​Жүгірудің сіз білмеген 7 КЕРЕМЕТІ

0
4 757

Жүгірсеңіз денеңіздегі әрбір мүше сізге алғысын жаудырады.


​Жүгірудің сіз білмеген 7 КЕРЕМЕТІ

Көктем келіп, күн жылына бастағаннан жол жиегінде жүгіріп жүрген жанадарды көзіңіз шалған болар. Оларды көріп, сонша ақ тер, көк тер болып жүгірудің не үшін қажеті бар деп ойладыңыз ба? Олай болса, сіз әлі жүгірудің адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін білмей жүрсіз. Біз сізге оның "Жеті кереметін" ұсынамыз.


Жүгіру - қолжетімді

Жүгіу - қосымша құралдар мен артық шығынды қажет етпейтін жаттығудың ең қарапайым да жеңіл түрі. Сіз кез келген уақытта және кез келген жаста жүгіруді бастай аласыз. Ауа райы да, тау-тас та кедергі келтіре алмайды. Бастысы киімді дұрыс таңдау және табаны жайлы крассовка кию керек.

Жүре алатын болсаңыз, демек жүгіре де аласыз. Дегенмен жаттығудың өз тәртібі болғанды дұрыс.


Жүгіру - денсаулықтың кепілі

Грек ойшылдарының бірі «Егер ДЕНІҢ САУ, АҚЫЛДЫ, ӘДЕМІ болғың келсе – жүгір» деген. Күніне бір мезгіл жүгіру арқылы Алла сыйға берген денсаулықты күшті етуге болады. Жүгіру иммунитетті көтеріп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартуға септігін тигізеді. Аяқ жерге тигенде қарсы соққы пайда болады да, ол қан тамырлары арқылы қанның жоғары қарай ауысуына себепші болады.

Күнделікті жүгіруді әдетке айналдырсаңыз денеңіздегі әрбір мүше сізге алғысын жаудырады. Әсіресе, қан қысымы реттеліп, бауыр мен ішектердің жұмыс істеу қабілеттерін арттып, қанның жүру көлемі ұлғаяды. Асқазан астындағы бездің жұмысын жақсартып, ас қорыту жолдарының жұмысын белсенді етеді. Сонымен қатар, күйзеліс кезінде пайда болған қан қысымының көтерілуін азайтады.

Жасы ұлғайған жандар және үнемі бір орында отырып, жұмыс істейтіндер жүгірумен белсенді түрде шұғылданғаны дұрыс. Осылай сүйектердің қатаюын, төзімділігін арттыруға, семіру қаупін азайтуға болады. Қозғалыс миға оттегінің тасымалдануын жақсартып, зейінді қуаттандырады, тыныс алу жүйесін жақсартады. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан арылтып, қартаю процесін тежейді. Демек, ұзақ өмір сүру үшін де жүгіру керек.


Жүгіру - ләззат алу

"Жүгіру-бұл кейбіреулер айтқандай ауыр жұмыс емес, ол орасан зор қуаныш, шексіз рахаттану" - деп айтқан балалар дәрігері Бенджамин Спок. Бірақ, жүгірген жан үнемі рахаттанып жүреді деуге де болмайды. Себебі бастапқы кезде жаныңыз қиналып, ағзаңыз бұл ауырлықты қабылдай алмай қасарысуы мүмкін. Алайда өз денсаулығына бей-жай қарамайтын адам бұл кедергілерге "сынбайды". Ал жүгіруден ләззат алу үшін жүрек соғысымен үндесетін әсем әуен тыңдаған жөн. Сонда бойыңызда эндорфин гормоны бөлініп, бойыңызды керемет күй билейді. Бұл бірнеше секундқа қана созылса да, дәл сол ләззатты сезіну үшін тағы да жүгіруге асығатыныңыз анық.


Жүгіру - медитация

Қарбалас тірліктен шаршағандардың да таңдауы жиі осы спорт түріне түседі. Қым-қуат тіршілікпен жүргенде өз-өзіңе уақыт бөле алмайсың. Ал жүгіру кезінде белгілі бір мәселеге сырт көзбен қарап, одан шығудың оңай жолын табуға мүмкіндік болады. Әсіресе, таңғы уақыттағы жүгіру - жан тыныштығын сыйлайды. Адам миы таңертең ерекше күйг еніп, трансқа түседі дейді мамандар. Дәл осы кезде жүгіріп, өмір жайлы ойлануға, болашақты жоспарлауға болады.


Жүгіру - ерлердің КҮШІ

Зерттеулер көрсеткендей, жиі жүгірумен айналысатын ерлердің 70 пайызында жыныстық жүйесінің жұмысы жақсарған. Басқаша айтқанда, жүгіру ерлердің әлеуетін арттырады.


Жүгіру - ерік күші

Иә, жүгірудің денсаулықтың тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Оның адамның рухын да тастай берік ететін қасиеті бар. Ерік күшін нығайтып, шыдамды етеді. Сіз өзіңізді таңертең ерте тұруға үйрету арқылы ерік күшіңізді шыңдайсыз. Басқалар жасай алмаған істі сіз орындап, өз дегеніңізге жеттіңіз. Демек сіз бұдан кейін де қалауыңызды орындай алатын, барлық жерде қажетті ерік күшті бойға сіңіресіз.


Жүгіру- сұлулық

Жүгіру қосымша калориядан құтылуға көмектеседі. Жүгірудің салмақтан арылудың тиімді әдістерінің бірі және семіздікпен күресуде көптеген бағдарламаларға кіретіні бекер емес.

Жүгіру сіздің бетіңізге ешбір косметикалық салондар жасай алмайтын тазалау процедурасын жасайды. Жүгірген уақытта денеден бөлінген термен терідегі ұсақ тесіктер тазаланады. Жүгірумен айналысу ағзаны зиянды токсиндерден және қауіпті қалдықтардан тазартуға көмектеседі. Сіздің теріңіз жасара түседі.


Есте сақтайтын ережелер

  • Жүгіргенде нейлон іспетті киімдер кимеу керек.
  • Жүгіруді бастамас бұрын қант диабеті, жоғары қан қысымы және өзге де аурулары бар адамдар дәрігердің бақылауынан өтуі тиіс.
  • Тамақ ішіп болған соң өте қарқынды жылдамдықпен жүгіруге болмайды.
  • Жүгіргеннен кейін салқын су ішпеу керек.
  • Жұқа табанды, мокасини аяқкиімдермен жүгіруге болмайды.
  • Күннің аптап ыстығында ұзақ уақыт жүгіру қауіпті.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ЖАТТЫҒУ жасауды ұнатпайсыз ба, онда БИ билеңіз


Арықтаудың сіз БІЛМЕЙТІН 15 пайдасы