезгілі - ағзаны тазалауға нағыз қолайлы уақыт. Ал қазір қыста ішіңізді тазалаймын деп, иммунитетіңізді түсіріп алмаңыз, байқаңыз.


«Менің үйімде әлі күнге дейін таразы жоқ»


"Мен қалай тез әрі, оңай арықтай саламын? Өйткені менің үйімде әлі күнге дейін таразы жоқ, сенесіз бе? Алдағы уақытта да болмайды.
Таразымен ғана емес, түпкі санамен арықтаған дұрыс.
Кез-келген адам кез-келген ережеден, күндердің күнінде шаршайды, бір сарынды әрекеттер адамды қажытады. Сондықтан, диета ұстап, уақытылы сағатпен су ішіп, күнде таңертең аш қарынға таразыға тартылып, зиянды тағамға бажырайыпқарап, өзін қинағаннан керісінше адам екі есе салмақ қосып алуы мүмкін.
Мұның алдын алу үшін, ережелерді өз өмір салтыңызға айналдырыңыз, мысалы, тіс тазалау мен киім жуу сіздің өмір салтыңыз ғой? Тіс тазаламай жүре алмайсыз, кір киіммен де жүре алмайсыз. Сол секілді, дұрыс тамақтанусыз жүре алмайтындай болыңыз. Сонымен бірге күнделікті жаттығусыз өмір сүре алмайтындай дәрежеге жетіңіз.
Таразыға тұрып, өз салмағын көріп, қаншама қыз-келіншектер сағы сынды...
Түпсана мимен байланысты, ал ми - көздің көргенін қабылдайды. Ал көзіміз - қайдағы бір меxанизнің - таразының сандарын көреді...
Бұл - дұрыс емес!
Жоғарыда айтылған оңай ережені күнделікті өмірде қолдана отырып, нәтижені айнадан қараңыз. Нәтижені өзіңіз сезініңіз!
Айнаға қараған сайын, өзіңізді жақсы көріп, керемет сезініп, ары қарай да сізге дәл осы өмір салты ұнайтындай болады.
Бұрынғыша ауыр демалып, ауыр жүріп, ауыр қимылдаған сәттер сізге ұнамайтынын түсінесіз. Әрине мұндай өзгерістер бірден бола қоймайды, бірақ, 7-10 күнде бойыңыз үйренеді.

Сонымен, арықтағыңыз келсе, мына ережелерді есте сақтаңыз:
* Таразыға күнде өлшенуден бас тартыңыз!
Сол кезде күн сайын таңертең айнаға қарап, өзіңіздің қаншалықты сұлу бола алатыныңызға сене бастайсыз.
Миыңыз осы ақпаратты қабылдаған күннен бастап, сізде бәрі өзгереді».


"Жатқаннан гөрі отырған жақсы"


Жүргеннен гөрі жүгірген жақсы.

Тұрғаннан гөрі жүрген жақсы.

Отырғаннан гөрі тұрған жақсы.

Жатқаннан гөрі отырған жақсы.

Бұл - менің ұстанымым!

Арықтау кезінде өзімізді қинағымыз келмейтіні рас... Алайда, артық салмақтан арылған тамаша!"

Дереккөз: @gulviraibraeva парақшасынан


Тағы да оқыңыз:


Қыста көп тамақ жеудің 5 СЫРЫ

7 күнде ЖАСАРЫП әрі СМІЗДІКТЕН арылуға болады