АЯҚТЫ арықтатып әрі ІСІКТЕН арылтатын 3 ЖАТТЫҒУ

0
7 480

Жаттығуды орындай үшін тек қабырға қажет.


АЯҚТЫ арықтатып әрі ІСІКТЕН арылтатын 3 ЖАТТЫҒУ

Фото: blogspot.com

Аяқты жіңішке ету үшін бұлшықеттерді шынықтыру емес, созу қажет. Егер күніне 2 минуттан аспайтын, аяққа белсенді әсер ететін созылу жаттығуларын жасасаңыз, көп өтпей-ақ нәтижесі байқалады.

Егер жамбас буындары қысылып тұрса, олардың айналасындағы бұлшықеттердегі қан біркелкі айналмайды. Осылай аяқта уыт жиналып, аяқ ісінеді, целлюлит пайда болады. Ал ісіктен құтылу үшін жамбас пен балтырдың гравитацияға қарсы бұлшықеттерін жаттықтыру керек.

Гравитацияға қарсы бұлшықеттер – ауырлық күшіне қарсы тұратын бұлшықеттер. Бұл бұлшықеттер дененің тік қалпын сақтайды. Егер бұлшықеттер әлсіз болса омыртқа бүгіліп, жамбас шығыңқы болып, іш салбырай бастайды.


Гравитацияға қарсы бұлшықеттерді созуға арналған 3 жаттығу


"Қабырғаны аяқпен итеру"

Бұл - аяқты табаннан бастап күшейтетін және жамбас буынын одан босаңсытатын созылу жаттығуы.

Қабырғаға қарап отырыңыз. Қолыңызды бөксеңізде ұстаңыз және тізеңізді ақырын бүгіңіз. Кейін қолыңызды жерге тіреңіз, саусақтарыңыздың ұштары артқа қарай бағытталған болуы керек.




Сол аяғыңызды қабырғаға созып, табанды қабырғаға тіреп қойыңыз.



Сол аяқты басыңыздың деңгейіне дейін көтеріп, өкшені қабырғаға тіреп тұрған қалыпта аяғыңыздың ұшын өзіңізге қарай бүгіңіз. Қимылды қалауыңызша қайталауға болады.




Содан соң сол аяғыңызды қайтадан қабырғаға тіреп, бұл жолы керісінше, саусақтарыңызбен қабырғаны итеріп, өкшеңізді көтеріңіз. Саусақтың ұшымен сағат тілімен және сағат тіліне қарсы шеңбер (жартылай) сызып, аяғыңызды жоғары-төмен қозғалтыңыз. Дәл осы қимылды оң аяқпен де қайталаңыз.






"Тобықты айналдыру"

Оң аяғыңыздың өкшесін сол тізеңіздің ішкі жағына қойыңыз.

Сол қолыңызды арқаңыздың астында, ал оң қолыңызды іш аймағында ұстаңыз. Тобықты сыртқа қарай 3 рет айналдырыңыз.

Екінші аяғыңызбен де солай жасаңыз.





"Жамбас буынын босаңсыту"

Бүйіріңізге жатып, оң қолыңызды (төмендегі) басыңыздың үстінен созыңыз. Сол қол (жоғарғы) кеуде алдына қойыңыз. Ол дененіңіздің тепе-теңдікте ұстайды. Қол-аяғыңызды созып, бір сызық бойымен жатыңыз. Сол тізеңізді бүгіп, оң тізеңізге қойыңыз.



Сол аяғыңызды оң аяғыңыздың ішкі жағынан бөксеңізге қарай жылжытыңыз. Сол аяғыңыздың саусақтарын оң аяғыңыздың өкшесіне дейін жеткізіңіз.




Қозғалысты 3 рет қайталаңыз, содан кейін екінші аяқпен бәрін қайталап шығыңыз.

Бұл созылу жаттығулары аяқтың терісіне де әсер етеді, серпімділікті, қан айналымын жақсартады.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ мазаласа ТІЗЕҢІЗДІ бүгіңіз

Қиын ЖАТТЫҒУ мен ДИЕТАСЫЗ-ақ оңай АРЫҚТАУҒА болады