​Планкаға күн сайын тұрғанның пайдасы қандай?

0
12 663

Планка - денедегі салбыраған теріні жиырып, майларды жоғалтуға көмектесетін ең керемет жаттығулардың бірі.


​Планкаға күн сайын тұрғанның пайдасы қандай?

фото: budetezdorovy.ru

Күніне 5 минут планкаға тұру денені айтарлықтай өзгертіп, сіз ойламаған нәтижелерге жеткізеді. Осындай күз-қыс айларында сымбатты қалыпқа келтіруге өте ыңғайлы кезең. Сол себепті де күнделікті жаттығумен шыңдалып, дене-бітіміңізді қалыпқа келтіргіңіз келсе, планка жасаңыз. Ал, одан кейінгі фигураңыздың «жағдайы» қалай өзгеретінін төменнен оқып біле аласыз.


Бөксе бұлшықеттері

Планка кезіндегі қысымның әсерінен бөксе бұлшықеттері жиырылып, арқа омыртқасы түзуленеді. Сырт мүсініңіз тартымдылыққа ие бола бастайды. Сонымен қатар, күнделікті планкамен айналысып отырсаңыз, бөксе бұлшықеттерімен қоса, басқа да бұлшықеттер нығая түседі екен. Бар болғаны бір жаттығу арқылы, ешбір қимыл әрекет жасамай-ақ, осындай нәтижеге қол жеткізуге болады.


Тепе-теңдікті сақтау

фото: risovach.ru

Сіз тепе-теңдікті қаншалықты сақтай аласыз? Мысалы, бір аяқпен ғана қанша уақыт тұруға болады? Міне, планка жаттығуымен тепе-теңдікті сақтауды үйрене аламыз. Бұлшықеттерді қалыпқа келтірген соң дене барлық фитнес жаттығуларына бейім болады.


Көбірек калория жоғалтасыз

Планкаға тұру арқылы көбірек калория жоғалтуға болады. Қарапайым жаттығуларға қарағанда планка мұндайда жылдамырақ әсер етеді екен. Күніне 10 минут уақытыңызды планка жаттығуларына бөлетін болсаңыз, ағзаңыз түнгі уақытта да жұмыс істеп, калория шығаруға дағдыланады. Ал, дене көлемін кішірейтіп, салмағын да азайта бастайды.


Әдемі мойын иесі атанасыз

фото: perfectimage.co

Ішкі бұлшықеттердің нығаюы мойынның жағдайына әсер етпей қоймайды. Сондай-ақ, иық пен арқа, бел бұлшықеттерін нығайтып, қалыпқа келтіренді. Планка жасауды бастап, нәтижесін білу де қиын емес. Әдемі мүсінді айналаңыздағы адамдардың жағымды сөздерінен-ақ байқайсыз.


Арқа бұлшықеттеріндегі ауыру басылады

Күнделікті бір орында отырып жұмыс істегеннен, ауыр салмақтың әсерінен арқа бұлшықеттерінің зардап шегетінін даусыз. Осының әсерінен адамның бойында енжарлық, бойкүйездік пайда болып, арқа бұлшықеттері ауырсына бастайды. Апл, күн сайын жасалатын планка арқа бұлшықеттеріне ғана емес, дененің төменгі жағында орналасқан бұлшықеттерге де айтарлықтай әсер етеді екен. Осыдан соң бұлшықеттер жаймен қалыпқа келіп, арқадағы ауырудан арыласыз.


Дене иілгіш болады

фото: interesnoznat.com

Адам нанғысыз болса да, шындық екені сөзсіз. Өйткені планка жасау арқылы біз бұлшықеттерді нығайтып, иілгіш етеміз. Иықтан бастап, аяқ саусақтарының ұшына дейін әсер ететін аталмыш жаттығуды жасауға жалқаулық танытпаған дұрыс.


Көңіл-күй көтеріледі

Әр күн сайын жасалатын 5 минуттық планка бұлшықеттерге ғана әсер етіп қоймай, көңіл-күйіңізді көтеретін қасиетке де ие. Бір орында отырып жұмыс істегеннен кейін дене бір орында тұрып қалады, ал, физикалық ауырлық жүйке жүйені шаршатады. Алайда планкаға тұру арқылы бір аптадан соң сіз бойдағы күйгелектіктен арылып, мүлде басқа адамға айналасыз.

Планка жасамас бұрын өзіңізге ұнайтын әуенді қоюды ұмытпаңыз. Сонымен қатар, уақытты біліп отыру үшін таймерге қойған да дұрыс. Осылайша планка сіздің өміріңізді күрт өзгертеді. Бұған сенімді болыңыз!

Дайындаған: Қ.Әти,

ERNUR.KZ

Дереккөз: elle.ru

Тағы да оқыңыз: Сексуалдық белсенділігіңіз төмендеп кетсе, арнайы диета ұстаңыз

Шетелдіктер фитнестің қай түрімен айналысады?