ҚАЛЫҚТАП жүріп жасалатын жаттығу ОМЫРТҚА ЖАРЫҒЫН емдейді

0
5 908

Омыртқа мен буын ауруларын емдейтін жаттығулармен денсаулықтағы көптеген мәселені шешуге болады.


ҚАЛЫҚТАП жүріп жасалатын жаттығу ОМЫРТҚА ЖАРЫҒЫН емдейді

Йога - спорттық жаттығулардың ішіндегі ең пайдалысы. Себебі ол денсаулықты күшейтіп, денені шынықтырып қана қоймай, ойыңызды жинақтап, сезім мен эмоцияңызды түсінуге көмектеседі. Соңғы уақытта йоганың көпшілігімізге таныс классикалық түрімен қатар басқа да түрлері тарауда. Соның бірі – антигравити-йога.


Сырттай қарағанда бұл қозғалыстар ерекше көрінеді. Гамактағы (төртбұрыш пішінді мата, асып қоюға арналған) қиын гимнастикалық жаттығулар тамсандырып қана қоймайды. Оның нәтижесі де керемет.


Антигравити-йога дегеніміз не?



Фото: jvlife.ru

Соңғы уақытта сәнге айналған йоганың бұл түрі түрі кейде гамактағы йога, аэройога, fly yoga, антигравитациялық йога, баспен төмен қарайтын йога және әуе йогасы деп атала береді. Оны америкалық биші-хореограф, әуе гимнасты Кристофер Харрисон ойлап шығарған. Кристофер би элементтерін йоганың негізгі асандарымен біріктірген. Мысалы, антигравити-йогада әуе акробатикасы, көркем гимнастика, пилатес қимылдары кездеседі. Жаттығуды жасау арқылы адамдар өздерін құс секілді ұшып жүргендей сезінеді. Әуеге қалықтап ұшқандай әсерде болмаса да, бұл жаттығу бойға ерекше сезім сыйлайды. Кейбір жандарға бұл баланың ойыны, әткеншекке мінгендей көрінуі мүмкін. Алайда йогада мұның дене мен рухты сауықтыруда таптырмас қозғалыс екенін айта кету керек.

1991 жылы Кристофер Харрисон көрерменге шоу ойлап шығара отырып, өзінің труппасына көрсетілімнің екінші бөлігін ауадағы қимылдармен көрсетуді тапсырған. Ол үшін арнайы жібек гамактар жасалды. Бұл бишілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін керек болды. Осы арқылы олар көрерменді таң қалдыратын фантастикалық трюктер жасап шығарған еді. Артынша Кристофер Харрисон мен оның қарамағындағы әртістер мұндай қозғалыстың ұшақтан түскеннен кейін және ұзақ жаттығу жұмыстарынан соң демалдыратын әсері бар екендігін байқаған. Физикалық тұрғыда қатты шаршағаннан кейін олар гамакпен басын төмен қаратып жасайтын жаттығуларды жасағысы келіп тұратын болды. Сол арқылы күшті қуат көзін алатындарына өздері де таң қалған. Ал 2007 жылы бір спорт клубын басқаратын әйел Кристоферден осы қимыл-қозғалыс сериясын қарапайым адамдарға лайықтап шығаруын сұрайды. Осылайша фитнес әлемінде адамдардың жасына, салмағына қарамастан қолжетімді, тиімді үнді йогасының жаңа бағыты пайда болды.


Әуе йогасының пайдасы


Фото: ufamama.ru


Йоганың бұл түрі омыртқасында мәселесі бар жандарға ыңғайлы. Күнделікті өмірде біз омыртқаға, буындарға арналған созылу жаттығуларын орындай бермейміз. Осы себепті бұлшықеттер омыртқалардың арасындағы кеңістікті тиісті қорекпен қамтамасыз ете алмайды. Бұл омыртқаның ерте қартаюына, остеохондроз және омыртқааралық грыжа секілді аурулар тудыруы мүмкін. Гамактағы йога протрузия мен дискілердің грыжасы мәселелерін оңай шешеді. Көптеген адамдар бұл диагноздар гравитацияға қарсы ұзақ уақытқа созылған йога сабақтарынан кейін кетіп қалды деп санайды. Сонымен қатар, гамактағы йога бас аурымен, ұйқысыздықпен, созылмалы шаршаумен, қант диабетімен, ішектің, несеп-жыныс және тыныс алу жүйесінің бұзылуымен, аяқтағы ауырлық пен артық салмақтан зардап шегетіндерге пайдалы. Ауада жаттығу қан айналымды жақсартады, жүрек пен қан тамырларын күшейтеді, етеккір кезіндегі ауырсынуды басады, бұлшықеттерді қатайтып, майларды кетіреді және эндорфиндердің, бақыт гормондарының түзілуін қамтамасыз етеді.

Әрине, антигравитациялық йога физикалық белсенділіктің кез-келген түрі сияқты қарсы көрсеткіштерге ие: жүктілік, мидың зақымдануы, атеросклероз, тромбофлебит, гипертония, қалқанша безінің ұлғаюы, глаукома және көзішілік қысымның бұзылуы сынды ауруларда жасауға болмайды, бірақ артық салмақ кедергі емес. Шынында, гамак 150 кг-ға дейін көтере алады.


Есте сақтаңыз! Кез-келген жағдайда, әуе йогасын жасамас бұрын дәрігермен кеңесу керек.


Антигравитациялық йоганың ерекшеліктері

Жаттығу 40-тан 90 минутқа дейін тыныш медитациялық музыкамен өтеді. Ең бірінші қыздырудан басталады, содан кейін төбеге ілулі тұрған арнайы гамактарда жалғасып, демалумен аяқталады.

Ауада тұрып ауыр жаттығудан бастап стретчингке (созылу жаттығулары) дейін кез келген жаттығуды жасауға болады. Ол кезде омыртқа мен буындарға күш түспейді. Оның үстіне омыртқа мен буындар босаңсып, демалады. Денеде жеңілдік пайда болады.

Гамактағы жаттығуларды үйде жасайтын болсаңыз да, антигравитациялық жаттығуды тәжірибелі жаттықтырушының басшылығымен жүргізген жөн. Маман шамадан тыс жүктемені болдырмауға көмектеседі. Өйткені бұл йогада қарапайым жаттығулардан әуе гимнасттарына арналған күрделі қимылдарға дейінгі әртүрлі деңгейлер бар. Егер адамның физикалық дайындығы жеткіліксіз болса, өзін-өзі жаттықтыру жарақатқа әкелуі мүмкін, сондықтан кез-келген спорттағыдай білікті жаттықтырушы қажет.

Мұндай йога сабақтары ешқашан іш пыстырмайды. Өйткені онда шығармашылыққа қатысты элементтер бар, сонымен қатар сіз ұшу сезіміне әбден байланып қаласыз. Әуе йогасы әлемге деген көзқарасты өзгертеді, жанды үйлесімділікке толтырады, еркіндік, жеңілдік береді.


Дереккөз: jvlife.ru


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


АЯҚТЫ арықтатып әрі ІСІКТЕН арылтатын 3 ЖАТТЫҒУ

БҰҒАНА көрініп тұрсын десеңіз МЫНА қимылды қайталаңыз