Бұғана сүйегі әдемі болып көрінуі үшін жаттығуды күнделікті жасау қажет.
Бұғана сүйектерін кейде сұлулық сүйектері деп те атап жатады. Себебі көзге анық көрініп тұратын бұғана дененің сұлбасын сұлу ете түседі. Кейбір әйелдер табиғатынан әдемі бұғананың иесі атанса, ал біреулерге бұл сый бұйырмаған. Егер сіз де бұғанасы "көрінбейтіндердің" қатарында болсаңыз алаңдамаңыз, оны көрсетудің тәсілі бар.
Бұғана сүйегі әдемі болып көрінуі үшін жаттығу жасаңыз!
Фото: super.ua
Жаттығу сіздің сүйектеріңізді неғұрлым тартымды және әдемі етіп көрсетуге көмектеседі. Егер сіз спортпен белсенді айналысатын болсаңыз спорттық «мәзіріңізге» бірнеше жаңа жаттығулар қосыңыз. Егер жоқ болса, бірінші мынадан бастаңыз:
Ең алдымен жеңіл, сергітетін жаттығуларды орындаңыз!
- таңғы және кешкі жүгіру;
- жүгіру;
- жылдам жүру;
- жүзу;
- жіппен (скакалка) секіру;
- кардио-жаттығулар.
Сүйектің көзге әдемі көрінуі үшін сіз бүкіл денеңізді жаттықтыруыңыз керек. Сондай-ақ жаттығуларды күнделікті жасап отырған жөн. Бұл артық майды кетіреді және бүкіл денені ширатады. Артық салмағы бар адамның мойын сүйектері тартымды көрінбеуі мүмкін. Жаттығудан басқа, сізге диета мен тамақ ішу режимін де бақылауда ұстау қажет.
Мойын мен кеудеге баса назар аударатын жаттығулар
Бұғана айқын көрінуі үшін кеуде және мойын бұлшықеттерін шығайтатын жаттығуларды жасау қажет. Бірақ бастапқы уақытта жарақат алмау үшін жеңіл жаттығулардан бастаңыз.
Жаңадан бастаушылар үшін мына жаттығулар қолайлы:
Кеудені көтеру. Еденге аяқты айқастыра отырыңыз, бұғанаңыз көрінгенге шейін иығыңызды көтеріңіз. Осы қалыпта 5 секунд тұрып, содан кейін демалыңыз. 8-10 рет қайталаңыз.
Иықты айналдыру. Иығыңызды артқа қарай айналдырыңыз. Қолды денеге жақын ұстау керек. 10-15 айналым жасаңыз. Содан кейін дәл сол қимылды қайталаңыз, тек иығыңызды алға айналдырыңыз.
Шынтақты айналдыру. Қолыңызды иыққа қойыңыз. Шынтақтарыңызбен үлкен шеңбер жасап айналдырыңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз. Шынтағыңызды 10-15 рет айналдырыңыз.
Денеге күші түсіретін жаттығулар
Тек бұғана ғана емес, дененің кез-келген бөлігін жаттықтырғыңыз келсе, біртіндеп денеге күш түсіретін жаттығуларды орындаңыз.
Төменнен кеудені көтеру (Отжимание)
Ақырындап кеудені төмен түсіріңіз, бірақ еденге тигізбеуге тырысыңыз. Кейін бастапқы қалыпқа баяу көтеріліңіз. Жаттығуды 15-20 рет қайталаңыз. Егер сізге отжимание қиын болса, онда жеңіл нұсқасын қолданып көріңіз. Қолыңыз бен тізелеріңізді еденге қойыңыз да, аяғыңызды көтеріп, айқастырыңыз.
Бұралу. Шалқаңыздан жатып, қолыңызды артқа қойыңыз. Тізеңізді бүгіп, тізеңізге қарай басыңызды созыңыз. Осы қалыпты 1 секунд ұстаңыз, содан кейін баяу демалыңыз. 10 рет қайталаңыз. Бұл жаттығуды бір қырындап жасауға да болады.
Гантельмен орындалатын жаттығу. Аяқты иық деңгейіне қойып, тік тұрыңыз. Гантельдерді қолыңызға алыңыз. Денеңізді «Т» әрпіне ұқсайтындай етіп, қолдарыңызды ақырындап иық деңгейіне шейін көтеріңіз. Содан кейін, жайлап қолыңызды төмен түсіріңіз. Қимылды 12-15 қайталап жасаңыз.
Йога және массаж
Йога және массаж көмегімен де бұғана сүйектерін жақсы көрінетіндей етуге болады. Йога денеге күш түсіретін жаттығулардан кейін бұлшықеттерді босаңсыту үшін де қолайлы.
Бұғанаға арналған йога жаттығулары
Терең тыныс алу. Кеуде көтеріліп, бұғана сүйектерінің көрініп тұратындай терең дем алыңыз. Бұл қалыпты 5 секунд ұстап, содан кейін баяу демді шығарыңыз. Кейін иығыңызды төмен түсіріңіз. Жаттығу 5 рет қайталанады.
Алға иілу. Қолдарыңызды көтеріп, саусақтарыңызды айқастырыңыз, сонда алақандарыңыз төбеге қарайды. Қолды жоғары созып, сәл алға қарай еңкейіңіз. 10 секунд иіліп, әрі қарай демалыңыз.
Шынтақт бүгу. Оң қолыңызды жоғары көтеріп, шынтақты бүгіңіз. Шынтақ төбеге «қарап» тұрсын, ал алақаныңызды арқаңызға қойыңыз. Екінші қолыңыздың алақанымен бүгілген шынтағыңызды ұстап, оны аздап басыңыз. Осылай бірнеше секунд ұстап, содан кейін босаңсытып, қолыңызды төмен түсіріңіз. Қолды ауыстыру арқылы жаттығуды қайталаңыз.
Денені босаңсытатын массаж
Әр жаттығудан кейін мойын бұлшықеттерін босаңсыту өте маңызды. Массаж тек босаңсытып қана қоймайды, сонымен қатар сіздің бұғана сүйектерін көрінуін жақсартады.
Бұғана сүйектеріңізге крем жағыңыз. Сұқ саусақты бұғана сүйектерінің үстіне, ал ортаңғы саусақтарды төменгі жағына қойыңыз. Крем жаға отырып сүйегіңізді баяу уқалаңыз. Саусақтар сүйек бойымен жоғары және төмен қозғалуы керек. Бұл массажды арнайы массажермен де жасауға болады.
Дереккөз: super.ua
Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,
Тағы да оқыңыз: