Фитнестің түрлері өте көп. Бірақ қазіргі уақытта шетелдерде осылар сұранысқа ие екен.
фото: trenagervsem.ru
Жаңа жыл да жақындап қалды. Әрине, мұндай уақытта қыз-келіншектер өз сымбаты мен сұлулығына мән беріп, одан сайын әдемілене түсуді ойлайды. Ал сұлулыққа, дене-бітімнің мінсіз болуына фитнес жаттығулары арқылы қол жеткізетініміз жасырын емес. Сол себепті де біз фитнеске баруды жоспарлап жүрген болсаңыз, ең алдымен оның қай түрімен айналысу керектігін біліп алған артықтық етпейді. Қазіргі кезде шетелдерде мынадай фитнес түрлері трендке айналған. Жаныңызға жақынын таңдап алыңыз!
Би кардио (танцевальное кардио)
фото: i.ytimg.com
Фитнестің бұл түрінде сіз жаттығумен шұғылданып жатырмын деген ойдан аулақ боласыз. Себебі би билеп көңілді көтересіз. Билеу арқылы денені иілгіш етуге, созылған теріні қалыпқа келтіруге болады. Жалпы би, барлық дене мүшеге пайдалы. Әсіресе африкалық және латын билері трендке айналуда. Өйткені мұндай билермен барлық бұлшықеттерді қозғалтып, әсер ете аласыз.
Пилоксинг
Өткен жылдары пилатес пен боксқа қызығушылар саны артқан болса, бүгінде бұл спорттардың жаңаша түрі - пилоксинг дүниеге келген. Пилоксинг жаттығуларымен бұлшықеттерді дамытып, дене-бітімді қалыпқа келтіре аласыз. Барлық жаттығулар жай ырғақты әуендермен жасалады.
AquaFlat
Фитнестің бұл түрімен көпшілік 2017 жылдан бері таныс.
AquaFlat жаттығуларымен айналысу үшін арнайы матадан тігілген үрмелі құрал беріледі. Бұл құралмен су үстінде тік тұрып, жаттығу жасайды. AquaFlat жаттығуларының құрамында планка, отжимание, айналдыру жаттығулары кездеседі. Судың үстінде жасалатындықтан жаттығулар барлық бұлшықеттерге әсер етеді. Сонымен қатар, тепе-теңдікті сақтауға үйренесіз.
Аталмыш фитнесті спорт саласында 15 жылдық тәжірибесі бар ресейлік Алекс Черненко ойлап тапқан.
FluiBall
фото: pressrelease.com
Бұл да тағы бір жаңа дүние. Фитнестегі жаңа инновациялық құрал арқылы жасалады. FluiBall – сұйықтық толтырылған гимнастикалық доп. Осы доптың көмегімен жарақат алғандар көп жаттығулар жасай алады. Осылайша денсаулықты қалыпқа келтіріп, жарақат алудың алдын алуға болады дейді мамандар.
Еңбектеу
Қазіргі уақытта еңбектеу де ең танымал жаттығуға айналып отыр. Еңбектеу кезінде өз денеңді көтеріп жүруге, әдеттен тыс қимыл әрекет жасауға тура келеді. Әрине, сәбилер секілді еңбектеу ересек адамға қиындық тудырары сөзсіз. Дегенмен, нәтижесі ойдайғыдай болатынына сеніңіз.
Еңбектеу жаттығулары тек ағылшындарға ғана қол жетімді болып тұрғанымен, жақын арада әлемдік деңгейге шығады.
Арқанмен жаттығу жасау
Алдағы уақытта арқанмен жаттығу жасау көп қолданысқа енгелі тұр. Сырттай қарағандай өте оңай болып көрінуі мүмкін. Алайда арқанмен жасалатын жаттығуларды орындаған уақытта оның пайдасын, дененің қай бөлігіне әсер ететінін аңғаруға болады. Арқан жаттығуларымен калорияны жоғалтуға, бұлшықеттерді жиыруға болады.
Animal Flow
Американдық инструктор Майк Фитчемнің ойынан шыққан бұл фитнес жануарлар қимылынан тұрады екен. Өте қызықты болып көрінгенімен Animal Flow жаттығуларының нәтижелері таңқаларлықтай.
Фитнестің осындай жаңаша түрлерімен таныс болдық. Ал, сіз қайсысын таңдаймын десеңіз де өз еркіңізде. Ең бастысы өз жаныңызға жақын фитнеспен айналыссаңыз болғаны.
Дайындаған: Қ.Әти,
Тағы да оқыңыз: Әлемге әйгілі актриса сымбатын сақтау үшін не істейді?
Сексуалдық белсенділігіңіз төмендеп кетсе, арнайы диета ұстаңыз